Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Психологиялық - педагогикалық кеңес беру"

Автор:   •  Февраль 10, 2018  •  Курс лекций  •  9,526 Слов (39 Страниц)  •  6,518 Просмотры

Страница 1 из 39

«Психологиялық - педагогикалық кеңес беру» пәні бойынша дәрістер жинағы

1 дәріс. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру қызметі Жоспары: 1. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың қызметіне жалпы сипаттама 2. Педагог-психолог іс-әрекетінің бағыттары негізінде әлеуметтік психологиялық кеңес беру 1. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың қызметіне жалпы сипаттама Еліміздегі жоғары оқу орнындағы студенттердің білім сапасын арттыру қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл мәселе жөнінде елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауында «Еліміздің оқу-білім сапасын арттырмайынша біз ауқымды экономика құра алмаймыз» деген болатын. Жаңа формацияда білім беру саласының барлық үдерісінде, студенттердің кәсіби дайындықтарын дамытумен қатар студенттердің жеке ерекшеліктерін ескеру, олардың қабілеттеріне және тұлғалық бағыттылық ықпалына қарай жағдай туғызуды қажет етеді. Осы тұста оқытудың теориялық және практикалық негізінде студенттерге әлеуметтік- психолгиялық кеңес беру қажеттілігі туындауда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мекемелеріне педагог-психолог мамандығын енгізу туралы нұсқау хаты негізінде мептептерде әлеуметтік-педагог, педагог-психолог мамандары қызмет жасай бастады. Бұл мамандардың алдында болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі имандылық, адамгершілік қасиеттерін, рухани байлығын, жан-дүниесін, білім сапасын, тән сұлулығын арттыруда оқушылармен педагогикалық- психологиялық қызмет атқару міндеттері тұрады. Педагог-психолог мамандар қоғамдағы саяси-экономикалық жағдайларда кездесетін келеңсіз үдерістермен күрес жүргізе алатын – күрескер де бола білуі қажет. Мектеп педагог-психологы жалпы, орта және кәсіптік білім беретін мектептердің жұмыстарын көрсететін құжаттар мен материалдарды, педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы туралы арнайы әдебиеттерді, қазіргі психодиагностиканың және психологиялық түзетудің әдістерін пайдаланып, зерттеу материалдарын талдауды, педагогиканың, дидактиканың сабақ беру әдістемесінің, дефектологияның негіздерін білуге, мектептің психологиялық қызметі құжаттарының толтырылу тәртібін, мектеп құжаттары мен нормативті құжаттарды білуге тиісті. Демек, олардың жеке басының әділдік, тапқырлық, қамқорлық, шыдамдылық, адамшылық, кең пейілдік қасиеттері басым болуы қажет. Өйткені, «Педагогика және психология» мамандығын аяқтаған маман иелері оқытушылық қызметті педагогикалық колледждерде ғана атқара алады, ал негізінен олар білім беру саласын қамтамасыз ететін мамандар. Сондықтан да олар ұйымдастырушылық- басқарушылық қызметті атқарулары тиіс. Олай болса, педагог-психолог маманның қызметі төмендегі 1-ші сызбада топтастырылды, жеке басының ерекшеліктері 2-ші сызбада қарасырылған. 2 МЕКТЕПТЕГІ ПЕДАГОГ- ПСИХОЛОГТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОППЕН СЫНЫППЕН ЖҰМЫС ДИСПЕТЧЕРЛІК ЖҰМЫС ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ҚЫЗМЕТІ МАМАНДЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖЕКЕ-ДАРА ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС МҰҒАЛІМДЕР ҰЖЫМЫМЕН ЖҰМЫС ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС Қазіргі таңда көптеген мектептерде педагог-психолог маманның қызметіне әлеуметтік жұмыстарда кіріктірілген. Кейбір мектептерде әсіресе ауылдық жерлерде педагог-психолог маман көбінесе тәрбиешінің міндеттерін орындап, түрлі сауықтыру жұмыстарын атқарады. Білім беру жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет: ғылыми, қолданбалы және практикалық сияқты үш тұрғыда қарастырылады. Ғылыми жағы білім берудегі педагогикалық-психологиялық қызмет мәселелерінің зерттелуін, теориялық және әдіснамалық негіздемесін, психодиагностика жасау, қазірі мектептегі білім берудің нақты жағдайына сай педагогикалық-психологиялық білімді қолдану түрлері мен әдістерін дамыту, білімдегі педагогикалық-психологиялық қызметтің аймақтық жүйесіндегі жұмыстарына тікелей қатысты және психологиялық түзетулерді қамтиды. Қолданбалы жағы оқыту мен тәрбиенің, оқулықтардағы дидактикалық және әдістемелік материалдардың, оқу бағдарламаларының педагогикалық-психологиялық негіздерін жасау және оны талдау мен білім беру үдерістерін педагогикалық- психологиялық жағынан қамтамасыз ету. Практикалық жағы педагог-психологтардың білім беру мекемелеріндегі (балабақшалар, мектептер, гимназиялар мен балалар үйлері және т.б.) педагогикалық- психологиялық қызметі атқару болып табылады. Ал, мектептегі педагог-психолог маманның қызметтік міндеттері төмендегідей: * жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға жеке, топтық көмек беру үшін педагогикалық-психологиялық зерттеуді жүзеге асыру; * психология ғылымының жетістіктерін негізге ала отырып, мектеп оқушыларының әркелкі жас кезеңінде жан-жақты, тұлғалық, жеке даралық дамуын қамтуға ықпал етеді; * мектеп әкімшілігі, мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналардың сұраныстары бойынша психологиялық сақтандыру, диагностикалық, түзеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізу. Оқушылардың жеке-даралық, тұлғалық, эмоциялық, ерік-жігерін, қызығушылықтары мен қабілеттерін зерттейді; * оқушылардың оқуға деген педагогикалық-психологиялық дайындығының жеткіліксіздігін анықтауды мақсат ете отырып, бірінші сыныпқа бала қабылдауға қатысады; 3 * педагогикалық кеңестің, әдістемелік бірлестіктердің, сынып сағаттарына, ата-аналар жиналыстарына, жеке пән сабақтарына қатынасып, оқушыларды зерттеп, жеке ерекшеліктерін анықтап, педагогикалық-психологиялық көмек көрсету негізінде педагогикалық консилиумдар мен педагогикалық кеңестерге қажетті ақпараттар дайындайды; * мектептегі арнайы қызмет бөлмесін құру және қажетті құжаттарды сақтауды, оларды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алады; * мектептегі психологиялық-педагогикалық жұмыстарының нәтижесі мен есебінің ғылыми-әдістемелік орталықтар тағайындаған талаптарына сай болуын жүзеге асырады. * жеке оқушыларға, әрбір сыныпқа портфолио дайындайды. 