Экологиялық факторлар және олардың қоршаған ортаға әсері
Автор: xcix_t • Апрель 6, 2018 • Курсовая работа • 5,067 Слов (21 Страниц) • 2,065 Просмотры
Экологиялық факторлар және олардың қоршаған ортаға әсері
МАЗМҰНЫ
І бөлім
КІРІСПЕ
1.1. Экология ғылымының пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері..................
ІІ бөлім
2.1.Экологиялық факторлар...............................................................................
2.2. Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға әсері...............................
2.3. Қазақстанның экологиясының проблемалары..........................................
ІІІ бөлім
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................
Ғылыми аппарат
1. Зерттеу жұмысының өзектілігі
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш табиғатпен тікелей байланысты. Оның іргетасы– табиғат және экология. Сондықтан экология факторларының мағынасын ашу.
2. Зерттеу пәні: экология
3. Зерттеу нысаны - қоршаған орта
4. Зерттеу жұмысының мақсаты – Организмге әсер ететін кез-келген орта жағдайларын немесе орта компоненттерін айқындау. Экологиялық факторлардың заңдылықтарымен таныстыру. Оның бүгінгі жағдайын зерттеп, зерделеп, проблемаларды шешу жолдарын қарастырып, ұсыну.
5. Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Экологияның адам өмірі үшін маңыздылығын ашу.
2. Экологиялық факторларды анықтау
3. Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға әсерін айқындау
4. Қазақстан аумағында кездесетін экологиялық проблемалардың пайда болуы мен көздерін табу.
5. Анықталған проблемаларды шешу жолдарын қарастырып, ұсыну.
6. Практикалық тұрғыда дәлелдеу.
6. Зерттеу әдістері - Егер экологиялық факторлардың мағынасын ашып, олардың заңдылылықтарының қоршаған ортаға әсерін анықтасақ, онда қоршаған ортаның адам баласына қызмет ету жағдайы ұзарып, еліміздің экологиялық саясатына ықпал ете аламыз.
Кіріспе
1.1.Экология ғылымының пайда болуы мен қалыптасу кезеңдері
ЭКОЛОГИЯ жеке организмнің қоршаған ортамен қарым қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылуы және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель(1866).
Көптеген ғалымдар экология ғылымының мәнін, мағынасын, салдарын әр түрлі түсінеді. Көбі экология ғылымын жаңа ғылымның саласына қосады. Эрнест Геккельден бұрын да ғылымдар экология жайлы өзіндік зерттеулер жүргізген. Әйтсе де оның бастауына неміс ғалымы Эрнест Геккель биологиялық экологияға берген анықтама тұрғысынан қарайды, ал шындығында XXI ғасырдың экологиялық проблемалары қатыспайтын бірде-бір ғылым саласы жоқ. Сондықтан да экология ғылымы ғылымдардың ғылымы сипатына айналды. Себебі, олар барлық ғылым салаларының нәтижесіндегі ғылым жетістіктерінің табиғаттың тепе-теңдігінің бұзуылуына жауапты бола отырып, оның шешімін табуға ат салысу керек. Бұл ғаламдық проблема.
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылужәне қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз)туралыұғым да осы кездеқалыптасабастады.ХХ ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “Экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қауымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзаратығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын азғалар кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді.
...