Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары
Автор: Diana0821 • Сентябрь 30, 2021 • Лекция • 2,385 Слов (10 Страниц) • 2,803 Просмотры
Тақырыбы: Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары
Лекция жоспары:
1. Үздіксіз білім беру ұғымының мәні
2. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері
3. Педагогтың сөйлеу мәдениеті
Лекция мақсаты: Педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары туралы
студенттердің білімдерін қалыптастыру.
Лекция мәтіні:
Қазіргі кезде үздіксіз білім беру және алу барлық елдерде өзекті мәселе
болып отыр. Үздіксіз білім алу мәселесі осы заманғы ақпараттық және
коммуникациялық технологиялардың, саяси және әлеуметтік экономикалық
өзгерістердің әсерінен туындаған мәселе. «Халықпен халықты, адаммен адамды
теңестіретін нәрсе білім», - деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай,
республикамыздың басқа мемлекеттермен экономика, мәдениет саясат жағынан
тең дәрежеде тұрып, олармен бәсекеге түсе алуы адамдардың білімді де білікті
болуын талап етеді.
«XXI ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда, ол
өз мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай
болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады»,- деп,
Елбасымыз өзінің жолдауында үздіксіз білім алуға ерекше мән беруі, оның
даму үрдісін үнемі қадағалап отыруы, оның нақты дәлелі.
Педагогикалық сөздікте өз бетімен білім алу – белгіленген тұлғалық және
елеулі білім беру мақсаттарына бағытталған арнайы ұйымдастырылған өзіндік
іс-әрекеті мен жүйелі танымдық іс-әрекетінің мәнін анықтайды. Олай болса,
біздің зерттеу мәселемізге байланысты оқушыларға үздіксіз білім беру
жұмысын ұйымдастыру барысында ақпарттық технологияларды пайдалану
біліктілігін қалыптастыруда танымдық қызығушылықты қанағаттандыру,
кәсіби-педагогикалық сұраныстарды есепке алу, аудио-бейнелік тәсілдерді
қолдану тетіктерін меңгеру міндеттері қойылады.
Қазіргі білім беру саласына ақпараттық технологиялардың енгізілуі жыл
сайын кешенді сипат алуда. Оқушыларға үздіксіз білім беру жұмысын
ұйымдастыру барысында ақпараттық технологияларды пайдалану басты
мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оның бірі, ақпараттық және
телекоммуникациялық технологияларды қолдану негізінде білім алу
әрекеттерінің тиімділігін арттыруға бағытталса, екіншісі, ақпараттық қоғам
сұранысына сай келетін, жаңаша ойлау қабілетін дамытуға негізделген тұлғаны
қалыптастыру.
«Үздіксіз білім» туралы ұғым өткен ғасырда-ақ атақты француз, поляк,
ағылшын, орыс педагогтарының еңбектерінде айтылған болатын. А.Л. Смиттің
айтуынша, «...ағарту ісін тек таңдаулыларға ғана арналған институт деп және
тек адамның толысу кезеңіндегі қысқа уақытқа қатысты жұмыс деп санамай,
білім алуды барлық жандарға арналған іс деп және ол өмір бойы атқарылатын
шаруа деп қарастыру қажет». Тұлға бойында іскерлік пен біліктіліктің
қалыптасуы оның барлық өмірін қамтуы тиіс. Қалыптасу – экологиялық,
әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, психологиялық, педагогикалық және
т.с.с. факторлардың әсер етуі нәтижесінде әлеуметтік мәнге ие тұлғаның жетілу
...