2. Педагог-психолог іс-әрекетінің бағыттары негізінде әлеуметтік психологиялық кеңес беру Бүгінгі мектеп педагог-психолгтары мен әлеуметтік педагогтардың алдында үлкен күрделі міндеттер тұр, оны шешу үшін кәсіби білім мен іскерлікті меңгеру керек. Отандық ғалым С.М.Жақыпов өзіінң ғылыми еңбегінде: «оқу үдерісінің педагогикалық-психологиялық модельдеудің қызметтік деңгейінің бірінші сатысы оқытушы мен оқушылардың ішкі жүйелік қарым-қатынасы ретінде білімнің мазмұндық жанамалығы, оқытудың әдіс-құралдары көрсетілген. Оқу үдкрісі жүйесінің құрылымдық бағдарын анықтай отырып, білімнің объективті және субъективті мазмұндылығын айыру қажеттілігі туындайды», дейді. Яғни, оқу үдерісінде оқытушы мен оқушының қарым- қатынасы маңызды роль атқарады. Педагог-психологтар қарым-қатынасқа негізделген жалпы келесідей әлеуметтік-психологиялық бағыттардағы жұмыстарды қамтуы қажет, ол:  Психодиагностика –тұлға туралы жан-жақты ақпарат жинау:  Психопрофилактика- дезадаптация, белгілі бір жағдайға бейімделудің алдын-алу немесе жағымды психологиялық жұмысбастылық деңгейін төмендету мен оның алдын- алу жұмыстарын жүзеге асыру;  Психокоррекция- баланың психикасына мақсатты түрде әсер ету, оның негізгі деңгейге, әрі жас ерекшеліктеріне сәйкес теңестірушілік жұмыстарды жүзеге асыру;  Психологиялық кеңестер – мұғалімдерге, ата-аналарға, оқушыларға қажетті психологиялық ақпарат бере отырып, өмірінде кездесетін қайшылықтарды, өтпелі кезеңдерді жеңуге, әрі сапалы нәтижеге жетуіне ықпал ету;  Психотерапия – адамның психикалық ауытқушылығы болмаған жағдайда, тұлғаның сапалық тұрғыға өзгеруіне байланысты мәселелерді жүзеге асыруға бағытталуы. Осыған орай мектептерде педагог-психолог маман әлеуметтік –психологиялық жұмыстарды да атқарады: 1. Әлеуметтік-психологиялық ағарту шаралары. Дәріс, семинар түрлеріндегі ақпараттық іс-шаралар. Дәріс мазмұнын нақты мысалдарды бейнелейтін көрнекіліктермен, осы заманғы озық техника мүмкіндіктерін пайдаланумен байланыстырып отыру керек. 2. Психологиялық кеңестер жеке сипат алуы керек. Нақты мәселе бойынша берілер кеңестер аса биязы, алдындағы адамның жүрегін жараламайтындай, көңілін жабырқатпайтындай, мәселенің шешілуіне сендіре білу, үміт отын жағу арқылы кәсіби біліктілік тұрғыда жүзеге асырылуы тиіс. 3. «Ашық әңгіме» пікірталасы – ортақ мақсат біріктірген ата-аналардың көңіліндегі негізгі ойларын ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасу. 4. Психогимнастика- бұл баланың көңіл-күй ахуалын реттеуге арналған арнайы жаттығулар кешені. Негізгі мақсаты - қарым-қатынас барысындағы кедергілерді жеңу, өзін және басқаларды түсіне білуін жетілдіру, өзін-өзі таныта білу мүмкіндіктерін жасау. Психогимнастика курсынан толық өткен балалардың өздерінің құрдастарымен қарым- 4 қатынасы жақсарады, сезімдерін сыртқа шығаруды үйренеді, мінездерінде батылдық, әділдік, мейрімділік, өз-өзіне сенімділік сапалары қалыптасады. 5. Психотренинг –бұл да қолданбалы психология ғылымының белсенді әдістерінің бірі. Басты мақсаты- қарым-қатынас іскерлігін дамытуға, сезімталдықты жетілдіруге және мінез-құлықты реттеуге бағытталған. Педагог-психолог маманның iс-әрекетi әлеуметтiк ортаның әлеуметтiк-мәдени жағдайын оңды өзгертуге мақсатты түрде педагогикалық тұрғысынан ықпал етуі. Ортаны гуманизациялау мен педагогикаландыру – бұл әлеуметтiк педагог iс-әрекетiнiң рухани- адамгершiлiк негiзi мен мақсаты. Демек, педагог-психологтың алдына төмендегідей мақсат қойылады:  баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау;  оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу;  педагогикалық ұжыммен, дәрігерлік қызметпен, әлеуметтанкшылар, дефектологтар, сондай-ақ қоғам өкілдерімен тығыз байланыста болу; Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың психикалық саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына әсер ету және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру. Мектептегі педагог-психологтың қызметін атқару үшін жан-жақты білімі бар сол кәсіпті бірінші өзі жете түсінуші маман болу қажет, және де кәсіп туралы мағлұматтары мен кәсіби даярлығының болуы шарт. Себебі педагог-психолог маманының адаммен қалай жұмыс жасау керектігін қыр сырын түсінген бойында адаммен тіл табыса білу қабілеті, қалай жұмыс жасай білу шеберлігі, сөйлесу мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу және адамдармен араласқанда оларды өзіне қарата алушылық және сөзіне иландыра алу, ұйымдастырушылық қабілеті болуы тиіс. Осыған байланысты педагог-психологтың атқаратын қызметі мынадай болып жіктеледі: - ақпараттық (ақпарат беру); - дамытушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамыту); - мобильділік (істің, тапсырманың, жаттығудың орындалуының жылдамдығын қадағалау); - қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс, т.б.); - коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен, әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас); - ұйымдастырушылық ( оқытушыларды, басқа мұғалімдерді, ата-аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды, сынып сағаттарын, сауалнамалар, экскурсия, т.б. ұйымдастырады); - зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу); Сынып жетекшісі, тәрбиешілердің атқаратын қызметтері: - тәрбиелеушілік (оқушылардың қабілеттерін кез келген әдіспен тәрбиелеу, қалыптастыру, дамыту); - ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандыру); - коррекциялық (білім алушылардың іс-әрекетін қайта түзету); - диагностикалық (болжамдық зерттеулер жүргізу). - психопрофилактикалық (психологиялық кеңестер беру, жеке жұмыс жасау). Сонымен қатар, олар диагностикалық қызметті атқарады. Диагностикалық қызметке: - өз құзыреті шеңбері бойынша көмекті қажет ететін әлеуметтік қорғау. - әлеуметтік педагог кәмелеттік жасқа толмағандардың ата-аналарына құқықтық білім беру мен тәрбиесін ұйымдастыру. Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуге сынып жетекшілері де атсалысады. 