Конгресті ашу. Конгресс председателінің кіріспе сөзі
Автор: nik1 • Март 27, 2018 • Реферат • 2,854 Слов (12 Страниц) • 761 Просмотры
Конгресс тақырыбы:
Ғылымның құпия сырлары
Конгресс мақсаты: Оқушыларды тану болашақтағы ғылым проблемаларымен,оларды зерттеу перспективаларымен таныстыру.
Конгрестің өту жоспары: I. Конгресті ашу.
Конгресс председателінің кіріспе сөзі.
(бастаушы)
II. Математиканың алдында тұрған проблемалар туралы баяндамалар.
а) Нақты сандар
б) Ферма теоремасы
в) Ғасыр жаңалығы
г) Египет үшбұрышы
III. Үзіліс (математикалық білімді пайдаланудың қызықты мысалдары)
IV. Физика секциясы ғылыми Кеңестің мәжілісі
- Физика проблемалары туралы баяндамалар
а) Төтенше өткізгіштік құбылысы.
б) Термоядорлық реакция құпиясы
V. Үзіліс (ғалым – физиктер өмірінен қызықты эпизодтар)
VI. Жаратылыстану ғылымдары секциясының ғылыми Кеңесінің мәжілісі.
- Химия бойынша баяндама:
«Кәдімгі судың жұмбақтар»
- Биология бойынша баяндама:
«Ашылмаған құпиялар сыры»
VII. Үзіліс (ғалым – химиктер өмірінен эпизодтар)
Бастаушының сөзі (конгресті ашу)
XX ғасыр ғылымы ғажап жетістіктерге жетті,бірақ онда әлі де «ақ таңдақтар» яғни маңызды шешілмеген проблемалар баршылық.
Оларды ашу қазіргі мектеп партасында отырғандардың үлесіне тиеді. Олардың ішінде біртекті өріс теориясын жасау, жұлдыздарға ғарыш кемелерін ұшыру,тұқым қуалау проблемасын зерттеу және термо-ядорлық реакцияны басқару идеялары бар.
Біз ғылымның соқадан бастап ғарышқа дейінгі өрісті қамтып жатқан ғаламат ғылыми жетістіктері туралы жиі естиміз. Ғасырлар бойы ғылым енді ғана дамып алға жылжыды. Оны таудан домалаған жалғыз тастың не ойпаңдау бір жерде тоқтап қалып немесе келесі бір жерде шапшаңырақ қозғалып өтуімен салыстыруға болады.
Кенет бәрі өзгереді. Ашылған бір жаңалықтан 2,3 тіпті одан да көп басқалары туындады. Міне мұның бірнеше мысалдарын келтіре кетейін.
Аристотель дәуірінде жануарлардың 454 түрі ғана белгілі болған. Қазіргі заманда 1,5 млн түрі белгілі болса, жер бетінде жануарлардың әлі де белгісіз 2 млн түрі болу керек деген болжам бар.
Ертедегі гректер мен римдіктер бір ғана қышқылды – уксусты және 7 түрлі металды: алтынды,күмісті,мысты, темірді қалайыны,сынапты және қорғасынды ғана білген. Қазір табиғатта кездесетін табиғи заттардың саны 3 мыңнан асады. Жасанды жолмен 3,5 млн-ға жуық химиялық қосылыстар алынған. Олардың саны барған сайын көбеюде. Әсіресе физика саласында ашылған жаңалықтар мен гипотезалар саны ерекше. Бір физик былай деп есептейді.
Егер белгілі американ журналы «Физика-ревью-дің көлемі соғыстан кейіңгі 15 жылдағыдан қарқынмен өсетін болса, онда XXI ғасырда журналдың салмағы жер шарының салмағынан асып кеткен болар еді.
Соңғы 20 жылдықта ғалымдар армиясы да кенет өсті. Неғұрлым физиктер табиғатты түсінуге тырысқан сайын соғұрлым белгісіз дүние сырына көптеп кездесуде. Міне, біз бүгін конгресті табиғаттың осындай ашылған,ашылмаған құпияларына арнаймыз.
Алғашқы сөз математиктерге беріледі.
Математикада ашылған маңызды жаңалықтардың бірқатары ең жас ғалымдардың үлесіне тиеді.
Нақты сандар
Математикада 2000 жылдан аса уақыттан бері шешілмей келе жатқан проблемалар бар. Осындай жұмбақтардың ең ескілерінің бірі нақты сандармен байланысты.
Нақты сандар деп өзінің бөлгіштерінің қосындысына тең болатын сандарды айтады. (I-ді қоса, бірақ санның өзін қоспағанда) 6=1+2+3, 28=1+2+4+7+14т.б
Барлық жұп нақты сандарды іздеп табу үшін қолданылатын ереже бар. Бірақ, күні бүгінге дейін ешкім ең болмаса бірде-бірі тақ нақты санды білмейді. Электронды есептегіш машиналарда жүргізілген барлық есептеулер бұған мүмкіндік берген жоқ.
Бірақ күні бүгінге дейін мұндай сандар жоқ деген нақты дәлел де жоқ.
Ферманың ұлы теоремасы
XVII ғасырда ұлы француз математигі Пьер Ферма ертедегі грек математигі Диофанттың кітабының жиегіне былай деп жазған. Үш белгісізі бар XП+YП+ZП теңдеуінің егер п-2 ден үлкен болса бүтін оң сандарда шешімі болмайды.
...