Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тіл біліміне кіріспе

Автор:   •  Март 19, 2021  •  Лекция  •  70,746 Слов (283 Страниц)  •  1,205 Просмотры

Страница 1 из 283

№1. Лекция .

1.Лекцияның тақырыбы: Тіл біліміне кіріспе     

2. Лекцияның  жоспары:

                                    1.1 Тіл біліміне кіріспе     

                                    1.2 Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.        

                                      1.3Тіл білімі және оның салалары.

                                    1.4 Тілдің қоғамдық қызметі  мен мәні

                                    1.5 Тіл және ойлау, сөйлеу

                                     1.6 Тілдің таңбалық сипаты.

3. Лекцияның  мақсаты: «Тіл біліміне кіріспе» тақырыбын меңгерту.

3. Лекцияның  мазмұны:

                                   1.1 Тіл білімі және оның зерттеу нысаны.

         Пәннің мақсаты мен міндеті - студенттерді тіл білімінің негізгі ұғымдарымен, терминдерімен таныстыру,оның басты теориялық қағидаларын баяндап беру.Тіл білімі (лингвистиқа) - тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл - қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау-сөйлесу құралы .Әрбір тілдің дыбыс жүйесі,сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады.

          Тіл білімі-дербес ғылымның бірі,оны әдетте,тіл ғылымы деп те лингвистиканы синонимдер дейміз. Тіл білімінің немесе лингвистиканың зерттейтін обьектісі-тіл адамзаттық сөйлеу тілі,дыбыстық тіл. Тіл-адамдар арасындағы пікір алысу,өзара түсінісу құралы.Кез келген тіл адамдар үшін,яғни қоғам үшін қызмет етеді. Ешбір қоғам тілсіз өмір сүре алмайды.Қоғамсыз ешбір тіл болмайды,тілсіз ешбір қоғам болмайды.Дүние жүзінде халық та,соған орай, тіл де көп,Ғалымдар соңғы кездерге дейін дүние жүзінде екі мыңнан  астам немесе үш мыңдай тіл бар деп келді. 1980 жылы Герман Федерациялық Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда,дүние жүзінде 5661 тіл бар. Тіл санының мұншалықты көбейіп кетуі Азия,Африка,Латын Америкасы,Океаниялық көптеген алыс түкпірлерінде адам саны жағынан аз болса да, тілдерінің бар екендігі анықталды.Бірақ олардың ішінде 1400-ден астамы мүлде дами алмай қалған,не бұл күнде көне,өлі тілге,айналып кеткен.Неміс ғылымдарының айтуынша, сол 5661 тілдің 4200-і- жеке дербес тілдер.Бұлардың ішінде 500-дейі  ғана жақсырақ зерттелген. Лингвистикада қазірігі кезде күнделікті өмірде қолданылып жүрген сөйлеуші халқы бар тілдер ғана-нағыз қарым-қатынас құралы. Оларды тірі тілдер деп айтамыз. Лингвистиканың зерттейтіні-осындай тілдер,күнделікті өмір қажетін атқарып жүрген тірі тілдер.Осындай тіл адамзатқа өз ойын білдіру,ол ойды екінші біреуге жеткізу,басқалармен қарым-қатынас жасау,түсіну үшін керек.Адамзат ерте заманнан бастап-ақ өзінің ең қажетті де керекті серігі-тіл сырын, оның ерекшеліктерін білуге, ұғуға тырысты.Соның нәтижесінде өзінің сүйікті серігі, қаруы-тіл туралы ғылым жасады. Ол ғылымды-лингвистика немесе тіл білімі дейміз. Лингвистиканың негізгі обьектісі-сөйлеу, адамзаттың сөйлеу тілі. Сөйлеу-адамның іс-әрекетінің ерекше формасы.Әдетте сөйлеу тілі  мен тіл деген сөздер бір-бірімен синоним ретінде қолданыла береді. Бірақ бұл екеуі бір нәрсе емес. Сондықтан сөйлеу мен тіл деген ұғымдардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы бар.

      Сондықтан да психология сөйлеумен айналысса, лингвистика тіл  ерекшеліктерін қарастырады.Сөйтіп,тіл дегеніміз, жоғарыда айтылғандай,адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау,пікір алысу құралы болса,сөйлеу дегеніміз –сол тілді қарым-қатынас жасау ,пікір алысу құралын пайдалана білудің әр түрлі амалдары мен жолдарын,тәсілдерін қарастыралды. Сөйлеу екі түрлі формада-ішкі және сыртқы формада жүзеге асады: ішкі  сөйлеу формасы-сөйлеу процесі үшін аса қажет нәрсе.Ал сыртқы форма арқылы адам өз ойын басқаларға жеткізеді,белгілі бір информация береді. Сыртқы сөйлеу формасының өзі екі түрлі жолмен-ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады. Сөйлеу ауызша түрде жүзеге асырылады. Сөйлеу ауызша түрде жүзеге асырылғанда,оны айтумен,екінші біреудің қабылдауы бір мезетте болалды.Ал жазбаша түрде сөйлеудің ғұмыры аса ұзақ.. Себебі жазбаша текстер,шыгармалар жүздеген,мыңдаған жылдарға жете алады. Оларды әр кезде,әр заманда-ақ адамзаттың ұрпақтары пайдалана,қабылдай алады. Мәселен,ежелгі грек ғұламасы Гомердің «Иллиада» ,»Одессея» атты дастандардың жазылғанына көптеген ғасырлар өтті.Сонда да жазылып қалғандықтан,оларды көптеген халық өкілдері күні бүгінге дейін оқып үйренуде.Түркі тілдеріндегі М.Қашқаридың «Сөздігі» де сондай.

...

Скачать:   txt (878.6 Kb)   pdf (2.4 Mb)   docx (323.1 Kb)  
Продолжить читать еще 282 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club