Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жастардың виртуалды қауымдастыққа бірігуі мен қалыптасуына әсер етуші факторлар

Автор:   •  Апрель 11, 2018  •  Реферат  •  14,192 Слов (57 Страниц)  •  841 Просмотры

Страница 1 из 57

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ        2

I ЖАСТАРДЫҢ ВИРТУАЛДЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ        5

1.2 Виртуалды қауымдастықта әлеуметтік өзара әрекеттесу ерекшелігі        5

1.2 Жастардың әлеуметтік өміріндегі виртуалды қауымдастықтың рөлі        15

II ВИРТУАЛДЫ ҚАУЫМДАСТЫҚТАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ        20

2.1        Жастардың виртуалды қауымдастыққа бірігуі мен қалыптасуына әсер етуші факторлар        25

2.2  ҚР жастарының виртуалды қауымдастық тәжірибесі және күнделікті өмір құрылымы        25

ҚОРЫТЫНДЫ        28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР        34

ҚОСЫМША        38

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: XXI ғасырдың бастапқы жылдарынан бастап, әлеуметтік желі мәселесі – бүкіл әлемдік қолға алынып жатқан ауқымды мәселе болып табылды. Жастардың әлеуметтік желіге қарай бет бұруы, олардың адамдық қатынастардың әлсіреуіне алып келді.  Жастарды әлеуметтік желідегі қызықтырушы көріністері, ортақ мүдделері жастардың ара-қатынасын жақындатады. Алайда, бұл процесс  шынайы өмірдегі қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуде. Сондықтан, бұл көрініс ауқымды мәселе болып табылады.

Қазіргі әлеуметтанудың ғылым ретіндегі негізгі мақсаты қазіргі қоғам өзгерістерін сипаттаумен түсіндіру. Қазіргі қоғамның радикалды бетбұрысы, таңғажайып құбылысы ретінде интернет болып табылады. Әлеуметтік зерттеу объектісі ретінде интернет ерте кезден-ақ өзінің дамуы мен кең таралуы зерттеушілерді қызықтырды. Интернетпен онымен байланысты әлеуметтік өзгерістерге қазіргі қоғамның өзге құбылыстарымен салыстырғанда үлкен зерттеушілік көңіл бөлінуде (тек қана әлеуметтік ғылымдарда ғана емес). Интернет қазіргі қоғамның бөлінбес шарты, ол күнделікті өмір кезеңіне терең еніп өз орнын иеленген дегенмен осы уақытқа дейін бұл коммуникациялық медиумның мәні мен рөліне анық және сенімді білім берілмеген.  Бұл жағынан интернетті "жаһандық масштабпен кез келген уақыттағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын мүмкін ете алатын коммуникациялық медиум" бірегей әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылды. Қазіргі уақыттағы атақты әлеуметтанушы Мануэль Кастельс, Маршалл Маклюнның "Гутенберг галактикасы" жұмысына тікелей бағыттаушы "Интернет галактикасы" атты кітапты жазған болатын және осы арқылы XV ғасырда орын алған қазіргі әлеуметтік өзгерістер мағынасымен көлемін сәйкестендірді.

Интернеттің кең таралуымен туындаған әлеуметтік өзгерістер табиғатын түсіну үшін біз интернеттің әлеуметтік өлшеміндегі негізгі бірлігі әлеуметтік қауымдастықты зерттейміз. Біздің көзқарасымыз бойынща әлеуметтану спецификасы әлеуметтік ара қатынастар табиғатын тану мен зерттеуді қамтиды. Әлеуметтанудағы негізгі революция ара қатынастар, адамдардың жүріс-тұрысы мен тәжірибешілерді басқарушы адамның өзіне деген қарым-қатынас құрылымы болып есептелінді. Соның ішінде теңсіздік құрылымы, сондықтан әлеуметтану әрдайым әлеуметтік теңсіздік құрылымдарына қатысты болады.   Осылайша біздің зерттеуіміздің тақырыбын "виртуалды қауымдастықтың әлеуметтік құрылымы" етіп құрастыруға аламыз, дегенмен біз қазіргі әлеуметтанушы ғалым Пьер Бурдье ұсынған әлеуметтік құрылымның бірегей моделі - "Әлеуметтік алаң" атты әмбебап әлеуметтік теориясын қолданамыз.

Сонымен зерттеу жұмыстың пәні ерекше әлеуметтік құрылым моделі ретінде әлеуметтік алаң болып табылады. Осылайша әлеуметтік зерттеу - виртуалды қауымдастық ал оның пәні виртуалды қауымдастықтың әлеуметтік алаңы.

Нәтижесінде интернетті қолданудағы бірізділікті есепке ала отыра Ю.Хабермастың ізімен әлеуметтік ықпал етуші (тәжірибенің 2 түрі): рационалдымақсатты және коммуникативті бағыттарын қарастырамыз. Бірінші жағдайда интернет әлеуметтік іс-әрекетті ұйымдастыру мен координациялау үшін қолданылатын қосалқы шындық. Мысал ретінде Facebook және Twitter секілді виртуалды әлеуметтік желілердің көмегімен ұйымдастырылған революциялық көтерілістер, бейбіт өткен флешмобтар мен түрлі акциялар жатады. Екінші жағдайда виртуалды шындық мақсаты виртуалды коммуникация болып табылады.  Менің ойымша екінші жағдайда виртуалды коммуникация негізінде туындайтын әлеуметтік теңсіздік құрылымы дәстүрлі әлеуметтік теңсіздік құрылымынан радикалды түрде ерекшеленеді. Бурдьенің "әлеуметтік алаң" концепциясы әлеуметтік теңсіздік құрылымын зерттеу үшін құралдарды ұсынады ондағы негізгі тезис: әрбір әлеуметтік теңсіздік белгілі бір капитал топталу шеңберінде құрылымданады. Біздің мақсат жастардың виртуалды қауымдастық түрлеріне, құрылымына, жеке өмірінің ықпалына анализ жасау.

...

Скачать:   txt (210.6 Kb)   pdf (705.1 Kb)   docx (210.4 Kb)  
Продолжить читать еще 56 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club