Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

. Кіріспе. Тау-кен кəсіпорындарын салу жөніндегі негізгі мəліметтер

Автор:   •  Март 10, 2018  •  Курс лекций  •  7,149 Слов (29 Страниц)  •  1,302 Просмотры

Страница 1 из 29

№1 дәріс. Кіріспе. Тау-кен кəсіпорындарын салу жөніндегі негізгі мəліметтер.

Табиғи ресурстардың əр елдің əлеуметтік – экономикалық өркендеуіне

өте үлкен ықпал ететіні белгілі. Ол қоғамның материалдық жəне мəдени мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қолданылатын адамзатты қоршаған табиғи ортаның ең маңызды құрауыштары (жер, жер қойнауы, орман, су ресурстары жəне т.б.). Табиғи ресурстардың ішінде минералды шикізат ресурстарының орны өте ерекше, себебі əр ел негізінен тек өзінің ғана ресурстарын пайдалану арқылы өзінің əлеуметтік – экономикалық проблемаларын шеше алады жəне ол ресурстардың көпшілігінің орны толмайтындығын біледі. Сондықтанда ресурстарды үнемді пайдалану Қазақстан үшін маңызды техника-технологиялық жəне экономика-экологиялық мемлекеттік саясат. Осы мəселе туралы еліміздің Президенті Н.Назарбаев өзінің 2010 жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында да атап көрсетті. Алдағы кезенде Қазақстанда жер қойнауынан пайдалы қазындыларды өндірудің əсерін жоғары деңгейге жеткізу өте маңызды мəселе болып табылады.

Казіргі кезде Қазақстанда көптеген минералды шикізаттардың барланған қорлары бар жəне кен барлау жұмыстары əрі қарай да қарқынды жүріп жатыр.

Осы қорларды ұтымды пайдалана отырып қара, түсті, бағалы, сирек кездесетін металдармен жəне тау-кен-химиялық өнімдермен еліміздің мұқтаждығын артығымен өтеуге болады. Осының арқасында еліміздің əлеуметтікэкономикалық өркендеуіне қол жеткізуге болады. Сол мол байлықты казіргі заманның ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін толық қолдана отырып, жанжақты кешенді түрде іске жарату керек.

Ол үшін кен барлау жұмыстарын жаңа үлкенді-кішілі кен орындарын ашуға жəне бұрын барланған кен орындарындағы шикізат қорларының өсуіне бағыттау қажет. Пайдалы қазбаларды игеру үшін көптеген тау-кен кəсіпорындары салынған, салынып жатыр жəне əлі де салынады. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған кеніштерде заман талабына сəйкес қайта жарақтандырылып жəне кеңейтіліп жатыр. Казіргі жаhандану заманында еліміздің тау-кен өнеркəсібіне ТМД елдерінен басқада шетелдердің жаңа технологиялары, техникалары жəне еңбек ұйымдастыру əдістері кеңінен кіре бастады.

Осыған орай тау-кен кəсіпорындарын жобалаудың жəне оларды салу мен пайдаланудың да тəсілдері мен техника-технологиялық сұлбалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Еңбек өнімділігін жəне қауіпсіздігін арттыру үшін қолданылатын жаңа техникалар мен технологиялар кеніштерде жұмыс ұйымдастыру реттерін қайта қарауға жəне мамандардың білімділігін жоғарылатуға мəжбүр етті. Қазақстанның тау-кен саласында мыңдаған инженер, техник жəне білікті жұмыскер мамандар қызмет етіп жүр. Бірақ-та, казіргі заманға сай жаңа техникалар мен технологияларды ұтымды пайдалана отырып тау-кен жұмыстарын сапалы, өнімді жəне қауіпсіз жүргізу үшін елімізде мамандар дайындау ісін əлі де жетілдіре түсу қажет. Себебі, казіргі тау-кен ісінде қолданылатын техникалар мен технологиялар жоғары деңгейде механикаландырылған, автоматтандылырған жəне компьютерлік программалармен жарақтандырылған. Осы шаралардың арқасында тау-кен өнеркəсібінде еңбек өнімділігі мен қауіпсіздігі жоғарылайды жəне жұмыс орнының санитарлық-гигиеналық ахуалы жақсарады. Сонымен қатар, кеніштердің негізгі көрсеткіштері: қазбаларды жүргізу жылдамдығы, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан алу коэффициенті, кен орнын пайдаланудың деңгейі өсті жəне жобаланған өнім шығару қарқынына қысқа мерзімде жетуге мүмкіндік туды.

Еліміздің тау-кен саласына жаңа техникалар мен инновациялық технологияларды еңгізу кен орындарын сапалы жəне интенсивті игеру кезінде еңбек өнімдігін артыруға жəне пайдалы қазбаларды өндірудің өзіндік құнын төмендетуге жол ашты. Сонымен қатар, жаңа техникалар мен технологияларды ұтымды пайдалана отырып кен кəсіпорындарын жобалау, салу жəне пайдалану кезеңдерінде туатын ғылыми, өндірістік жəне ұйымдастырушылық мəселелерді шешу үшін мамандарға қойылатын талаптар да өседі.

Сондықтанда болашақ тау-кен ісінің мамандары жан-жақты нақты білім алулары керек. Казіргі тау-кен мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарының бакалаврлық жəне магистрлық оқу бағдарламалары оған толық сəйкес келеді. Бірақта қəзіргі кезде мемлекеттік тілде жазылған оқу  құралдары мен оқулықтар əлі де жеткіліксіз. Бұл мəселе талқылауға ұсынылған Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы мен 2015 жылға дейінгі іске асырылатын міндеттемелерінде де көтерілді.

...

Скачать:   txt (115.1 Kb)   pdf (797.7 Kb)   docx (601.8 Kb)  
Продолжить читать еще 28 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club