5 2 дәріс. Педагог-психолог пен оқушы арақтынасындағы сенімділікті құру (вербалды және вербалды емес тәсілмен) жолдары Трансакция – адамдардың әрқайсысының белгілі бір позицияны ұсынып, өзара әрекеттесу бірлігі. қарым-қатынастың трансактілі анализі негізгі 3 позицияны бөліп көрсетеді: бала, ата- ана және ересек адам. Олар күніне бірнеше рет бірін-бірі ауыстырып отырады. Адамның жүріс-тұрысында үш позицияның біреуі басым болуы мүмкін. Бала позициясында адам басқа адамға төменнен жоғары қарайды, басқа адамдардың оны жақсы көретіндігін сезгенде оларға бағынып отырады, сонымен қатар өзіне-өзі сенімсіздікті, әлсіздікті сезінеді. Бұл позиция балалық шақтың негізі болып табылады. Дегенмен, ересек адамдарда да кездеседі. Мысалы, жас әйел күйеуімен қарым-қатынасқа түскенде өзін кішкентай қыз ретінде сезінгісі келеді. Бұл кезде күйеуі ата-ана позициясында болады, яғни ол әйелін еркелетеді, қорғайды, сонымен бірге бұйрық беріп те отырады. Ал өз ата-анасымен қарым-қатынасқа түскенде ересек адамның позициясын алуға ұмтылады, яғни байсалды, сабырлы, жауапкершілігі мол болып келеді. Ата-ана позициясының 2 түрі белгілі: жазалайтын – бұйрық береді, сынайды, тыңдамаған және қате жіберген кезде ұрсады; бағатын -қорғайды, көмектеседі, қолпаштайды, қайырымды, кешірімді болып келеді. Бала позициясы да 2 түрге бөлінеді: тыңдайтын - айтқанның бәрін істейді, қарсылық білдірмейді; тыңдамайтын - қарсылық білдіріп, өз дегенін істеуге ұмтылады. Бір-бірін екі бала, екі ата-ана және екі ересек адам жақсы түсіне алады. Ең тиімдісі - қарым-қатынасқа түсетін адамдардың әрқайсысының ересек адам позициясын алуы. Ата-ана мен ересек адам қарым-қатынасы динамикалы болып табылады: не ересек адам өзінің байсалдылығы мен жауапкершілікті жүріс-тұрысымен ата-ананы өз орнына қойып, ересек адам позициясына әкеледі; не ата-ана ересек адамды өзіне бағындырып, бала позициясына қояды. Ересек адам мен бала қарым-қатынасы да динамикалы болып келеді: не ересек адам баланы жауапкершілікке тартып, ересек адам позициясына қояды, не бала ересек адамды өзін бағатын, қамқор болатын ата-ана позициясына әкеледі. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас қарым-қатынас негізгі екі канал арқылы жүзеге асады: тілдік (вербалды) және тілдік емес (вербалды емес) қарым-қатынас каналдары. Сөйлеу тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ақпараттың қайнар көзі, басқа адамға әсер етудің тәсілі. Тілдік қарым-қатынас құрылымына мыналар жатады: 1) сөздердің мәні мен мағынасы - сөздерді нақты, дұрыс айту, сөйлемдерді дұрыс құру; 2) тілдегі дыбыстық құбылыстар - сөйлеудің темпі, ритмі, интонациясы, дикциясы, дауыстың жоғары-төмендігі, әуезділігі, тембрі; 3) дауыс шығару көріністері - қарым-қатынас барысында пайда болатын арнайы дыбыстар. Мысалы, күлу, жылау, сыбырлау, күрсіну, “хм-хм”, “эх”, “ах”, т.б. сөздердегі дыбыстар. Көптеген зерттеулердің көрсетуі бойынша, күнделікті қарым-қатынастың 7 пайызын - сөздер, 40 пайызын - дыбыстар, 53 пайызын тілдік емес өзара әрекеттесулер құрайды. Тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін ғылымдар: 1. Кинестика адамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді: а) Мимика бет-әлпеттің бұлшық ет қозғалыстарын зерттейді; ә) Жестика дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын зерттейді; б) Пантомимика дененің бүкіл моторикасын: жүріс-тұрыс, еңкею, қисаю, т.б. қалыптарын зерттейді; 6 2. Таксика қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтау, сипау, т.б. денеге тию әрекеттерін зерттейді; 3. Проксемика қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді. Адамдардың өзара байланысында келесі арақашықтық зоналары белгіленеді: Интимді зона (15-45 см). Бұл зонада тек өте жақын адамдар болады. Олар бір-біріне сенімді болады, тактильді байланыс орнатады, тыныш, ақырын дауыспен сөйлейді. Зерттеулердің көрсетуі бойынша, интимді зонаның бұзылуы ағзадағы әр түрлі физиологиялық өзгерістерге әкеледі. Мысалы, жүрек қағысының жылдам болуы, адреналиннің тым көтерілуі, қанның басқа шығуы, т.б. ´зіндік немесе персоналдық зона (45-120 см) достар мен әріптестер арасындағы қарапайым әңгімелесу кезінде болады, визуалды-көру байланысы орнатылады; °леуметтік зона (120-400 см), әдетте, ресми кездесулерде, мұғалімдер немесе басқа да жұмыс бөлімдерінде бірін-бірі жақсы танымайтын адамдар арасында болады; Публикациялық зона (400-ден жоғары) үлкен топпен қарым-қатынаста орнайды, мысалы, митинг, дәріс аудиторияларында, т.б. Мимика – адамның ішкі эмоционалды күйін білдіретін бет-әлпет бұлшық еттерінің қозғалысы. Мимика адамның көңіл-күйі туралы нағыз, дәл ақпарат береді. Ақпараттың 70 пайызынан көбін мимикалық көріністер береді, яғни адамның көзқарасы, қасы, ерні, мұрны оның айтқан сөздеріне қарағанда көп мәлімет береді. Адам көзқарастарының түрлері: Кәсіби - адамның көзі басқа адамның маңдайына бағытталады, бұл қарым-қатынастың жақсы атмосферасының орнауына әсерін тигізеді; Ауқатты қауым – адамның көзі басқа адамның көзінен төмен ерінге дейінгі жерге бағытталады; Интимді – адамның көзі басқа адамның көзіне емес, бетінен төмен кеудесіне дейін бағытталады. Көз, қас, маңдай, мұрын, ауыз, ерін, иек адамның негізгі эмоцияларын көрсетеді: қуану, қайғыру, қорқу, мұңаю, таң қалу, қызығу, т.б. Адамның нағыз сезімін байқауда ерін мен қастың маңызы зор. Ым-ишара қарым-қатынас барысында көп ақпарат береді. Ым-ишараның негізгі түрлері: Иллюстраторлық ым-ишаралар - мәлімет беретін ым-ишаралар: белгілер, пиктография - суреттердің бейнелері, кинетография – денемен қозғалыс, идеографтар - ойдағы заттарды біріктіретін қолдардың қозғалысы. Мысалы, “мынадай” деп заттардың көлемін, формасын көрсету 3 дәріс. Педагогикалық-психологиялық кеңес беру тәсілдері мен әдістерін талдау Психологиялық кеңес беру - тұлғааралық қарым-қатынастағы қиындықтармен байланысты әр түрлі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған адамдармен тәуелсіз жұмыс. Бұнда әсер етудің негізгі құралы ұйымдастырылған әңгіме болып табылады. Психологиялық кеңес берудің мазмұны- педагог-психолог өзінің кәсіптік- ғылыми білімін қолдана отырып, екінші адамға өзінің жаңа психологиялық тапсырмаларын шешу қабілетін сездіретін жағдай жасайды. Бұл мына шкала бойынша тексеріледі: 1. Педагог- психолог өте байқампаз болуы қажет. Клиентті тоқтатып, маңызды ақпараттарды сараптайды; 2. Педагог- психологтың іс-әрекеті құрастырмалы. Ол басқа адамға ақылмен әсер етуге тырысады; 3.