Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіби қазақ тілі

Автор:   •  Март 2, 2018  •  Практическая работа  •  45,635 Слов (183 Страниц)  •  1,742 Просмотры

Страница 1 из 183

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

        

        Б.А.ОМАРОВА

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ТАРИХ

МАМАНДЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚУ ҚҰРАЛЫ

АЛМАТЫ, 2011

АЛҒЫ СӨЗ

      Бұл әдістемелік құрал тарих, археология, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау салалары бойынша кәсіби тілді үйренем деуші көпшілік қауымға арналған.

      Ең алдымен, кәсіби қазақ тілінің негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді кәсіби салада үйренуге және оны дамытуға мүдделі азаматтардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру. Ал оның мазмұны өзектілігі мен жүйелілігі жағынан да, тақырыптық және әдістемелік сипаты тұрғысынан да әлдеқайда терең әрі жан-жақты болуы керек.

      Кәсіби қазақ тілінің педагогикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін кәсіби бағдарды  негізге алған арнайы оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдар дайындау аса қажет. Назарларыңызға ұсынылып отырған әдістемелік құрал да осы мақсатта арнайы жазылды.  

    Әдістемелік құралдың басты мақсаты – тіл үйренушілердің тілдік құзіреттілігін кәсіби бағытта қалыптастыру, мамандығы аясында мемлекеттік тілде өз ойын еркін айтуға, өзіндік көзқарас танытуға, пікір таластыруға дағдыландыру, грамматикалық дағдысын қалыптастыру. Жалпы әдістемелік құралдағы грамматикалық жаттығулар функционалдық аспект негізінде жазылды.  З.Күзекованың «Қазақ тілі практикумын» басшылыққа ала отырып, әдістемелік құралдың құрылымын осы бағытта жүйелеп беруге тырыстық.  

      Әдістемелік құрал интербелсенді оқыту әдістемесіне негізделген. Оны дайындау барысында «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту», «Street Law» халықаралық жобалары, «Step by step» халықаралық бағдарламасы, проблемалық оқыту теориясы, «Педагогикалық шеберханалар», эвристикалық оқыту технологияларының негізгі қағидалары басшылыққа алынды. Елбасының да интербелсенді әдістеменің тұлғаны дамыту мен маман қалыптастырудағы ерекше маңызын баса көрсеткендігі бәрімізге белгілі. Оның «Үкіметке ЖОО-лардың инновациялық қызметке көшу тетігін қалыптастыруды тапсырамын» деген сөздері  де осы мәселенің өзектілігі мен мақсатын барынша айқындап тұрғандығы күмән тудырмаса керек.

      Сондай-ақ әдістемелік құралдың мотивациялық  мүмкіндіктеріне де ерекше көңіл бөлінді. Тіл үйренушінің қызығушылығын ояту мақсатында әдістемелік құралдың әр сабағында жұмыс істеудің оңтайлы әрекеттері таңдалып алынды. Тіл үйренуші кәсіби қазақ тілін өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді меңгере алады. Сондықтан да бұл құралда тіл үйренушілерді белсенді әрекеттерге баулитын  рөлдік, іскерлік және блиц оқу ойындары, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, презентациялар, интервью, сауалнама, пресс-конференциялар сияқты стратегиялар кеңінен қолданылды.

       Әдістемелік құралдың тағы бір ерекшелігі белгілі бір сала бойынша білім игертіп қана қоймай,  өмірлік проблемаларды шешуге қажетті білік-дағдыларды меңгертуге бағытталуында. Ондағы әр сабақ тіл үйренушінің  мамандығы саласында барынша табысты болуын қамтамасыз етуді көздейді. Осы мақсатта әдістемелік құралдағы жаттығулар жүйесі жұптық, топтық жұмыстар, жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары, ақпарат көздерімен жұмыс жасау (кітап, Интернет, құжаттар, мұражай, т.б.), шығармашылық жұмыстар сияқты жұмыс түрлеріне негізделіп құрылды.  

        Әдістемелік құралдың негізгі ұстанымдарының бірі – тіл үйренушіні өзінділік пен дербестікке баулу. Бұл қағида дәстүрлі репродуктивтік білім емес, құрастырылған (конструктивтік) білімге негізделген.  Яғни, тіл үйренушінің дайын ақпаратты есте сақтап, қабылдауы, оған дайын жауап беруі еш қуатталмайды. Керісінше, мұндағы аутентикалық мәтіндер, коммуникативтік және прагматикалық мақсаттағы тапсырмалар берілген ақпаратты белсенді әрекеттер арқылы жан-жақты қарастырып, зерттеуді талап етеді. Бүгінгі таңдағы қазақ тілі оқулықтары тіл үйренушіні кез келген мәселеге байланысты өзіндік ой-пікір құрастыруға, сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға ынталандыра білуі тиіс.

...

Скачать:   txt (607.4 Kb)   pdf (1.9 Mb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 182 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club