Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі кездегі тіл білімінің мақсаты және неміс тілінің маңыздылығы

Автор:   •  Апрель 29, 2018  •  Лекция  •  1,230 Слов (5 Страниц)  •  1,485 Просмотры

Страница 1 из 5

Қазіргі кездегі тіл білімінің мақсаты және неміс тілінің маңыздылығы.

Қоғамда, саясатта және экономика саласындағы өзгерістер білім беру жүйесіне үлкен әсерін тигізді, соның ішінде шет тілдерінің рөлі және  қоғамда алатын орны ерекше. Қазіргі кезде әлеуметтік тапсырыс бойынша шет тілдерін үйренудің өзінің жаңа үрдістерін ұсынуда.

Көптілділік қазіргі замануи елдердің негізгі құралы болып қала бермек. Бүгінгі таңда мынадай «Бір тіл - бір ел - бір тағдыр»атты принципін  жүзеге асырмау мүмкін емес. Қазіргі заман талабына сай  әр адам өзінің туған тілімен қоса, басқа да шет тілдерін үйренуі керек.

Қазіргі уақытта  тіл және мәдениет мемлекеттің ішкі тұрақтылығының және сыртқы саяси жұмыстарының негізгі механизмі болып саналады, өйткені дәл осы тіл және мәдениет халықтың өзіндік сана-сезімін, бірізділігін және халықаралық аренада өзінің беделін көрсету барысындағы негізі құндылықтар болып табылады.

Қазақстанның егемендігі қарсаңында 1989 жылы қабылданған                             Тіл туралы заңы, кейіннен 1997 жылы толықтырылған өзгерістер бойынша тек қана ана тілі - қазақ тілін, ұлтаралық тіл -  орыс тілдерін ғана қарастырмай, сондай-ақ Қазақстанда тұратын барлық ұлт-өкілдерінің тілдеріне де ерекше көңіл бөлінді. Бүгінгі таңда ұлттардың мәдени орталықтары өркендеген кезеңі деп айтуға болады, яғни еліміздің алғы шарттарының бірі әрбір ұлттың тіліне, дініне, мәдениетіне және өзіндік ерекшеліктеріне ұқыпты қарау.

Неміс классикасының аса көрнекті гуманизмі Вильгельм фон Гумбольдттың кемеңгерлікпен айтқанындай, «ұлт» бұл тіл статусын көрсететін адам рухының индивидуализацияланған формасы», - деп  қарастырған. Гумбольдтың ойынша, «Әрбір тілде өзіндік бір ерекше дүниеге деген көзқарасы болады. «Халық тілі – оның рухы, халық рухы - оның тілі", «Тіл – халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрінеді». Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінеді, бірақ ол - жеке адамның табысы емес, халықтың табысы, жалпыхалықтық туынды». Бұл көбінесе әлеуметтік-мәдени түсінік ретінде қарастырылады. Өйткені мәдениет және әлеумет, тіл және мәдениет, тіл ерекшелігі, мәдениетаралық қарым-қатынас, мәдени-әлеуметтік компетенция – бұл ғылыми түсініктер мен категериялар, олар бір бірімен тығыз байланыста.

Әлемдік саяси картада көпұлттық және көптілді елдер көбеюде.  Ал керісінше, моноұлттық яғни ұлты аз елдер азайып бара жатыр. Жақында ғана ФРГ бірұлтты елдердің бірі болған: 1960 жылдың халық санауы бойынша 99 % немістер құраған. Бірақ 2007 Германияның халқы 82,3 млн.адамға жеткен, олардың ішінде 7,3 млн.немесе 8,8 %-ын иммигранттар (келімсектер) құраған, сонымен қатар 1,7 млн. түріктер, 535 мың итальяндықтар, 362 мың поляктар, 304 мың гректер, 228 мың хорваттар және 188 мың орыстар болған. Олар бір елде тұрып жатқан басқа ұлттарға толеранттылық және құрметпен қарайды. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, мәдениеттің дамуы тікелей көпұлтты қоғамның қарым-қатынас формаларына, олар қаншалықты тұрақты және орнықты ортада өмір сүріп жатқанына байланысты екен (ФюБоас, М.Фуко, D. Seleskovitch және басқалар). Мұнда этностардың қоғамдық-адамгершілік нормалары, салт-дәстүр және әдет-ғұрыптары басты рөлді атқарады.

Бүгінгі таңда неміс тілінде тек  қана Германияда ғана емес, сонымен қатар  Еуропаның бірнеше елдерінде сөйлейді. Мысалы,  Австрия, Швейцарияның        бірнеше аймақтарында, Лихтенштейнде, Люксембургте, сондай-ақ  Италияның солтүстік аймақтарында, Бельгияның шығысында және  Францияның шығыс бөліктерінде неміс тілінде сөйлейді.  Неміс тілі де орыс тілі сияқты,осы тілде көптеген еуропалықтар ана тілі ретінде сөйлеседі.   Неміс тілі әлемде кең таралған тілдердің ондығына кіреді.

Қазіргі кезде шет тілі ретінде оқытылатын және Қазақстан аумағындағы тұрып жатқан неміс ұлтының ана тілі неміс тілі оқытылуда. Әсіресе неміс тілінде сөйлейтін адамдардың болғаны тілді үйренуде көп көмегін тигізеді. Біріншіден, салыстырмалы түрде белсенді тілдік зерттеу процессі дамиды. Таза неміс тілін естіген адам бәрібір жақсы нәтиже беріп, жоғары көрсеткіштермен бағаланады. Екіншіден, немістердің Қазақстанның көптеген  аумақтарына және басқа да шет елдерге таралып кеткендіктен олардың тілдік ерекшеліктерін яғни диалектикалық сөз тіркестерін, тарихи және хроникалық жинақтардың даму параметрлерін ғылыми тұрғыда зерттеуге болады. Үшіншіден, Қазақстандағы көптілділік жүйесі бойынша          әлеуметтік-лингвистикалық мәселелерге қызығушылықтар тудырады.

...

Скачать:   txt (15.6 Kb)   pdf (188.1 Kb)   docx (15.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club