Клиенттің жауабы педагог- психологтың айтқандарымен сәйкес; 4. Педагог- психолог клиент тапсырмасын шеше отырып, оның жағдайына жеңілдету енгізеді; 7 5. Педагог- психологтың бойында түсіну мен жағымдылық арқылы әсер ету дағдысы бар; Психологиялық кеңес берудің мақсаты- клиентке проблеманы түсіндіру және оны шешудің жолын табуға көмектесу. Кеңес берудегі сәттілік көбіне педагог-психологтың клиентті кәсіби тыңдап, оның өзі туралы көзқарастарын кеңейте білуінде. Кеңес беру процесінде мына тапсырмалар шешіледі: 1. Клиентті оның психологиялық ерекшеліктері туралы ақпараттандыру; 2. Жалпы психологиялық сауаттылықтың жоғарылауы; 3. Клиенттің жасырын психологиялық ресурстарын жаңарту; 4. Тұлғаның алдағы дамуының негізгі бағытын анықтау; Педагог-психолог сиуцидтермен әңгімелесіп, кеңес беру кезінде сауысқандай сақ болу керектігін, әлденелер оның онсыз да «апатты жағдайда» тұрған көңіліне зақым келтіруі мүмкін екендігін ескеруі керек. Ескере отырып, ол көмекті қажет етіп отырған әрбір суицидке психологиялық қолдау көрсетуге тырысуы абзал. Осы орайда айта кету қажет, педагог-психологтың кеңес беруі жалпы екі сипатта жүреді: даралық және топтық. Топтық кеңес беру көбіне адамдар арасындағы қарым- қатынасқа байланысты туындайтын қиыншылықтарда жүзеге асырылады. Ал, өз- өзін өлтірушілерге байланысты мәселе төңірегінде кеңес беру жеке даралық формада өткізілуі тиіс. Себебі, олар өздерінің жандарына батып жүрген қайғыларын, сезімдерін, үмітсіздікті, өзінің тіршілігінің мәнін жоғалтқанын және т.б. айтуды қалап келеді. Сондықтан педагог- психолог қызметтік этиканы сақтай отырып, оны өзі туралы ақпараттардың шүбәсіз құпия сақталатынына сендіре отырып, суицидтің әбден ойындағысын айтып қалуға, психикалық ширығуын босатуға барынша мүмкіндік береді. Ал бұл проблеманы шешу үшін маман клиент туралы мәліметтер жинастыруы қажет. Алынған мәліметтерді 4 тарауға бөліп қарастыруға болады: 1.Денсаулық жағдайы; 2. Әлеуметтік жағдайдың ерекшелігі туралы; 3. Клиенттің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің ерекшелігі туралы; 4.Эмоционалды тұлғалық және танымдық дамуының сипаттамасы туралы; Осы алынған мәліметтер негізінде енді педагог-психолог шешім шығарады: - даму деңгейінің жалпы бағасы; - клиент қиындықтарының негізі; - олардың қиындық деңгейі; - қиындықтарды қоздырушы факторлар; - мәселе өткірлігін төмендету мақсатында әсер етудің аясы; Енді осы жерде педагог- психолог жастар арасындағы суицидпен күресу жолында оның қоршаған ортасымен түгелдей қарым-қатынас орнатуы қажет екенін айта кету керек. Әсіресе, оның ата- анасы мен достары педагог- психологтың өзін- өзі өлтірудің алдын алу жолында маңызды көмекшілері болып табылады. Олар педагог-психологтың сиуцидке бейім адамдар туралы ақпараттарын толықтыра алады. Суицид өз-өзін өлтіруге бармас бұрын қандай да формада қарсылық көрсетеді екен: үйден кетіп қалады, барлық нәрсеге немқұрайлық танытады, соның ішінде сыртқы әлпетіне назар аудартады. Осы секілді іс- әрекеттерді атқыруы педагог-психолог ойында бірден суицизм туралы ой тудыруы қажет. Психотерапия мен психокоррекцияның әдістеріне: 1. аутогенді жатығулар; 2. психологиялық тренинг түрлері; 3. психотехникалық тапсырмалар мен ойындар; 4. дәстүрлі пән бойынша оқытудың әр түрлі формалы (мәтінді жылдам, мәнерлеп оқуға, жаттығуға т.с.с.) үйрету жатады. Консультативті қызмет- мектеп психологының жұмысына тән бағыт. Кеңес беру мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар үшін жүргізіледі. Олар: индивидуалды және топтық болуы мүмкін. Психологиялық кеңес беру өзінің тапсырмалары бойынша 8 психопрофилактикалық жұмысқа қосылады. Бірақ та, олардың арасында өздеріне тән айырмашылықтар бар. Егер де біз психопрофилактикалық жұмысты психологиялық проблеманың әлі пайда болмаған кезінде бастасақ, онда кеңес беруді проблемасымен келіп отырған адамға береміз. Мұғалімдерде, оқушыларда немесе ата-аналар да өздері шеше алмайтын қандай да бір проблема туындайды. Дегенмен, оларды осы проблемалар қобалжытады, мазасыздандырады. Сондықтан да олар мектеп психологына көмекке барады. Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету міндеті- көмек сұрап келген адамның проблемасын шешу. Бұл жердегі басты қиындық осы жердегі шынайы проблеманы табу және оның себептерін анықтау. Мысалы: көп жағадайларда мұғалім психологқа балалармен жұмыс жасауға көмектесуін сұрайды. Яғни, олардың оқу үлгерімі және мінез- құлқы немесе құрдастары мен, мұғаліммен өзара қарым-қатынас проблемалары. Көбінесе, проблема мұғалімнің өзінің қатынасында немесе дұрыс емес әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Мынадай бір жағдайды елестетейік: оқушы қандай да бір пәннен жаман оқиды. Мұғалім психологқа кеңес алуға барады. Бірақ психолог кеңес беру кезінде тек қана мұғалімге көмек бере алады: неліктен сол балаға подходты таппайды? және тағы басқа. Оқушының нашар үлгерімінің себебін психолог оқушының өзімен айналысады. Сондықтан да, психолог пен мұғалімді, өзінің саласындағы мамандық ретінде қарастыру керек. Олардың оқушы мәселесі бойынша бірігуі, олардың білімдерінің біріктіруге және мәселені шешу үшін өте бай шығармашылық мүмкіндік ашылады. Осының негізінде кеңес беру жұмысының маңыздылығын түсінеміз. Егер мұғалім кеңес беру уақытында өзінің мәселесінің себебін түсінсе, онда ол өзінің проблемасын шешті деген сөз, яғни енді ол балалармен жұмыс жасағанда жеке дара амал іздей бастайды. Бұл өзінің құрдастарымен конфликтті жағдай, өзіне қарама-қайшы жыныс өкілдерімен өзара қарым- қатынас және ата-аналарымен өзара қарым-қатынас. Дегенмен, психологиялық кеңес беру бізге проблемасымен келген адамдар. Яғни, проблемамыз бар деген адамдар. Сонымен біз проблеманы біріншіден анықтаймыз, оны шешуде қандай да бір амалын табамыз; кейіннен осы проблеманың болашақта болмауына алдын-ала ескертеміз. Сонымен психологиялық кеңес берудің мағынасы адамға өзінің проблемасын шешуге көмек беру. Өте жиі практикада тәжірибелі емес психолог кеңес алушыға әр түрлі кеңестер беріп тастайды. Нәтижесінде екеуіде қанағаттанбайды. Тәжірибеде көрсетеді, мұғалімдер өздерінің педагогикалық тәжірибеміне сүйенбей, бөлек білім алушыларды