Матрицалық синтездерді реттеуші факторлар
Автор: Saltan • Февраль 23, 2018 • Реферат • 1,089 Слов (5 Страниц) • 3,100 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті
[pic 1]
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина.
Дисциплина: Молекулалық биология және медициналық генетика.
Кафедрасы: Жаратылыстану ғылыми пәндер.
Курс: І
Тақырыбы: Матрицалық синтездерді реттеуші факторлар.
Орындау түрі: Глоссарий.
Орындаған: Қожамұратова С.Е.
Тобы: 101Б
Тексерген: Батырова Г.А.
Ақтөбе, 2017ж.
Асимметриялық құбылыс – бір – бірінен ажырасқан ДНҚ жіпшелерінің тек біреуі ғана РНҚ синтезі үшін матрица қызметін атқара алуы.
Артта қалушы тізбек - ДНҚ тізбегі синтезделген кезде, үзіліп – үзіліп синдезделуінен пайда болған қысқа тізбек.
Антокодон – аРНҚ молекуласының кодонына комплиментарлы т-РНҚ триплеті.
Аттенуаторлар – структуралық гендердің алдында орналасып, транскрипцияның аяқталуы жайлы белгі беретін арнайы нуклеотидтер жүйесі.
Геликаза – ДНҚ молекуласының тізбегіндегі комплементарлы нуклеотидтер (А-Т: Г-Ц) арасындағы сутектік байланыстарды үзетін және репликативтик ашаның пайда болуына алып келетін фермент.
Генетикалық код – тұқым қуалаушылық ақпараттың, яғни 20 аминқышқылдар туралы ақпараттың, ДНҚ молекуласындағы 4 нуклеотидтер арқылы қысқаша жазылу, сақталу және жүзеге асыру жүйесі.
Лидерлік тізбек – ДНҚ тізбегі синтезделген кезде, үзіліссіз синдезделуінен пайда болған ұзын тізбек.
ДНҚ репликациясы – ДНҚ-ның өздігінен екі еселенуі, тұқым қуалаушылық ақпарат ұрпақтан - ұрпаққа өзгеріссіз, тепе – тең мөлшерде беріліп, ұрпақтардың жалғасуы қамтамасыз етіледі.
ДНҚ-лигаза – нуклеин қышқылдарының молекула бөлшектерін бір біріне жалғануын жүзеге асыратын ферменттер.
Жартылай консервативті – матрица қызметін аналық ДНҚ молекуласының екі тізбегінің атқаруы.
Инициация – трансляция басталу кезеңі, бұл кезде рибосома а-РНҚ мен байланысып, рибосоманың үлкен бөлшегіндегі А-учаскеге т-РНҚ мен –метиониннің келіп орналасуы.
Индуктор – ақуыз – репрессормен байланысып транскрипция процесінің басталуына жол ашатын фермент.
Кэп (қалпақша) – аРНҚ молекуласының 5`- ұшында орналасқан, 4-7 нуклеотидтерден тұратын және қорғаныстық қызмет атқаратын учаске
Кодон – (триплет) геннің ең ұсақ, 3 нуклеотидтен тұратын және бір аминқышқылын анықтаитын қызметтік бірлігі.
Колинеарлық – ДНҚ молекуласында нуклеотидтер орналасуының полипептид молекуласының аминқышқылдарының орналасу ретіне сәйкес болуы.
Консервативтік құбылыс – транскрипция аяқталғаннан кейін ДНҚ молекуласының ширатылып, бастапқы күйге келуі.
Лактоза опероны – лактозаны ыдыратуға қатынасатын ферменттер гендерінің экспрессиясын реттейтін құрылымдық – қызметтік бірлік.
Лигаза – нуклеин қышқылдарының молекула бөлшектерін бір – біріне «тігуші» фермент.
Лигант – рецептор не басқа бір ақуызбен байланысатын молекула.
Матрицалық синтез – полимеризацияның және көп конденсацияның реакциялары, полимердің құрылымы және үдерісінің басқа макромолекула – матрицаның бірнеше мономерлері мен бір ширатпада орналасуы.
Матрицалық тізбек – транскрипцияға ұшырайтын тізбек. Басқаша аитқанда «мағынасыз тізбек» деп аталады.
Мағыналы тізбек – аминқышқылдарынан ақуыз синтезделетін тізбек.
Негізгі инициаторлық кешен – промотормен байланысқан ақуыздар кешені.
Оперон – реттеуші белоктар байланысатын арнайы нуклеотидтер жүйесі.
...