Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отандық тарихты оқытудағы ұлттық ұстанымдардың кейбір мəселелері

Автор:   •  Сентябрь 12, 2021  •  Реферат  •  1,688 Слов (7 Страниц)  •  262 Просмотры

Страница 1 из 7

Отандық тарихты оқытудағы ұлттық ұстанымдардың кейбір мəселелері

Жүректің түріп құлағын,

Ойланып тағы қарашы.

Кімсің сен, қайда тұрағың,

Енді қайда барасың?

Омар Һаям

Бүгінгі таңда бүкіл елімізде жүріп жатқан ұлттық мемлекетті нығайту жолындағы игі істер, жаңалықтар өте көп. Солардың ішінде ең бастысы əрбір халықтың тарихын, тілі мен əдебиетіне, мəдениетіне, əдет-ғұрпына, жалпы рухани мұрасына зор құрметпен қарау мəселесі болса керек. Міне, осындай қамқорлықтың бір көрінісі 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес дайындаған Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасу тұжырымдамасы [1] болды.

Онда отандық тарихты оқытудың басымдықтары, негізгі проблемалары айқындалды. Тəуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанда жаңа əлеуметтік-саяси ахуал қоғамда да, оның азаматтарының санасында да үлкен сілкініс туғызды. Дүниеге, халық пен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. Егеменді ел болып, іргелі дамуға тұғыр болатын ұлттық сананың ұстанымды ерекшеліктерін айқындау қажеттігі туды.

Біріншіден, қазақтың толыққанды ұлт санатында болатынына, яғни оның өзіндік «Мен» (қазақ) дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктерінің бар екенін фактілермен дəлелдей отырып оқыту — парыз. Отаршылдықтың ауыр зардаптарына қарамастан, аса тегеурінді этномəдени сананың сақталуының қайнар көзінің бірі дəстүрлі өмір салтының, тарихи маңызы терең талданып, оқу барысында берілуі қажет. Екінші, тарихпен қатар өріліп келе жатқан дəстүрлі құқықтың ел билеудегі, мемлекет пен қоғам үшін атқарар қызметінің ұлт болып ұйысуындағы ролін, нақты мысалдармен оқыту білім берудің ұлттық үлгісінің негізіне айналуы шарт.

Əлемге ғылымы-білімімен атағы жайылған Эллада, Рим, Вавилон, Мысыр, Қытай, Парсы жазба мұрасы, мəдениеті, əдебиеті жəне заңнама ережелері бар мемлекеттермен көрші отырып, сан мəрте экономикалық, мəдени, саяси байланыс орнатқан, империялық пиғылды сол елдердің бұғауына түспей, ел мен жерді қорғау мүддесі үшін жəне оның дəулетін молайту жолында, оларға қарсы əскери жорыққа шығып, ата-бабаларымыз көшпелі мемлекетті басқарып, жауына жем болмай, оларға өз үстемдігін жүргізді. Оның дəлеліне «Күлтегін» жырындағы мына өлең жолдарына назар аударған дұрыс.

Қаның судай ақты,

Сүйегің тау боп жатты...

Бек ұлдарың құл болды...

Пəк қыздарың күң болды...

Тізеліні бүктірдік,

Бастыны еңкейттік...

Еліміз қайта ел болды,

Халқымыз қайта халық болды [2].

Міне, осы ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тəуелсіздік жайында жазылған тарихи жыр жолдарында ұрпақ үшін ұлтымыздың болашағына қажетті тағылым жеткілікті, яғни ұстаздың осының мəнін терең талдап оқытқаны дұрыс.

Үшіншіден, қазақтың жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алуға тыйым салғандығы, ұлттық сананы шыңдауға белгілі дəрежеде ықпал еткенін, сол дəстүрдің бүгінгі жаһандану заманында қазақ жастары үшін, ұлтымыздың болашағы үшін құндылығы бар екенін түсіндіру, оқыту қажет.

Қазақ елінің көшпелі тұрмыс-тіршілігінен іріктеліп шыққан əдет-ғұрыптар мен салт-дəстүрлер мыңдаған жылдар бойы сақталып келген. Бастау көзін əдет-ғұрыптардан алатын дəстүрлер, салт- саналар, жол-жоралар, үкім-кесімдердің құқықтық заң нормаларын орындаған функцияларын талдау арқылы оқыту əдет-ғұрыптың белгілі бір уақыт ішінде өмір сүріп, халықтық сипат алып, мемлекет мүддесіне сай келсе, мемлекеттік биліктегі заң нормасы болып танылғандығын, дəстүрлердің озық үлгілері мемлекеттік, саяси күшке ие

...

Скачать:   txt (24.7 Kb)   pdf (68.3 Kb)   docx (16.4 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club