Сүттің түзілуі және сүт алу технологиясы
Автор: Kaiyrken_Aiman • Сентябрь 30, 2021 • Реферат • 1,852 Слов (8 Страниц) • 472 Просмотры
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сүттің түзілуі және сүт алу технологиясы
Орындаған:Қайыркен А.
Тобы:ТПП-210П
Тексерген: Толемисова Ж.
Алматы қаласы
2021 жыл
ЖОСПАР:
Кіріспе
1.Сүт өңдеудегі гидромеханикалық процестер
2. Ултрафильтрация және гомогенезизация процестері
3. Сүт және сүт өнімдерін тасымалдауға арналған құралдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы сүт өнеркəсібінің кəсіпорындары күрделі технологиялық үдерістер жүзеге асырылатын түрлі жабдықтармен жабдықталған. Осы процестер мен аппараттарды басқару үшін оларды терең зерттеу қажет. Осыған байланысты сүт өнімдерін өндіруге тəн процестердің физико-химиялық негіздерін, сондай-ақ осы процестерді жүргізуге арналған аппараттардың құрылысы мен есептеу əдістерін қарастыру керек.
Тамақ өндірісінің жабдықтарын дайындау үшін материалды таңдау жабдықтар жұмыс істейтін жұмыс жағдайларын зерттеуден басталады: қысым, температура, ортаның коррозиялық агрессивтілігі жəне басқа да факторлар. Бұл ретте материалдың беріктігі, жылу жəне химиялық беріктігі, физикалық қасиеттері, сондай-ақ материалдың технологиялық сипаттамалары, құрамы мен құрылымы, құны мен қолжетімділігі ескеріледі. Тамақ өндірісінің машиналарын жасауда машиналар мен аппараттарды дайындау үшін жиі болат, шойын, түсті металдар, шыны жəне пластмассалар қолданылады. Агрессивті ортада жұмыс істейтін аппараттарды дайындауға арналған конструкциялық материал жоғары химиялық төзімділікке ие болуға тиіс. Машиналар мен олардың бөлшектерінің мерзімінен бұрын істен шығуы оларды дайындау үшін материалды дұрыс таңдаудың салдары болып табылады. Коррозия өнімдері өнім сапасының төмендеуінің себебі болып табылады, оны ластайды. Олар түсін бұзады, дəмін нашарлатады, өнімге иіс береді. Бұдан басқа, аппарат материалы жанама үдерістердің ағысын жеделдететін катализатор бола алады. Өңделетін заттардың коррозияға төзімді материалмен байланысы кейбір жағдайларда биохимиялық процестерді жүргізуге кедергі келтіруі мүмкін.
Сүт өнімдерінің алуан түрлілігіне қарамастан, оларды алу бір типті процестерді (қыздыру, салқындату, араластыру, сүзу, кептіру жəне т. б.) өткізумен байланысты.
1.СҮТ ӨҢДЕУДЕГІ ГИДРОМЕХАНИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР
Сепарирлеу бір текті емес сұйық қоспаларды тығыздығы бойынша айыратын фракцияларға, ортадан тепкіш күштердің əрекет ету өрісіне бөлу процесі. Сүттен май түйіршіктерінің бөліну жылдамдығы олардың мөлшеріне, плазма тығыздығының жəне майдың айырмашылықтарына, сепаратор барабанының айналу жылдамдығына, сепаратор тарелкасының радиусына тікелей тəуелді жəне керісінше сүттің тұтқырлығына пропорционалды. Сүтті қыздыру сепарациялау жағдайын жақсартады жəне оның тиімділігін арттырады. Оңтайлы сепарациялау температурасы 35-45 С0.
Қызған кезде сүттің тұтқырлығы төмендейді; май түйіршіктерінің радиусы артады; өйткені майдың кеңею коэффициенті плазмадан көп жəне қызған кезде майдың тығыздығы плазманың тығыздығына қарағанда көп жəне жылдам төмендейді. Сепарациялау температурасының 45 0С -тан жоғары көтерілуі орынсыз, себебі сүтті майсыздандыру дəрежесі шамалы жоғарылайды, үлкен энергетикалық шығындар талап етіледі. Ұсақ май түйіршіктерінің шекті мөлшері шамамен 0,8-1 мкм құрауы тиіс: липопротеин қабығы есебінен ұсақ шариктердің тығыздығы плазманың тығыздығына жақындайды, соның салдарынан оларды барабанның əдеттегі айналу жылдамдығы кезінде бөліп алу мүмкін емес.
...