Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білім сапасын арттыру бойынша өткізілетін іс-шаралар

Автор:   •  Март 11, 2023  •  Реферат  •  567 Слов (3 Страниц)  •  222 Просмотры

Страница 1 из 3

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білім сапасын арттыру бойынша өткізілетін іс-шаралар.

Жаңартылған бағдарлама бойынша өзім қолданып жүрген бірнеше әдістер оқушыларды проблемаларды шешуге және шешімдер қабылдай білуге, оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы. Мәселен, комуникативті әдіс- тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдар болып табылады. Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. АКТ оқушы білімінің , оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі. Күнделікті білім бері үрдісі оқу мақсаттарына жетуге және алынған білімдері мен дағдыларын кез келген оқу, өмір жағдайында пайдалануға дайындығын қалыптастырады. Оқыту әдіс-тәсілдеріоқушылардың бойына адами құндылықтарды қалыптастыруды көздейді. Олар қазақстандық отансүйгіштікке, азаматтық жауапкершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ынтымақтастық, ашықтық, өмірге бейімділікке тәрбиеленеді. Ең бастысы, оқушылар интербелсенді оқыту әрекеті арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізе алады. «Интервью» әдісі арқылы оқушылар арасынан бір оқушы журналист болып, кез келген тақырып бойынша бір-біріне түрлі сұрақтар қойып, сұхбаттасады. Белсенділік танытқан оқушыларды қалыптастырушы бағалау сөздермен қанаттандырып отыру, олардың қызығушылығын, сабақта белсенділігін арттырады.

«Ойлан! Жұптас! Бірік!», әдісі оқушылар интернет желісінен алынған бейне көріністерді көріп, тыңдайды, көрініс орта тұсынан тоқтатылып, оқушыларға оқиғаны қалай жалғастырар едіңіздер?- деген сауал қойылады. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар жұпқа бөлінеді. Бұл «Стоп кадр!» әдісінің қолданылуы. Дәл осы көрініске байланысты тағы да басқа әдіс-тәсілді қолдануға болады. Ол үшін оқушылар бейнекөріністі соңына дейін тыңдап, «Креотивті матрица» әдісін орындайды. Мұнда оушылар тор көздердегі берілген сөздерден тыңдаған бейнекөрініске байланысты сөйлемдер құрастырады, артық сөзді анықтайды. Оқушыларға осы бейнекөріністі көріп, тыңдағаннан кейін түрлі тапсырма беруге мүмкіндік бар, оның тағы бірі «Сұрақ- сандық» әдісі. Оқушылар бейне көріністі аяғына дейін көріп болып, екі топ бір-біріне көрініс мазмұны бойынша жазған сұрақ-сандықтарымен алмасып жауап беру арқылы орындалған тапсырма да олардың ой-өрістерін, қазақ тілінде сөйлеу тілдерін жетілдіреді.

Сабақтағы кері байланысты «Бес саусақ» әдісі арқылы жүргізуге болады. Оқушылар бүгінгі сабақта нені білгені, қандай жетістіктерге қол жеткізгені, қай тапсырмадан қиналғаны, сабақтағы көңіл-күйінің қандай болғаны, сабақтың ұнаған-ұнамағаны туралы айтады. Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдер сан алуан. Олардың барлығы да оқушыларға пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірлерін дәлелдей білуге,шешімдер қабылдап,қиын мәселелерді шеше білуге,терең ойлана білуге, өз идеяларымен әрекеттерін талдап, оларға баға беруге үйретеді. 

...

Скачать:   txt (8.3 Kb)   pdf (67.5 Kb)   docx (289.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club