бағынбаушылығына байланысты психологқа жолығады. Мұғалімдер тәрбиеге, оқытуға байланысты проблемаларды шешуге әлсіздігін көрсетеді. Осы проблемалардың негізінде олар отбасы тәрбиелеуіндегі кемшіліктен көреді, өздерінің кәсіби іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне күмәндігіне сүйенбей. Бірақ көптеген жағдайға байланысты, мұғалімдер берілген баланың негізгі психологиялық негізерін білмейді. Сондықтан да, балаға дұрыс подходты таба алмайды. Психологиялық ағартушылық: Психопрофилактикаға және психологиялық кеңес беруге мұғалімдердің психологиялық ағартушылық іс-әрекет жұмысы жатады. Психологиялық ағартушылық-мұғалімдердің, ата-аналардың, әкімшіліктің, оқушылардың психологиялық білім арқылы бір-бірімен қатынас жасай алуын тудыру. Мұғалімдерде психологиялық білім мен дағды жайлы өте аз біледі деп айтуға болады. Мұғалімдердің өзінде психологиялық білімдер және дағдылар жетіспейді. Сонымен, психологиялық ағартушылықта психологтың міндеті: Мұғалімдер мен ата-аналарға педагогикамен, балалық негізімен, әлеуметтік психологиямен таныстырады. Ал, білім алушыларды- өзін-өзі тәрбиелеу негізімен таныстырады. 9 Жаңа психологиялық зерттеулердің нәтижесін анықтау. Психологиялық білімде қажеттіліктерін қалыптастыру. Бұл жерде әңгімелесу, лекциялар, семинарлар және т.б. қолдануы мүмкін. Сондай-ақ барлық осы жұмысты мектеп психологының өзіне жүргізуге міндетті емес. Дегенмен, мамандарды шақыру мүмкін, бірақ бұл формалардың мазмұнын мектеп психологы шешеді: лекциялар, семинарлар, әңгімелеудің маңыздылығы тек абстрактті – теоретикалық деңгейде емес. Ал, мектептің нақты проблемаларын өзінің талғауға пәні болса. Сонымен, мектеп психологының жұмысын негізгі түрлерін анықтадық. Олар: психопрофилактика, психодиагностика, психокоррекция, білім алушылар бойынша жұмысы, психологиялық кеңес беру және психологиялық ағартушылық. Осы барлық жұмыс түрлері практикада бірлік түрінде кездеседі. 4 дәріс. Психологиялық-педагогикалық диагностикалық әдістерге қысқаша шолу Жоспары: 1. Педагогикалық диагностика ұғымы. 2. Педагогикалық диагностиканың сандық әдістерінің басталуы. Педагогикалық диагностиканың сандық әдістерінің басталуын XIX ғасырдың екінші жартысы деуге болады. Бұл кезде көрнекті неміс психологы В.Вунттың басшылығымен дүние жүзіндегі ең алғашқы тәжірибелік психологиялық зертхана құрылған болатын. Мұнда педагогикалық диагностика мақсатында техникалық құрылғылар мен құралдар қолданыла бастады. Сондай-ақ осы уақытқа физикалық(денелік) және психологиялық құбылыстарының құрылуын жеделдеткен негізгі психофизикалық заңның ашылуы жатады. Негізгі психофизикалық заң психологиялық құбылыстарды өлшеудің мүмкіндіктерін ашты және де осы жаңалық сезімдікпайымдарды өлшеуге арналған субьективті шкалалар дегеннің пайда болуына алпы келді. Осы заңға сәйкес өлшемнің негізгі обьектіс адамның сезімдік пайымдары болды және де ұзақ ұақыт бойы XIX ғасырдың соңына дейін педагогикалық диагностика сезімдік пайымдарды өлшеумен ғана шектелді. Адамның негізгі педагогикалық процестеріне, қасиеттеріне және жағдайларына қатысты педагогикалық диагностиканың қазігі заманғы әдістерінің қалыптасуынң бастапқы кезеңі ретінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы деп есептеуге болады. Бұл уақытта белсенді түрде әрі маман педагогтардың қатысуымен ықтималдар теориясы мен математикалық статистиканың кейінірек сандық педагогикалық диагностиканың ғылыми әдістері арқа сүйей бастаған салалары дами бастады. Тәжірибелік мәліметтерді статистикалық өңдеудің алғашқы және екінші әдістері дәл сол жылдары пайда болды. Алайда бастапқыда математикалық статистиканы психологияда емес, биология, экономика, медицина секілді ғылым салаларында қолдана бастады. Алғашқы психометриялық мекемені Англияда көрнекті ағылшын психологы Гальтон ашқан болатын. 1884 жылы ол Антропометриялық зертхананы ашты.Бұл зертхананың мақсаттарының бірі- адамның қабілеттері жайлы статистикалық мәліметтерді алу болды. Бұл зертханаға келушілердің өз қабілеттерін өлшеуіне мүмкіндіктері болды және де осы психометриялық тәжірибеден 10000 адам өтті. Гальтон психологияда статистиканы қолданудың бастамашысы болды және де ол статистикалық әдістерді жасап шығуда көп еңбек сіңірді. Гальтон 1877 жылы психологияда корреляция әдісін қолдануды ұсынды. Гальтон, Пирсон және Фишер секілді математик ғалымдарды бірлесе жұмыс істеу үшін өз жағына тартты,сондықтан олардың математикалық статистикадағы атақтары психолоктармен бірге жұмыс істегендіктерінің арқасында шықты.Фишер дисперсионды анализді ойлап тапса, ал өзге ағылшын ғалымы Гальтонның замандасы Спирмен - факторлы талдауды ойлап тапты. Бұл екеуі де өздерін психологияда математикадағыдан 10 кем емес дәрежеде көрсете білді. Психология тарихына Спирмен өзінің 1904 жылы жарыққа шыққан «Жалпы интеллект, обьективті айқындалған және өлшенген» деген классикалық еңбегінің арқасында енді. Г.Айзенг пен Р.Кеттель кейінірек факторлы талдауды тұлғаның өзіне тән ерекшеліктерін психологиялық диагностикадан өткізу үшін қолданды. Интеллектінің статистикалық тұрғыдан негізделген тесттерін француз ғалымы А.Бине 1905-1907 жылдары құрастырып жариялады. Кейінірек өзге француз ғалымы Т.Симонмен бірге ол осы тестті жетілдіре түскен. Бұл тест психодиагностика тарихына Бине – Симон тесті деген атпен енді. Өткен ғасырдың 20-шы жылдарының екінші жартысында адамның алуан түрлі үрдістері мен қасиеттерін педагогикалық диагностикадан өткізуге мүмкіндік беретін жаңа психологиялық, соның ішінде интеллектуалдық және жеке адамдық тесттер пайда бола бастады. Сандық сипаттағы педагогикалық диагностикалық амалдардың ішіндегі тарихы еңсоңғы пайда болып практикаға енгендері әлеуметтік психалогиялық байланыстылары енді. Бұл американ психолыгы Я.Мореноның құрған социометриялық тесті және фашизм жылдары АҚШ - қа қоныс аударған неміс психологы К.