Ата-аналарға педагогикалық білім берудің заманауи тәсілдері
Автор: Назерке Абдулхай • Февраль 7, 2022 • Курсовая работа • 5,934 Слов (24 Страниц) • 305 Просмотры
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
«ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
Мектепке дейінгі бөлімі
Мектепке дейінгі пәндер ПБК - сы
Арай
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ата-аналарға педагогикалық білім берудің заманауи тәсілдері
Ғылыми жетекшісі
К.К.Бургегулова
педагогика пәнінің
оқытушысы
Нұр-Сұлтан 2022 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚША ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ.....................................5
1.1 Отбасы мен балабақшаның әлеуметтік серіктестігі...........................................5
1.2 Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруға бақылау жасау..............................10
1.3 Білім беру үдерісіне ата-аналармен жұмыстың түрлері..................................11
2. АТА-АНАМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАСЫ................................................................................................................16
2.1 Ата-аналарды мектеп басқару ісіне қатыстыру ................................................16
2.2 Ата-аналардың педагогикалық,психологиялық білімін көтеру......................17
2.3 Төрт одақ жұмысын жандандыру......................................................................19
Қорытынды ...............................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...........................................................................22
ГЛОССАРИЙ.............................................................................................................23
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі : Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. Ата – аналардың балаларға тәрбие беру міндеті ҚР Конституциясында, ал балалардың отбасындағы құқығы- бала құқықтары туралы конвенцияда белгіленген. Отбасы- барлығының басы, жан – жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық дамуын ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу. «Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез – құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп бақыладыңыз ба ?» деген сауал туады. Ұлы педагог А.С. Макаренко «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата – ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасына рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата – ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы ? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады » деген. Отбасындағы ата – ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше – баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата – аналар бала бақытының шынайы бағбаны балуы тиіс. Бала бақыты – білімде. «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды » дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріңіздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата – аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай бірлесе жұмыс атқару керек. Бала психикасы үйдегі көрген – білген, естіген мәліметтермен толығады. Әрбір ұстаз ата – аналармен қарым – қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып ата – ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс атқарса, ата – ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
...