Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі
Автор: Elshod • Сентябрь 21, 2020 • Эссе • 2,032 Слов (9 Страниц) • 1,348 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік
Университеті
СОӨЖ
Пәні : Педагогика
Тақырыбы:Педагогтың тұлғасы және оның - кәсіби құзыреттілігі
Тобы: Хб-22
Орындаған : Абдуллаұлы Иманғали
Тексерген: Аяған Еркін Сағынтайұлы
Тақырып 1. Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі
Тапсырмалар:
1. «Мұғалім тұлғасына заман талабына сай қойылатын талаптар» тақырыбында мультимедиялық көрсетілім дайындау.
2. «Педагогикалық мамандық және оның қазіргі қоғамдағы ролі» тақырыбында дәлелдер келтірілген әңгіме дайындаңыз.
3. Кәсіби құзыреттілік - мұғалімнің маңызды сапасы ұғымына тезис құрау.
Жауаптары :
2. «Педагогикалық мамандық және оның қазіргі қоғамдағы ролі»
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат , өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин атамыз бекер айтпаса керек . Мұғалімнің біздің қоғамдағы рөлі өте үлкен . Мұғалімге тән бірінші қасиет – баланы құрметтеу , сыйлау , жақсы көру . Осы айқын қасиеттер арқылы мұғалім беделі анықталады . Мұғалім - баланың екінші ата анасы . Болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы . Ұстаздық әркімнің қолынан келе бермейтін мамандық .Оның мейрімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай қателікті кешіреді . Шәкірттің бойындағы ақыл мен ойды жетілдіру осы ұстаздың міндеті .Осы тұста Абайдың : «Ақырын жүріп , анық бас , еңбегін кетпес далаға . Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген өлен жолдары дәлел .
Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі қандай ? Шәкіртіне ғылым негіздерімен мәлімет беріп қана қоймай , оны дүниежүзілік білім,ақпарат,экономика кеңістігіне шығуға , яғни қатаң бәсекеге сай ұрпақ тәрбиелеу . Жалпы бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің ерекшеліктеріне тоқтала кетсем : Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін , оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін , өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын , педагогикалық күрделі үдерістерге пікір білдіре алатын ұрпақ тәрбиелеу . Қазіргі заман мұғалімі шәкірт жүрегіне жол таба алатын , ұстамды , жаңа ғасыр талабына сай келетін , еңбекқор болуы шарт . Тек осылай жұмыс жасаған ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып , сый-құрметіне бөленбек . Сонымен мұғалімділік өткен тәжірибелерін жаңа тәжірибеге ұштастырып отыратын жалғыз мамандық иесі . Мұғалім қазіргі қоғамда «қозғалтқыш» рөлін атқарады . Себебі: жас ұрпақтын тәрбиесіне , жаңа және озық технологиялардың дамуына , қоғамдық процестердің дамуына үлкен рөл қосады . Бұл өте ұзақ әрі күрделі процесс .Мұғалімнің әлеуметтік рөлінің тағы бірі ол , содан кейін жасаған қоғамдық қатынастарды , қарым – қатынас және мінез-құлық тәжірбесін қалыптастыруы . Кез келген тұлға ең алдымен ұстаздан білім алады . Сондықтан ұлттың тағдыры ұстаздардың қолында . Қорытындылай келе , педагогикалық мамандықтар қоғамдағы ең рөлі жоғары мамандық . Тәрбие және қоғамды қалыптастырудағы рөлі осыған дәлел . Ұстаздардың қоғам алдындағы міндетті және рөлі өте жоғары.Себебі, ұлттың болашағын ойлайтын ұрпақ қалыптастыру ұстаздардың қолында .Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды , байлығымызды , тіліміз және дінімізді түгендеу , игеру және оны жас ұрпаққа сіңіру осы ұстаздардың басты қоғам алдындағы борышы .
...