Левиннің шәкірттері мен ізбасарлары – бір топ американ әлеуметтік психологтарының құрған көптеген өлшем әдістемелері еді. XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында алуан түрлі педагогикалық диагностика әдістемелердің негізгі көпшілігі пайда болды. Бұл педагог ғалымдардың ең көп психометриялық белсенді жылдары еді. Педагогикалық диагностиканың пайда болып оның жасақталуына XIX ғасыр мен XX ғасырдың шегінде психологиялық ғылымда пайда болған жалпы дағдарыстың әсер еткенін ескеруіміз қажет. Ол бірінші кезекте әсіресе қабілеттер, интеллект және тұлға (жеке адам) секілді күрделі құбылыстардың дәл психодиагностикасы ғылыми тұрғыдан негізделген амал-тәсілдердің жоқтығы мен байланысты интроспективті психологияның кемшіліктерін айқын аңғартты. Осы тектес әдістердің жасалуы психологияның процестер, қасиеттер және жағдайлар жөнінде ішкі ойдан туындаған және субьективті емес, дәл айқын және обьективті білімдерді алуға мүмкіндік берді. Мұндай ілімдер антроспекцияға толық негізделген ой қорытындысына қарағанда, теориялық жалпылау мен практикалық ұсыныс үшін мықты негіздеме юола алды. Нәтижеде психология лезде жаңа әрі мықты теориялармен түсіп, тек академиялық тұрғыдан лайық қана емес, практикалық тұрғыдан пайдалы ғылымға айналды. Педагогикалық диагностикаға негізделген қолданбалы білім салаларының соның ішінде еңбек психологиясының, психофизиологияның, инженерлік және медициналық психологияның, педагогикалық психологияның дамуы үшін кең мүмкіндіктер ашылды. 5 дәріс. Кеңес берудегі өзін-өзі бағалау әдістері. Жоспары: 1. Өзін-өзі бағалау әдісі. 2. Тұлғаға кенес беру әдістері. Өзін– өзі тәрбиелеу, бағалау – өмір талабы. Адамдардың өзін –өзі тәрбиелеу, бағалау дегеніміз- жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Әр адам- жеке тұлға. Жасөспірім шақтан бастап, ересек шаққа қарай аяқ басасыңдар . Осыған дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулерің керек, Орташа қабілетті, бірақ жігерлі болсақ көп нәрсеге қол жеткіземіз. Ал, қабілетті бірақ жігерсіз болсақ, еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін адамгершілік қасиеті мол болу керек. сихологиялық қасиеттер мен сапалардың бірлігі тұтастай модель ретінде қарастырылады. Осының негізінде жеткіншек өзінің басқа адамдармен қатынасын, өзіне- өзі қатыстылығын құрады. Жеткіншек кезеңіндегі өзіндік сананың дамуының бір негізгі 11 тенденциясы – бұл құбылыстармен, ересектермен қарым-қатынас барысында және оқу іс- әрекеттерінің бағаларын интеграциялау кезінде қалыптасқан толымды немесе аффективті тәжірибелерді интеграциялау болып табылады.Бұл интеграцияның ядросы ересектік сезім. Ересектіктің критерийі (белгілері) өзін-өзі қабылдауы мен бағалауы шындықта жүзеге асыру болып табылады. А.Н. Соловьева өзіндік бағалаудың дамуының 4 деңгейін көрсетеді. Бірінші деңгей – процессуальді ситуативті деңңгей, өзінің мінез-құлықтарын өзінің қасиеттерімен байланыстырмайды. Өзіндік бағалау тек іс-әрекеттің сыртқы жанама нәтижелері негізінде жүзеге асады. Өзіндік сананың бұл даму деңгейі мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп кезеңі оқушыларына тән. Екінші деңгей – сапалы ситуативті деңгей. Бұл тұлғаның өз құлықтары мен спаларының арасында байланыс құрылады, бірақ бұл байланыс тікелей түзу сызықты болады. Бұл деңгей кіші жеткіншектер жас кезеңіне тән. Үшінші деңгей – сапалы консервативті деңгей – тұлғаның мінез-құлықтары мен қасиеттері арасындағы түзу сызықты (тікелей) байланыс жойылады,, тұлғаның қасиеті шындық ретінде қабылданады. Өзіндік дамудың бұл деңгейі жоғары жеткіншектер мен кіші жасөспірімдерге тән. Төртінші деңгей – сапалы динамикалық деңгей. Бұл тікелей жасөспірім кезеңіне тән. И.С. Кон өзіндік бағалаудың негізгі механизмдерін көрсетеді:- басқа адамның субъектіге берген бағасын қабылдау; - әлеуметтік салыстыру; өзіндік атрибуция – мұнда индивид өзінің құлықтарын әртүрлі ситуацияларда бақылай және бағалай отырып өзі туралы және өзінің ішкі күйлері туралы мәселені қамтиды. Әлеуметтік жағдайлардың шарттарына тұлға қалай адаптацияланады солар оының өзіндік сана сезімдерінің көрсеткіштері болып табылады. Батыс психологтары жалпы теориялық бағдарларындағы түсіндірмелі модельдерінде жоғарыда аталған механизмдердің біріне баса көңіл аударады. Бұл модельдерге жан-жақты талдау мақсатын қоймастан-ақ өзіндік атрибуция механизмдеріне негізделетін модельдің орнын ерекше атап өту қажет. Көптеген маңызды эксперименттік зерттеулерде индивидтің өзінің психикалық күйі толығымен сыртқы ақпараттарға сүйене отырып бағаланатынын дәлелдейді. Жеткіншектер бірінші кезекте қарым-қатынас сферасындағы мінез-құлықтың әртүрлі формаларына байланысты қасиеттерді саналы ұғынады. Бұл әрине өзіндік бағалау өзгермейді деген сөз емес, оның динамикасы әртүрлі факторларға байланысты жоғары өзіндік бағалау тұрақты болса, ал төмен және орташа өзіндік бағалау біршама динамикалы болып келеді. Дегенмен жоғары өзіндік бағалауда тұлғамен арнайы педагогикалық жұмыс жүргізуі жағдайында едәуір динамикалы болуы мүмкін. Психологиялық зерттеулерде жеткіншектердің адекватты өзіндік бағалау мәселесі соңғы орынға қойылмаған. С.Л. Рубинштейн тек жас жеткіншек емес немесе жасөспірім жас кезеңінде ғана сыни ой-көзқарастар қалыптасады, өз беттілік өмірге енуге байланысты сұрақтарға толғана бастайды, неге жарамды, неге қабілет-бейімділігі бар екенін ойлай бастайды. Бұл жас кезеңінде ең өзекті мәселе өмір жолын таңдау болып табылады. Л.И. Божович өтпелі дағдарыс кезеңінің аяқталуы «өзіндік анықталу» ұғымын білдіретін жеке тұлғалық құрылымының пайда болуымен ұласатындығын көрсетеді. Өзіндік анықталу процесінде өзіндік бағалау айрықша мәнге ие. Психологтардың айтуы бойынша адам кез-келген жас кезеңінде басқа адамдарды өзіне қарағанда объективті бағалайды. Балалар өзінің мінез – құлықтарын басқа адамдардың әрекеттерін салыстыруынан бастап өзіне баға қою басталады. Біз бұған неғұрлым көбірек мүмкіндік берген сайын олар өзін солғұрлым нақтырақ көре бастайды. Өзіндік бағалау үшін өзін-өзі тануға үйретуіміз қажет. Әдетте өзінің «Менділігіне», өзінің психикалық жаратылысы мен процестеріне жеткіншек жас кезеңінде пайда болады. Осы кезде өзінің ішкі жан дүниесінемұқият талдау жасау және оның ерекшеліктерін зерттей бастайды. өтпелі жас кезеңінде өзіндік танымның пайда болуы тән, осыдан өз беттілікке, өзіне-өзі сенімділігіне тырысушылық көрінеді. Бұдан ары 12 жасөспірімділікке қарай өзі-өзіне талдау жасай алады және өзінің өмірлік жоспарын құра алады. Л.И. Божович және Л.