Ұлттық сана және тіл
Автор: Tala • Апрель 17, 2018 • Реферат • 1,038 Слов (5 Страниц) • 2,962 Просмотры
Ұлттық сана және тіл
Қазақстан кеңістігіндегі қалыптасқан ұлттық сана-сезімнің қазақ халқы үшін маңыздылығын, өзектілігін талдамас бұрын әуелі бұл терминнің жүйелі түрде анықтамасын түсінуіміз жөн. Негізінен, ұлттық сана-сезім ұлттық-этникалық топқа тиесілі рухани-әлеуметтік дамуының қасиеттерін айқындайтын күрделі құрылым. Біріншіден, Нұргелді Уәли ұлттық сана топтың идеология, философия, психология, тәрбие мәдениет деген ұғымдарынан тұратынын мәлімдейді [1]. Ұлттық сана – ұлт руханиятының айырмас бөлігі, негізі, себебі барша қазақты ұлт ретінде бүгінгі күнге дейін сақтауында орасан зор үлесін қосты. Ұлттық сана ежелгі ата-бабаларымыздан ұрпақтан ұрпаққа тарихи танымы, ұлттық тәрбие, рухани дүниелер арқылы жеткен ұлы мұра. Бұл процесс арқылы ұлттың рухани, материалды мәдениетінің сақталуы және де қазақ ұлтының тарихтың күрделі, қиын кезеңдерінен өтіп, өзінің бірлігін жоғалтпауы ұлттық сананың атқарған маңызды рөлін көрсетеді [1].
Сонымен ұлттық сананың қазіргі кездегі қалыптасуына талдау жасау мақсатында қазақтың тарихын шолып өтуіміз қажет, себебі халықтың ұлттық танымының өзегі болып табылатыны - тарихи сана. Сондықтан, қазақтың тарихын ұлықтау, оның тағылымына мән бөлу, болашақ ұрпақтарға бұдан бір ой түю, сабақ алу мәселесі қазіргі кезде ұлттық сананы нығайтуда маңызды рөлін атқарудағы ең басты кілті, себебі ұлттың ұлттық болмысы, санасы, салт-дәстүрі бірде кетіліп, бірде жетіліп қазіргі заманмен бірге жасасып келеді. Бұл ойға алаш зиялыларының бірі Әлихан Бөкейханов былай деп пікір қосқан: “Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан халық қайда жүріп, қайда қалыптасқанын, тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, болашақта, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді” [2]. Сонымен бір халық, ұлт өзінің тарихын білмесе, мән бермесе, сақтамаса оның артынша халықтың өзін жоғалтуы өте ықтимал болып табылады. Сондықтан да әлемде барша жұрттар арасында кем, қор болмайтын, тұқымын болашақта құрып қалмасын деген ойдағы халық өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан шежіресін иманы дәрежесінде танып білуі тиіс. Ұлттық сана қалыптасу барысында әр индивид өз дербес елін, жерін, халқын сыйлайтын, оған ыстық сезімнен тұратын ақыл-санамен қарайтын болса, кейіннен ұлттық сананы дамыту, нығайту үшін өз халқының өткен тарихын, сонымен қоса қазіргі жағдайын толықтай тануына бағыт алуы керек. Өзінің тарихын жақсы таныған, білген ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі, себебі оның рухани дүниесі, ұлттық тәрбиесі қалыптасады да, сол арқылы кез-келген қоғамда болып жатқан жағдайдағы қиындықтарды ақылмен, санамен шешуге ерте бейімделеді, тарихи сана арқылы жалған нәрселерге сене бермейді. Мысалы, қазақ халқы көшпелі өмір салтын ұстанғанда рулық сана басым болды, алайда Ресейге отар болған ғасырларда тоталитарлық жүйенің салдарынан рулық сана әлсіреп, интернационалдық идеология күш ала бастады. Бұл орыстандыру, ұлтсыздандыру процесстерінен тілдік, діни және рухани мәдениет салдары ауыр хәлге ұшырады. Алайда сол кездегі халық қамын ойлаған қазақтың ұлы зияткерлері ұлттық сананы қалыптайтын, ұлттық құндылықтарды қозғайтын істерге ерекше көңіл бөліп, ұлтты біріктіру, топтастыру мақсат етіп ерлік көрсетті [2].
Қазіргі кезде қазақ халқы жаңа заманға тәуелсіз мемлекет ретінде аяқ басты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жолдауында қазақ халқы үшін мақсатты айқындап кетті, ол – әлемдегі дамыған 30 елдің ішіне кіруі. Бұл мақсатқа жету үшін өзіміздің санамыз әр уақыт сайын жаңғырып отыруы керек. Жаңа жаңғыру кезінде тарихи кодыңды сақтай білу керек. Нұрсұлтан Назарбаев тарихи код туралы былай деп жауап берген: “Ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегісі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық”. Жоғарыда айтып кеткендей, ұлттық сана қазіргі кезге дейін ұлт ретінде тұрақты болуында үлкен рөл атқарды және оған тарихи танымы өзегі болды. Сондықтан, ұлттық сананы нығайту арқылы тарихи таным арта түседі. Ал тарихи танымы биікке көтерілгеннен, тарихи зердесі мықты ұлттың рухы да асқақ болады. Бұдан қазақ халқы бірегейлікті сақтап, яғни ұлт ретінде сақталып, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтіп, жас ұрпаққа дұрыс тәрбие бере алатыны сөзсіз [3]. Елдің жарқын болашағы жас ұрпақтың қолында, яғни олардың ұлттық санадан меңгеретін тәрбие мен алған бағыттың дұрыстығында. Сондықтан, еліміздің дамуы тағдырына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан-2050” стратегиясында: “Біз ұлттық тарихи сананы қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек” деп жариялаған болатын. Тағы да ұлт көшбасшысы Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында: “Тарихи сананы дұрыс қалыптастыру арқылы біз болашаққа нық қадам жасайтын боламыз. Оны іске асыратын құрал – әркімнің өзінің төл тарихы мен мәдениетін білу”. Болашақ армандарға жету жолында ұлттық сананың жаңғыру процессіне орын болуы керек. Ал тарихи сана дұрыс түрде қалыптаспай, ұлттық сананың бір орыннан жылжуы мүмкін емес [4].
...