Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түсік тастағанда және туу кезіндегі алғашқы көмек көрсету

Автор:   •  Март 8, 2022  •  Практическая работа  •  1,614 Слов (7 Страниц)  •  417 Просмотры

Страница 1 из 7

№ 6 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: «Түсік тастағанда және туу  кезіндегі алғашқы көмек көрсету»

Сабақтың мақсаты – студенттерге түсік тастағанда және туу барысында көрсетілетін алғашқы көмек көрсету әдістерін үйрету.

Аборт (іш тастау) деп - ұрғашы малдың буаздық кезеңінің уақытына жетпей үзіліп түсік тастауын айтады. Аборт малдың барлық түлігінде кездеседі.

        Аборттың жіктелуі:

1. Мезгіліне қарай: ерте болған және кеш болған

2. Клиникалық көрінуіне қарай: толық, жартылай, үйреншікті, жасырын аборт

3. Себептеріне қарай: жұқпайтын, жұқпалы аборт (инфекциялық, инвазиялық)

4. Ақырғы нәтежесіне қарай: ыдырап - сіңіп кетуі, іріп - шіруі, өлі тууы(аборт),  шала тууы, мацериялануы, мушефикациалануы.

Буаздықтың алғашқы бірінші айында болған абортты - ерте болған аборт дейді, ал екінші жартысының соңғы айларында болған аборт - кеш болған аборт деп атайды.

Көп төлді малдың төлдері барлығы өліп туса - толық аборт деп атайды, ал бір- екеуі өліп қалғаны тірі болса - жапртылай аборт дейді. Ұрғаш мал жыл сайын бір мезгілде іш тастаса - үйреншікті аборт деп атайды. Буаздық тың алғашқы кезінде толық ыдырап сіңіп кетсе - жасырын аборт деп атайды. Аборт болған әрбір жағдайды мұқият тексеген жөн, өйткені жұқпалы аборт болса ол бір малдан екіншіге жұға береді (бруцеллез,вибриоз т.б.) Шаруашылықта көбінесе жұқпайтын аборт кездеседі. Оның себептері әртүрлі болады:

- Буаз малды дұрыс бағып күтпегеннен

- Ұрып - соққан, зорыққаннан, қансырағаннан, үріккенне.

- Өкпе, жүрек, бауыр, жыныс мүшелерінің қабынуынан.

Дұрыс азықтанбағаннан болған аборт

Буаз кезінде жем - шөптің жеткіліксіз болғанынан малдың көтерем болуы, сонымен қатар шіріген, көгерген, уланған шөп жегеннен болады, витамин , минералды заттар, углевод, белоктар жетіспегеннен болады.

                Зақымданғаннан болған аборт.

Буаз мал оқыс қимылдап сүзіскенде, тік ішек арқылы тексергенде сары денені сығып тастағаннан болады, үріккеннен болады.

Жасырын аборт. Көбінесе рационның жетіспегенінен, инфекциядан, уланудан, гипофиз гормонының жетіспеуінен.

Токсикалық аборт. Организмнің улануынан малдың азығында шіріген жаман жем-шөп болғандықтан.

Климаттық аборт. Малды бір жерден бір жерге апарып ауыстырғанда, қоршаған ортианың ауа райының күрт өзгеруінен (тым ыстық, тым суық жаңбыр - малды стреске ұшыратады).

Көбіне сиыр дұрыс туа алмайды, ондайда жедел жәрдем көрсету үшін арнаулы білім керек. Сондықтан ондай жәрдемді тек мал дәрігерлері мен фельдшерлер ғана көрсетеді. Жәрдемнің міндеті-төлді және оның енесін тірі сақтаумен қатар сиырдың өнімділігінің төмендеуімен жол бермеу. Мынаны да ескеру керек, төлді суырып алу үшін тек толғақ үстінде ғана күш жұмсауға болады, онда да жамбастың анатомиялық құрылымын және төлдің келу ыңғайын ескеру керек. Төлдің мүшелерінің теріс келуін, жатуын тек жатыр қуысында ғана түзеуге болады, өйткені жамбас қуысында жатқан төлдің мүшесін қажет ыңғайда қозғалтуға болмайды. Төлді жатыр қуысына қарай ығыстыру керек. Төл құрғақ туған кезде енесінің жатырына 38-400 температурасы бар дәріленген кілегей маңыз қайнатып құяды. Төлді итермелеп салған кезде жатырда дұрыс орналаспаған барлық мүшелерге тұзақ салынады.

Туу патологиясы әртүрлі себептерге байланысты болады- жыныс мүшелерінің аномалиялары, ана организмінің дамуының аномалияларға байланысты, сонымен қатар малдың дұрыс бағып күтілмеуінің моционның болмау....

Әлсіз толғақ және күшену

Бұл патология кезінде жатыр және құрсақ бұлшық еттері тез және қарқынсыз жиырылады. Әлсіз толғақ және күшену сиырда, ешкіде, шошқада жиі кездеседі, ал басқа малда сирек болады. Әлсіз толғақ және күшену бірінші және екінші қайталанады. Алғашқы ең басынан байқалады, ал одан кейін қайталанған екінші туу процесі қалыпты жағдайда өткен кезде немесе жатырдың және құрсақ бұлшық етінің қарқынды жиырылуынан кейін  асқыну ретінде байқалады.

...

Скачать:   txt (20.6 Kb)   pdf (128.1 Kb)   docx (15.3 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club