С. Славина жоғары өзіндік бағалау және тартымдылық қандай да бір іс-әрекеттің шындық жетістігі негізінде қалыптаспайды, оған айналасындағылардың берген қате, жоғары бағасы негізінде қалыптасады деді. Жеткіншектік кезеңдегі негізгі психологиялық өзгерістер баланың өзіндік ішкі әлемінің ашылуымен, оның күрделілігімен байланысты. Өзіндік бағалаудың және «Мен» бейнесінің қалыптасуы жеткіншектік кезеңнің негізгі психологиялық процестері және оның негізгі жетістіктері болып табылады. Жеткіншек тұлғасының дамуындағы маңызды сәттердің бірі – оның өзіндік санасының, өзіндік бағалауының, өзін тұлға ретінде тану қажеттілігінің қалыптасуы. Жеткіншектік кезеңде балада өзіне, өзінің ішкі жан-дүниесіне, дербес тұлғалық сапаларына және басқа құрбыларымен өзін салыстыруға деген қажеттілік туындайды. Ол өзіне мән беріп, өзінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға тырысады. Өзіндік санаға деген қажеттілік өмірден, тәжірибелік іс-әрекеттен туындап, ересектер тобының талаптарымен анықталады. Жеткіншектің өз мүмкіндіктерін бағалау қажеттілігі оның ұжымда өз орнын табуға деген әрекеттің негізінде туындайды. 6 дәріс. Ақпаратты өңдеу және анализ жасау әдістері. Кеңес беруді эффкетивті бағалау әдістері. ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру процесі аяқталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа компьютердің қыр-сырын терең меңгертіп, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсаты тұр. Ел болашағы – білімді ұрпақта. Технологияның күн сайын үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүру – күрделі дайындықты талап етеді. Осындай ақпараттық кеңістікке баланы дайындау бүгінгі күні заман талабына айналып отыр. Оқушылардың ақпараттық құзыреттілік қоғамда өмір сүруге дайындау үшін оларды ойша ойлауға, талдау жасай білуге, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық тәрбиелеу қажет, олардың әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, ақпараттық құзыреттілік қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып, қызмет субъектісі деңгейіне көтеруін қамтамасыз ету керек. Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады. «Ақпарат» термині латынның Informatio - «түсіндіру» «мазмұндама» деген сөзінен шыққан, бір нәрсені жетілдіріп, түсіндіру деген мағынаны білдіреді. Ақпараттар алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір тапсырманы шешу үшін қолданылады. Ақпаратты қандай да бір мәліметтердің жиынтығы деп түсінуге болмайды. Ақпарат белгілі бір мәселелерді шешуге қажетті, ұғынықты және белгілі бір дәрежедегі бағалылығы танылған білім болып табылады. Қазақ Ұлттық энциклопедиясында: «ақпарат» (информация, лат. Informatio – түсіндіру, баяндау, хабардар ету); істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру және т.б. түсінік беріледі. Ақпарат – мәтін, сурет, кесте, графика, сан, әуен, дыбыс, иіс, аралас түрде беріледі. Мысалы: кітапта ақпарат мәтін, сан; халықтың өсімі, сирек кездесетін жануарлардың азаюы кесте; шаруашылықтың дамуы график, диаграмма; жаңа ән дыбыс, әуен түрінде берілетінін түсіндіре отырып, түрлі деректемелер келтіруге болады, мысалы, электрондық оқулықтардағы бейне материалдар. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие 13 процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Технологиялық білім» термині жиырмасыншы ғасырдың 40-50 жылдары пайда болды. Бұл термин тұрмыстық құрал – жабдықтарға (үнтаспа, телевизор және т.б.), сол сияқты оқу процесінде техникалық құрал – жабдықтарға байланысты қолданылып келген. 50-60 жылдары «Технологиялық білім» термині бағдарлама оқыту идеясын тарату мақсатында педагогикалық процесте әдіс - тәсіл жиынтығы ретінде қолданылған. Ақпарат – ғылым теориясының негізін салушы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру және сақтауға байланысты үрдістерді зерттеуші америка ғалымы Клод Шеннон, - ақпаратты біздің біліміміздің бірнәрсе туралы алған анықталмағандығы тұрғысынан қарайды. Тағы бірнеше анықтамаларды келтірейік:  Ақпарат — бұл қоршаған ортаның объектілері және құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері мен күйлері туралы, олардағы анықталмағандық дәрежесін, білімнің толық еместігін кемітетін мәліметтер (Н.В. Макарова);  Ақпарат —бұл энтропияны жоққа шығару (Леон Бриллюэн);  Ақпарат — бұлқұрылым күрделілігінің өлшемі (Моль);  Ақпарат — бұләртүрліліктіңбейнеленуі (Урсул);  Ақпарат — бұлбейнелену үрдісініңмазмұны (Тузов);  Ақпарат — бұл таңдау ықтималдығы (Яглом). Ақпарат туралы қазіргі ғылыми ұғымды кибернетиканың "әкесі" Норберт Винер өте дәл айқындап берді. Нақтырақ айтқанда: Ақпарат — бұл біздің оған деген бейімделуіміздің және біздің сана сезіміміздің оған бейімделуінің нәтижесінде сыртқы әлемнен алынған мағлұматтардың белгіленуі. Адамдар хабарламалар түрінде ақпараттармен алмасады. Хабарлама — бұл ақпараттардың әңгімелер, мәтіндер, қимылдар, көзқарастар, бейнелеулер, сандық мәліметтер, сызбалар, кестелер және т.б. түріндегі формасы. Бір ғана ақпараттық хабарламаның өзі (газеттегі мақала, хабарландыру, хат, жеделхат, анықтама, әңгіме, сызба, радиотаралым және т.б.) әртүрлі адамдар үшін – олардың алдыңғы білімдеріне, бұл хабарламаны түсіну деңгейі мен оған қызығушылығына байланысты әртүрлі мөлшердегі ақпараттар мазмұнына ие болуы мүмкін. Айталық, жапон тілінде құрылған хабарлама бұл тілді білмейтін адам үшін ешқандай жаңа ақпарат әкелмейді, бірақ жапон тілін білетін адамға құнды ақпарат болуы мүмкін. Сол сияқты таныс тілде жазылған хабарламаның өзі егер оның мазмұны түсініксіз немесе бұрыннан таныс болса ешқандай жаңа ақпарат бермейді. Ақпарат қандай түрде болады? Ақпарат мына түрлерде болуы мүмкін:  мәтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;  жарық немесе дыбыс сигналдары;  радиотолқындар;  электрлік және нервтік импульстер;  магниттік жазбалар;  ымдар мен қимылдар;  иістер мен дәм сезінулер;  ағзалардың белгілері мен қасиеттері ұрпақтарға беріліп отыратын хромосомдар және т.б. Ақпараттық қасиеттері тұрғысынан қаралатын нәрселер, үрдістер, материалдық немесе материалдық емес қасиеттері бар құбылыстар ақпараттық объектілер деп аталады. 7 дәріс. Қарым-қатынас барысында қиналатын жеке оқушыға кеңес беру Жоспары: 1. Қарым-қатынас ұғымы. 