Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Практическая работа по "Педагогике"

Автор:   •  Сентябрь 12, 2021  •  Практическая работа  •  718 Слов (3 Страниц)  •  498 Просмотры

Страница 1 из 3

1 тапсырма. Өз тобыңыздың жас ерекшелігіне сәйкес «Таным» білім беру саласының мазмұнына талдау жасаңыз. Оқу жылының соңында бала қол жеткізуі тиіс білік, білік, дағдыны анықтаңыз.

Оқу жоспары

Таным.

Оқу жылы бойында бала нені меңгереді

Білім

Дағды

Күтілетін нәтиже

Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру

Оқу жылының соңында баланың танымдық қасиеті қалыптасады және математикалық ұғымдарды меңгереді.

Балалар 1-10 сан аралығында айта алады. Сан таңбасымен затты сәйкестендіре алады.

 Игерді: Фигураларды ажырата алады

Түсінеді: Ұзын,қысқа,бірдей ұғымдары туралы біледі.

Меңгерді: Сандарды айтады

Сенсорика

Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады, біртіндеп өмірден алған тәжірбиесі көбейеді және қоршаған ортамен танысады.

Балаларды бір сенсорлық белгіден (пішіні) біркелкі заттарды топтай алады.Топпен жұмыс істей алады.

Игерді: Біркелкі заттарды топтауды игерді.

Түсінеді:«Үлкен», «кішкентай», « осындай», «осындай емес» - деген ұғымдарды түсінеді.

Құрастыру

Жаратылыстану

Балалардың ойлау қабілеті мен сенсорлығы іске асады. Заттарды белгілі бір мақсатпен қарап, оларды өзара салытырады, бөліктерге жіктейді, олардан ұқсастық пен айырмашылықты көреді, негізгі құрастыру бөліктерін табады, талдау жасауды меңгереді. Құрастыру материалдардың түрлері: Конструкторлар Қағаз, табиғи және құнсыз материалдар

жаратылыстанудан 

балалар жыл мезгілдерін атап беруді үйренеді  қолданады: гүлге күтім жасаудың қарапайым тəсілдерін меңгерген (су құю, топырағын қопсыту, шаңын сүрту)

Балалар өз еркімен педагогтің көмегінсіз құрастыра алады. Жануарлар туралы түсініктері қалыптасады. Дүниетану бағыты бойынша алғашқы білімдерін жетілдіреді.

Игерді: Үй жануарымен дала жануарын біледі.

Түсінеді: Қай көлеммен көлемді,(затты) сәйкестендіреді

Меңгерді: Өлі табиғатпен тірі табиғатты.

*сауаттылық бойынша балалық дағдылары

Ойланыңыз: Егер сіздің топтағы балалардың жас ерекшігіне сәйкес оқу іс-әрекеті сауаттылық бойынша базалық дағдыларды дамыту ұсынылған болса. Күтілетін нәтижеден жоғары балаларға арнап жоспарлау қажет пе?

2 тапсырма. Перспективалық жоспардан «Таным» білім беру саласы  бойынша оқу мақсатын жүзеге асыруға ықпал ететін ойын, тапсырма таңдап алыңыз. Ойын түрі мен мақсатын анықтаңыз.  Ойланыңыз, бұл ойындар «Таным» білім беру саласы бойынша Бағдарламаның түйінді идеялары 4 К моделі, бала үні дағдысын дамытуға қалай ықпал етеді?

«Таным» білім беру саласы

Оқу мақсаты

 Көкөністердің ұқсастығымен айырмашылықтарын, ерекшеліктерін ажырата білгенді, топтастыруға және жүйелеуге қабілеттері артады. Баланың ойлау және сөйлеу қабілеттері одан әрі дамиды

Күтілетін нәтиже

 Көкөністермен жемістерді топтастырғанды, жалпыдан жекені бөлгенді.

Индикаторлар

 пішіндері әр түрлі, дәмдері әр түрлі дәрумендерге бай, пайдалы заттарды не екенін ұғады

 жемістер бауда, көкөністер бақшада өсетінін біледі

Циклограмма

Топ __________________

Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау

Сәлемдесу

Адал жақсы ниетпен

Бар адамға бақ тiлеп.

Жарып шыққан жүректен,

Сөздiң бәрi – Ақ тiлек!

Таңғы жаттығу

«Затсыз орындалатын орындалатын жаттығу».

Таңғы ас

Ойын-жаттығу.

Біз шыныққан баламыз.

Ас-ішердің алдында,

беті-қолды жуамыз

ҰОҚ

Жаратылыстану

«Мол өнім »

Мақсаты:

Көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Бақша өсімдіктерін өсіру, оларға күтім жасауға қызығушылықтарын қалыптастыру. Тәжірибе жұмыстарын жасауға, нысандарды салыстыруға қызығушылықтарын дамыту. Табиғатқа қамқор қарым-қатынасты тәрбиелеу

Серуен

Картотека № 8

Күзгі жапырақтарды бақылау.

