Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Танымдық тіл білімі туралы алғашқы ой-пікірлер

Автор:   •  Апрель 3, 2018  •  Реферат  •  29,015 Слов (117 Страниц)  •  1,275 Просмотры

Страница 1 из 117

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда тілді антропоөзектілік парадигмада зерттеу маңызды болып отыр. Тілге материалистік көзқарас оны белгілі бір формадағы материалдық құбылыс ретінде қарауға мәжбүр етті, соның нәтижесінде тілді зерттеудің құрылымдық әдіс-тәсілдері ұзақ уақыт бойы тілді зерттеп-танудың бірден-бір құралы болып келді. Оның өзі тілдің қызметін, болмысын шектейтін біржақты көзқарас еді. Тілдің құрылымын, атап айтқанда, дыбыстық, грамматикалық құрылымын, сөздік қорын зерттеуде тілді жасаушы адам мүлде ескерілмеді. Шын мәнісінде, тіл тек адам арқылы танылатын және адами болмысты танытатын ерекше феномен екендігі назардан тыс қалып келді.

Адамның күрделі жүйе екендігі, кез келген ғылыми таным түрі адам болмысын танумен байланысты қаралғанда ғана нәтижеге жететіні туралы ой-пікірлер XIX ғасырдың орта кезеңдерінде лингвофилософтардың еңбектерінде жиі айтылғанмен, тілді адаммен байланысты қарастыру идеясы XX ғасырдың 60 жылдарынан бастап қолға алына бастады. Адам тәрізді күрделі жүйенің қыр-сырын тану үшін оны тұтастықта алып қарастыру қажет. Ал адамның тұтас болмысын оның танымы, тілі және «рухани-психологиялық, психосоматикалық қабілеттері мен әрекеттері» (Қ.Жаманбаева) құрайды.

Адамның күрделі болмысын зерттеу тіл мен таным арақатынасындағы адам проблемасын шешумен тікелей байланысты. Тіл мен таным арақатынасын зерттеумен байланысты тілді қарастырудың когнитивті жүйесі қалыптасты.

Өткен ғасырдың 80-90 жылдарында қазақ лингвистикасының көкжиегі тілтанымдық ой-пікірлермен толықты. Қазақ тіл білімі топырағында когнитивтік лингвистиканың негізін салып, алғашқы теориялық тұжырымдарын жүйелеп ұсынғандардың бірі де бірегейі зерттеуші Қ.Жаманбаева болатын. Оның зерттеулері адам болмысындағы психофизиологиялық, рухани-психикалық құбылыстарды тілдік жүйемен байланыстыра қарастыруымен, батыс психоаналитиктері мен шығыс ойшылдарының, қазақ сөззергерлерінің философиялық көзқарастарын ұштастыра талдай алуымен құнды болмақ.

Қ.Жаманбаева еңбектеріндегі психоаналитикалық, лингвофилософялық  ой-түйіндер қазіргі тілтанудың ілгері баруы үшін соншалықта маңызда бола тұра, осы уақытқа дейін бірде-бір зерттеу еңбектің нысаны болған жоқ. Бұның өзі аталған зерттеудың өзектілігін танытады.

Зерттеу нысанасы. Қ.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» монографиясындағы тіл мен таным арақатынасына байланысты пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдар зерттеуіміздің басты нысаны болып табылады.

Зерттеудің материалы. Зерттеудің ғылыми негіздемесін құруға Ф-де Соссюрдің Э.Бенвенистің, Л.Вайсгербердің, В. фон тіл мен ойлау арақатынасы, тілдегі адамдық фактор туралы ғылыми концепциялары,  Д.С.Лихачевтің, Г.В.Кольшанскийдің В.А.Звегинцевтің, Ю.А.Карауловтың В.А. Маслованың, А.Вежбицкаяның, В.Н.Телияның, Р.И.Павиленистің, И.А.Гальпериннің дүниенің тілдік бейнесі, дүниенің концептуалдық бейнесі, дүние бейнесін жасауда, қалыптастыруда тілдік тұлғаның рөлі, дүниенің концептуалдық бейнесінің концептілер арқылы талдануы, концептілердің табиғаты, тіл мен мәдениет, тіл мен таным арақатынасында концептілердің алатын орны, когнитивті семантика, оның талдау құрылымдары, тілді лингвомәдениеттанымдық, лингвопсихологиялық, лингвокогнитивтік аспектіде зерттеудің ерекшеліктері, көркем мәтін, мәтіннің қабылдану ерекшелігі, адресат факторы т.б. мәселелеріне байланысты ғылыми пайымдаулары мен ғылыми-теориялық тұжырымдамалары пайдаланылды.

Тіл мен таным арақатынасын зерттеу мәтін мен арақатынасын танумен тығыз байланысты. Бұл салада И.Р.Гальпериннің «мәтін тақырыбы», «мәтін тұтасымдылығы», «континуум», «когезия» құбылыстарын қатысты пікірлері, Ю.М.Лотманның поэтикалық мәтінді талдау туралы ойлары, В.П.Беляниннің көркем мәтіннің психолингвистикалық аспектісіндегі мәтіннің ақпараттылығы, оның бағалылығы, тыңдаушы тарапынан қабылдану, бағалану ерекшелігі, В.Г.Бобылевтің көркем мәтінді түзуде, оны қабылдауда авторлық позицияның рөлі туралы, сондай-ақ Т.А.Дейктің мәтін коммуникациясына қатысты ғылыми тұжырымдары зерттеудің басты бағытына алынды.

...

Скачать:   txt (421.8 Kb)   pdf (945.6 Kb)   docx (141.5 Kb)  
Продолжить читать еще 116 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club