Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сабақ берудің заманауи мәселелері. Оқытудың техникалық құралдары және компьютерлік техниканы қолдану

Автор:   •  Февраль 28, 2023  •  Реферат  •  6,504 Слов (27 Страниц)  •  223 Просмотры

Страница 1 из 27

                     

   

Тақырыбы:

Сабақ берудің заманауи мәселелері. Оқытудың техникалық құралдары және компьютерлік техниканы қолдану. (доклад)

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1. Сабақ берудің заманауи мәселелері.

2. Оқытудың техникалық құралдары және компьютерлік техниканы қолдану.

III.Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе

    Еліміздің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымы деңгейіне байланысты болғандықтан, Республика халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі мақсат ретінде көрініс табады.

    Білім алушылардың ақыл-ойын барынша дамыту, дүниежүзілік ғылым мен техниканы, өндірістік технологияны меңгеру үшін білім беру жүйесін неғұрлым тиімді, ғылыми негізде құру білім беру ісіндегі негізгі міндет.

    Елімізде ғылым, мәдениет, өнер, технология, сондай-ақ қоғамның құқықтық, рухани-адамгершілік, діни негіздерінің қалыптасуы да білім беруге байланысты. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында, «Білім» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім беруді дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағыт алу мақсаттарын көздейді. Ол білім саласында әр тұлғаға білім беруге көшуді негіздейді. Ол жөнінде аталған заңның білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі ретінде «... жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» - деп нақтылаған.

    Білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер біздің елімізде орын алып қалыптасып келеді. Жеке тұлғаның қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды, білім берудің озық технологияларын пайдалануды жатқызуға болады. Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының озық жетістіктерінің көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты мектепте шығармашылық тұлғаға тән білім беру қажеттігі.

II.Негізгі бөлім

 2.1. Сабақ берудің заманауи мәселелері

    Білім саласындағы негізгі мәселелер келесідей болады:

1. Мазмұн (Не нәрсеге үйрену/үйрету керек?).

2. Әдістеме (Қалай үйрену/үйрету керек?).

3. Нәтиже (Не үшін үйрену/үйрету керек? Үйренудің/үйретудің нәтижесі қандай болуы керек?).

    Әрбір педагогикалық жүйе мен әр ұстаз осы сұрақтарға өз философиясы ауқымында жауап беруге ұмтылады. С.Мирсейітова бұл туралы келесідей жазады: Біздің қоғамға қандай білім қажет? Басқа сөзбен айтқанда:

  1. Не нәрсеге үйрету керек: фундаменталдық білімге ме, әлде осы білімді іздену дағдыларына ма?
  2. «Оқыту» деген не: әрқашан және әр мәселе бойынша нұсқап отыру ма, әлде оқытудың «маңызды кезеңін» анықтап, қалған уақытта іздену мен өзін-өзі дамытуға мүмкіншілік беру ме? Оқытудың негізін не құрайды: «даму» ма, әлде «қалыптастыру» ма?
  3. Оқытудың мақсаты қандай? Оқытудың басты назарын неге аудару керек: процеске ме, әлде нәтижеге ме? Басқаша айтсақ: басты мәселе «даму» ма, әлде «форма» ма?

    Дәстүрлі оқыту бұл мәселелерді келесідей шешеді: үйренушілерге ақпарат және дайын қағидаларды, яғни фундаменталдық білім («Не?») беру («Қалай?») арқылы оларды болашақта маман («Не үшін?») болып қалыптастыру (нәтиже). Дәстүрлі оқыту көбіне-көп білімді формалды тұрғыдан қабылдайды: шәкірттерге сабақ беретін пән бойынша оқу бағдарламасында және оқулықта келтірілген ақпарат пен мәліметтерді үйретеді, яғни оқытудың негізін бағдарлама мен оқулықтардың мазмұны құрайды.

...

Скачать:   txt (91.9 Kb)   pdf (272.4 Kb)   docx (230 Kb)  
Продолжить читать еще 26 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club