Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тіл біліміне кіріспе

Автор:   •  Декабрь 3, 2018  •  Реферат  •  828 Слов (4 Страниц)  •  1,164 Просмотры

Страница 1 из 4

                                               Тіл біліміне кіріспе

1. "Тәрбие басы-тіл"  (М.Қашқари).

"Тіл дегеніміз-адам қарым қатынасының аса маңызды құралы" (В.И.Ленин).

"Тіл дегеніміз-ойдың тікелей шындығы" (К.Маркс)

   Тіл білімі немесе лингвистика-тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімі (лингвистика)-тілдің әр түрлі жақтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді. Тіл білімінің немесе лингвистиканың зерттейтіні, яғни обьектісі-тіл, адамзаттың сөйлеу тілі, дыбыстық тілі. Лингвистиканың зерттейтіні-тірі тілдер. Тіл-адам өмірі мен биліктің қайнар көзі.

2.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы болады. Тілдің осы аталған әр түрлі жақтарын тіл білімінің тиісті салалары зерттейді.

Тіл білімінің салалары:

  • Тілдің дыбыс жүйесі-Фонетика саласы-тіл дыбыстары, яғни фонемалар туралы, тіл-тілдегі  дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтар туралы ілім.

Салыстырмалы-тарихи фонетика

Бір тілдің немесе туыстас тілдердің дыбыстық  жайларын, заңдылықтарын диахрондық тұрғыдан зерттеп, ортақ белгілерін, өзгерістерін айқындайды.

Сипаттама (статистикалық) фонетика

Бір тілдің дыбыстық жүйесін, бүгінгі қалпын синхрондық тұрғыдан сипаттайды

Экспериментальды фонетика.

Тіл дыбыстарын техникалық құралдар арқылы анатомия-физиологиялық, акустикалық әлеуметтік қызметтері тұрғысынан тексеру.

Функционалды фонетика

Тіл дыбыстарының қатынас кезіндегі қоғамдық жақтарын тексереді.

Артикуляторлы фонетика

Тіл дыбыстарының жасалу жолдарын.

Акустикалық фонетика

Тілдегі дыбыстардың жасалу ерекшекліктерін.

Жалпы фонетика

Фонетиканың теориялық бөлімі, дыбыстарға тән қасиеттерді зерттеп, тексеру, қыр-сырын ашу әдістері туралы практикалық кеңестер береді.

  • Тілдің сөздік құрамы-Лексикология саласы-тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары, қызметі туралы ілім.

           Сөз проблемаларын зерттеу мақсат-тәсілдеріне қарай

Сипаттамалы

Тарихи

Салыстырмалы-салғастырмалы

                                Зерттеу обьектісіне қарай

Жеке нақты лексикология

Бір немесе туыстас тілдердің сөздік құрамын, қазіргі қалпы тұрғысынан зерттейді.

Жалпы лексикология

Тіл атаулының лексикасына арналған теориялық зерттеу.

                                                        Салалары

Семасиология

Сөз мағыналарының қыр-сырын зерттейді.(sema-белгі, семантика-мағына) қол-әскер, мүше, т.б.

Этимология

Морфемалардың, жеке сөздердің шығу тегі, бастапқы мағынасы,ол мағынаның өзгеруі, дамуы. (etymon-шындық) қылдырықтай болып қалыпты-арық адам, қылдырық-бидайдың қабығы

Фразеология

Тұрақты сөз тіркестері.

Ономасиология

Зат немесе құбылыс ұғымының нақты бір сөзбен аталу себебін зерттейді.

Ономастика

Ат, есім, атаулардың шығуы, қалыптасуы.

  • Тілдің грамматикалық құрылысы-Грамматика саласы-тілдегі сөздерді түрлендіру, өзгерту, тіркестіру, сөйлемдер құрастыру туралы ілім.

Зерттеу материалдарының бағыт-мақсатына қарай: сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы.

Типтері: формальді, нормативті, мектеп, логикалық, академиялық

Зерттейтін обьектісіне қарай:

Морфология-тілдегі сөздердің формаларын, сөзге қатысты грамматикалық мағыналарын, тілдегі сөздердің түрленуі, өзгеруі.

Синтаксис-тілдегі сөз тіркестерін, олардың байланысу амал-тәсілдері, сөйлем құрылысы мен жүйесі.Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелері:

...

Скачать:   txt (12.9 Kb)   pdf (123 Kb)   docx (16.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club