Мақсаты: Мезгілге байланысты жапырақ түстерінің өзгеруін қадағалау.

  Қимылдық ойын: «Аю жүрген орманда».

  Мақсаты: Қимыл қозғалысындамыту.

Түскі ас

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу  бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

Ұйқы

«Сыншы бала» ертегісін оқып беру

Ояну

«Велосипед жаттығуы.»

Жалпы дене жаттығуы

Шынығу

«Әр түрлі массажды құралдарды пайдалану арқылы жаттығу»

Жалпы дене жаттығуы.

Түстік ас (полдник)

Балалардың назарын тағамға аудару. Мақсаты: дастархан басында дұрыс отырып тамақтануға тәрбиелеу. Тамақтан гигиеналық шаралар жүргізу

Вариативті компонент

Дидактикалық ойын «Алтын қор»Мақсаты: баланың сөздік қорын ойыншықтардың атауларын білдіретін сөздермен байыту

Ойын, өздігімен әрекет

Сюжетті-рөлдік ойын

«Қуыршақты тамақтандыр»

Серуен

Картотека № 15

Аула сыпырушының еңбегін бақылау.

Ойын: «Соқыр теке».

Мақсаты:Ептілікке баулу.

Ата-анамен жұмыс

Ата-аналараға балаларының есте сақтау қабілетін жақсарту мақсатында ертегі әңгіме оқып беруын сұрау.

Балалардың температурасын өлшеу.

3 тапсырма. Үлгіні қолданып «таным» білім беру саласы бойынша бағдарламаның түйінді идеяларын қолданып ҰОҚ жоспарын құрастырып, әріптестердің бағалауына ұсыныңыз.

Тобы:  Балауса

ҰОҚ: Жаратылыстану

Тақырып: «Табиғаттағы еңбек»

Оқу мақсаты:

Ауладағы ересектердің еңбегіне қызығушылықты дамытады. Еңбек және жекелеген еңбек әрекеттері туралы түсініктерін қалыптастырады.

ҰОҚ мақсаты:

Жалпы табиғат туралы түсінік беріледі.

Қолданылатын әдістәсілдер:

 Сұрақ-жауаптар,видео роликтар.

Ресурстар, дамытушы орта:

Еңбек, табиғат  туралы  суреттер, конверттер.

Жоспар  

ҰОҚ кезеңдері

Педагог әрекеті  

Балалардың әрекеті

ҰОҚ басы

Жылулық шеңбері. Армысың аспан! Армысың алтын күн! Армысың қайырымды жер! Армысың досым

Балалар қимыл- қозғалыс жасай отырып, бәрі бірге әңдетеді

ҰОҚ негізгі кезеңі

Балалар біз бүгін сендермен табиғат әлеміне саяхат жасаймыз. Көзімізді жұмып, табиғатқа саяхат жасаймыз. Балалар қазір біз сендермен аулаға шығып, табиғатта еңбек етеміз. Ауланы сыпырып, жинаймыз. Ауланы сыпырғышпен сыпырамыз. Жаман шөптерді жұламыз. Аулаға әдемі гүлдерді отырғызып, гүлдерді егеміз.Балалар мұны біз еңбек ету деп атаймыз. Балалар ерінбей еңбек етсек тояды қарнымыз тіленбей. Еңбек түбі- берек деп бекер айтылмаған.

Сергіту сәті: Шапалақта қолыңды. Тез-тез-тез! Тез-тез-тез! Алға қарай алдымда, Жай, жай, жай! Міне былай! Жолыңнан еш жаңылма, Тез-тез-тез! Тез-тез-тез! Балалар біз сендермен қазір ойын ойнаймыз.

 Дидактикалық ойын: Мына суреттен еңбек ететін құралды тап?

 Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, таным қабілеттерін дамытады.

Ауланы сыпырғышпен сыпырып, аулаға әдемі гүлдерді отырғызған болып ойнайды.

 

Балалар сергіту сәтін дұрыс орындай алады. суреттен еңбек ететін құралды табады.

ҰОҚ қорытынды

кезеңі

Оқу іс- әрекетінде алған білімдері пысықталады

1.Балалар бүгін қай әлемге саяхат жасадық?

2.Қандай еңбек түрлерімен таныстық?

3.Қандай еңбек туралы мақалмен таныстық?

4.Біздің еңбек жасағанымыз табиғатқа пайдасы тиеме

Табиғат әлеміне саяхатқа шықтық.

Ауланы сыпырып жинаймыз

Жаман шөптерді жұламыз

Аулаға әдемі гулдерді отырғызамыз

ерінбей еңбек етсек тояды қарнымыз тіленбей.

...

Скачать:   txt (12.6 Kb)   pdf (190.7 Kb)   docx (16 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club