Абай және қазақ мақал-мәтелдері
Автор: akzhar • Сентябрь 26, 2018 • Курсовая работа • 14,282 Слов (58 Страниц) • 1,262 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Есенова Ақжарқын Кенжеғалиқызы
Абай сынаған қазақ мақалдары
Диплом жұмысы
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
Астана 2018
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Қазақ әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі
_______ С.А.Қасқабасов
«___» __________2018 ж.
5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
«Абай сынаған қазақ мақалдары» тақырыбындағы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Орындаған: Есенова А.К.
Ғылыми жетекші,
филол.ғ.к., доценті Темірбеков О.Ж.
Астана 2018
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 6
1Мақал-мәтелдердің қазақ әдебиетіндегі орны мен зерттелуі 9
1.1 Халық өмірінде мақал-мәтелдердің алатын орны 9
1.2 Қазақ әдебиетінде мақал-мәтелдердің зерттелуі 14
1.3 Мақал-мәтелдер – фольклордың ерекше жанры 17
2 Абай және қазақ мақал-мәтелдері 22
2.1 Абайдың қазақ мақал-мәтелдерін интерпретациялауы 22
2.2 Абай сынаған қазақтың мақал-мәтелдеріндегі өмір шындығы 27
Қорытынды 42
Пайдаланылған әдебиет тізімі 45
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ əдебиетінде өзіндік орны бар жанрлық ерекшеліктердің бірі-мақал-мателдер. Олар сонау замандардан бері ұлттық тұтастығымыз мен ажырамас бірлігіміздің куəсі.Қолданыстық жағынан қазақ халқы əрдайым қажет деп тапқан түсінігі мен ойының барлығын мақал-мател арқылы жеткізетін болған. Себебі, мақал өзінің анықтамалық негізіне сəйкес айтуға тиіс ойды өте ықшамды əрі жинақы түрде жеткізу формасы.Олар тақырыптық жағынан əр алуан болып келеді. Сондықтан күнделікті өмірде мазмұндық қырына сəйкес қолданыла береді. Десек те, қазақы қолданыстағы мақал-мəтелдердің кейбірі жүрекке жылы, түсіндерер ақиқаты мол, мағынасы терең. Ал, ендібірінің айтпақ түгіл, ауызға алуға жасамайтындары тағы бар. Міне, осы айтылған мақал-мəтелдер төңірегінде ұлы философ, ақын Абай Құнанбайұлы өзінің ғақлиялық сөздерінде біраз сынға алады. Бүгінгі зерттеу тақырыбының негізгі өзектілігі де осы мақал-мəтелдер жайлы Абайдың, жалпы қазақ қоғамының көзқарасы жайлы болмақ.
Мақал-мәтелдер қоғам өміріндегі әлеуметтік құбылыстарды,адам мінезін, табиғат пен тіршілік сырын, оның қайшылығын таныта отырып, адамға терең ғибрат берген.
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.
Ұлттық болмысымызды танытатын бай мұраларымыздың бірі -мақал-мәтелдерді жан-жақты зерттеп, танып-білуге, олардың мән-маңызын бағалауға бағытталған терең зерттеулердің өзектілігі даусыз. Ұлтымыздың мәдени дүниесін танытатын мақал-мәтелдердің тілдік табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрде жаңа бағыттағы зерттеу жұмысын жүргізудің қажеттігі қазіргі таңдағы тіл және аударма әлемінің мақсат-мұраты — тілдік құбылыстардың сырын тану жолында күрделі де кешенді үрдісті дамытумен тығыз байланысты.
...