Сынып жетекшісіне қажетті кәсіби және тұлғалық сапалары
Автор: arailym.basanova • Ноябрь 1, 2020 • Контрольная работа • 1,298 Слов (6 Страниц) • 1,056 Просмотры
2 АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ
1. Сынып жетекшісіне қажетті кәсіби және тұлғалық сапаларының тізімін құрастырыңыз.
Сынып жетекшісінің негізгі функциясы – бұл балалармен және ересектермен мәдени өзін-өзі дамыту және шығармашылық ынтымақтастық қабілетіне негізделген ұйымдастырушылық. Сынып жетекшісі үшін кәсіби маңызды қасиеттер:
педагогикалық кәсібилік;
коммуникабельділік;
ұйымдастырушылық іскерліктер мен дағдылар;
жоғары рухани мәдениет;
Жетекшісі:
Сыныпта оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады:
Сынып оқушыларының оқу сабақтарына қатысуын үнемі бақылайды, сынып журналындағы рұқсаттамалардың есебін жүргізеді; өз сыныбындағы сабақтарға қатысады; оқушылардың үлгерім сапасын жақсартуға бағытталған пән мұғалімдерімен жұмыс жүргізеді (күнделіктерді үнемі тексереді, ағымдағы және қорытынды бағаларды талдайды); оқушылардың тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асырады; сынып оқушыларының сыртқы келбетін бақылайды; оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді.
Сыныпта сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырады:
Сыныпта оқушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастырады, ұжымды біріктіруге ықпал етеді, оқушылардың бастамасын дамытады; сынып жиналыстарын, тақырыптық сынып сағаттарын өткізеді; ұжымдық шығармашылық істерді өткізеді; мұражайларға экскурсияларды, театрларға, көрмелерге баруды ұйымдастырады; жол қозғалысы ережелері, өрт қауіпсіздігі бойынша әңгімелер өткізеді және сабақтан тыс іс-шаралар мен қоғамдық пайдалы еңбекті өткізу кезінде еңбекті қорғау бойынша нұсқама өткізеді; оқушылардың құқықтық; мектепте, қосымша білім беру мекемелерінде, мәдениет мекемелерінде, тұрғылықты жері бойынша ұйымдастырылатын үйірмелер, клубтар, секциялар жүйесі арқылы сынып оқушыларының қосымша білім алуына жәрдемдеседі; "тәуекел тобының", "қолайсыз отбасылардың" оқушыларын ерте анықтауға ұмтыла отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жүргізеді; қажет болған жағдайда тәрбиеленушілерге өмірлік проблемаларды шешуге көмек көрсетеді.
Сынып оқушыларының қоғамдық пайдалы еңбегін ұйымдастырады:
Сыныпта және мектепте кезекшілікті ұйымдастыру; мектеп объектілері мен мектеп жанындағы ауланы жинау.
Сынып оқушыларының ата-аналарымен жұмыс жүргізеді:
Ата-аналардан баланың үлгерімін бақылауды жүзеге асыруға қол жеткізеді; ата-аналар жиналыстарын, сондай-ақ ата-аналармен жеке әңгімелесулер өткізеді; сыныптың ата-аналар комитетімен жұмыс істейді; ата-аналарды оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруға тартады.
Оқушы отбасының құрамы, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы туралы түсінігі бар.
Сынып оқушыларының тамақтануын ұйымдастырады.
Бала құқығын қорғау.
Оқушыларды адам құқықтарымен және осы құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктерімен таныстырады.
Мектеп жарғысымен оқушылардың құқықтары мен міндеттерін таныстырады.
Оқушылардың құқықтарының сақталуын қадағалайды.
Сыныптан тыс іс-шараларды өткізу кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты.
Оқушыларды тәрбиелеуді үйлестіру және ықпалдастыру.
Жалпы мектептік іс-шараларға қатысу.
Оқушыларды тәрбиелеу бойынша мектептен тыс мекемелермен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
Оқушылардың даму кемшіліктерін түзету және жеке ерекшеліктерін диагностикалау бойынша психологтармен және басқа мамандармен кеңес.
Мектеп әкімшілігінің келісімі бойынша кәмелетке толмағандардың істері
...