14 2. Қарым-қатынас барысында қиналатын оқушыларға кеңес беру. 1. Қарым-қатынас ұғымы. Психология ғылымының кез келген мәселесі адамның жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланысты.бұл табиғи заңдылық болашақ ұрпақтың да өмір жолы мен тағдырыың әр қилы қырларымен өзара ұштасады. Адамдар арасындағы қарым-қатыас жасаудың, олардың өзара тілдсе білуінің құпия – сыры мен кілті неде деген мәселенің шешімі табу- қазіргі өмір талабы. Осындай мәселенің байыбына бармау, оның себеп салдарын аықтамау, тиімді жолын таба алмау әлеуметтік өмірде адамның мінез-құлқының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер ететіні даусыз. Мұндай жайт қоғам өмірінің шиелініскен дағдарысты жағдайында қазіргі қоғам адамдарына ғана емес, болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез-құлықтардың туыдауына теріс ықпал етуі мүмкін. Қазіргі кезде сондай жағымсыз қылықтар адамдар арасындағы қарым-қатынаста да жиі байқалып отыр. Қарым-қатынас жасау- ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет, ол- адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс - салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Адам әрекетінің негізгі түрлері- ойын, оқу, еңбек осы қарым-қатынас арқылы дамып-жетіліп, жүзеге асады. Адамдарға өзара тілдесіп, өмір сүруге бейімделу ағза тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттіліктермен бірдей. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың қажеттілігі мен маңызын жаподықтардың жеке басын тәрбиелеп, жетілдіру әрекетіндегі істерінен айқын аңғаруға болады. Адам өзінің бойындағы қабілті мен іскерлігін жетілдіруде өзін - өзі сыап көреді екен. Мұдай сынақ барысында адамның денсі ме рухани жағынан дамып-жетілу жолындағы күрделі қиындықтарды жеңуіне тура келеді. Бұл сынақ бойынша , адамға кіммен болса да қарым-қатынас жасауға тыйым салынып, оны он тәулік бойы елсіз даланың үңгірінде тіршілік етуге баулитын көрінеді . бұл жапон тілінде «маритао» делініп, адамның өзімен-өзі тілдесуіне де тыйым салынатын көрінеді. Мұндай жағдайда адамның рухаи дамуы тежеліп, жалғыздықтағы тітшіліктің ащы дәмін тартатын болады. Тыйым салынған жағдайдан босаған адам ауыр халден құтылғандай күй кешіп, кез келген адаммен сөйлесіп, тілдескенде, одон ораса зор ләззат алып, жан дүниесі рахаттанғандай болып, бойындағы күш- қуаты артатын көрінеді. Осы орайда адамдардың күнделікті өмірдегі кәсіптік салада өзара тілдесіп, қарым – қатынас жасауының оның рухани өмірі мен тіршілік бейнесінің қалыпты дамуына қаншалықты әсер ететіндігін жете түсіуге болады. Сондықтан әрбір маман мен кәсіпкер, ұстаз бен жетекші, жұмысшы мен бастық, бизнесмен мн конгресс мүшесі, депутат пен сайлаушы- бұлардың бәрі де күнделікті тіршілікте өз қызметі саласында үнемі бірімен- бірі тілдсіп, пікір алысып, халық бұқарасымен қарым-қатынас жасайды. Онсыз кез келген адам рухани тоқырауға душар болары сөзсіз. Адамдар арасындағы қарым-қатыас жасауда қажетті шарттың бірі- сөйлеушілрдің өз ой – пікірін өзгелерге, тыңдаушыларға қалай да жеткізіп, оларға әсер туді көздеуі және тыңдаушылардың қарым-қатынас орнатуда сөйлуші жақтың ой-пікірін дұрыс ұғынып, оны іс жүзіне асыра білу мәдениеттілігі.бұл жайттан біз қарым-қатынас жасаудың үнемі екі жақты процесс екендігіне көзіміз жетеді. Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесіне қарағанда, адамдардың басым көпшілігі өзінің 70 пайыз уақытын осы қарым-қатынас жасауға жұмсайды. Қазіргі заманда адамтану ғылымдары ішінде психология ғылымының игі мақсаттарды іс жүзінде айқындап, оның заңдылықтарын ашып көрсетуде елеулі табыстарға ие болып отырғаны- шындық фактор. Әсіресе, бұл пәннің өндіріс пен өзге де салаларда ұжымды басқару ісінде мекеме басшыларына, жтекші мамандар мен ұстаздарға, әсіресе өндірісте қызмет атқаратын басшыларға тәжірибелік жағынан тигізер пайдасының мол екендігін өмір тәжірибесі 15 дәлелдеп отыр. Тілдесу арқылы адамдар өзара қарым-қатынас жасап, бір-біріне білдірмек болған ойын жеткізіп, пікір алысады. Қатынас орнатудың нәтижесінде өзара ықпал етіп, адамдардың өмір тәжірибесі, іс-әрекетін жүзеге асырып, хабар алысады. Сөйтіп олардың арасында тұрақты қарым-қатынас орнайды. өзара тілдесу арқылы бірігіп, тірлік теді, еңбектеніп, әрбір іс-әрекетті орындаут нәтижесінде кәсіби іскерлігін арттырады. Ұжымдық іс-әрекетін жетілдіріп, өзара қарым-қатыас жасау арқылы бірін-бірі түсініп, мінез құлқындағы ұнамды қасиеттрін де қалыптастыруға ықпал тді. Бір сөзбен айтқанда, олар өзара тілдесіп, тіршілік еткен ортасын, әлеуметтік жағдайды түсінетін деңгейге көтеріледі. Адамдардың бірімен-бірінің тілдесіп, қарым-қатынас жасауының күрделене түсіп, маңызыың артуы өндірістегі техника мен адамдардың кәсіби деңгейінің өсуіе байлаысты екендігін әлеуметтік өмірдегі шындық фактор деп мойындайтын болсақ, мұндай күрделі мәселенің түйінін байыбына барып, шешіп отыру басқарушы кадрлардың көпшілікпен тіл табысып, олармен дұрыс қарым-қатынас орнату біліктілігіе байланысты. Мекеме мен өндіріс басшыларының басқару қызметідегі білімдарлығы мен тәжірибесі, іскерлік дағдысы және бағынушы адамдармен тіл табыса білу кез келген жұмыс саласының ойдағыдай нәтижелер беруінің, көпшілік арасындағы ұйымдастыру істері мен саяси тәлім-тәрбие жұмыстарының ойдағыдай жүзеге асырылып отыруыың кепілі болмақ. Қазіргі кезде қоғамдық еңбек пен өндіріс орындарында еңбек адамдарымен тіл табысып, олардың күнделікті мұқтаждықтары мен талап тілектеріне жете мән беріп, оларға жеке назар аударып отыру. Мұндай талаптарды жүзеге асырып отыру. 8дәріс. Қорқыныш, үрейден стресс алу, мазасыздану жағдайларының құрылымы мен оған жеке-дара кеңес беру түрлері Адам қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды көргенде, яғни қабылдағанда немқұрайлы қарай алмайды. Бір оқиға, әрекет әсерінен, заттардың бірі адамды қуантса, енді біреуі оған ұнамайды. Ал екінші біреуі оның көңілінен шықпауы мүмкін. Үшінші біреуінде жек көру немесе керісінше адам одан қорқуы, сескенуі мүмкін. Кейде өзінің кейбір әрекетіне ұялуы мүмкін. Қанағаттану, қайғыру, қорқу - бұл адамның түрлі объектіге қатынасын білдіреді. Көңіл- күйінің әсерінен болатын сезім деп - қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға өзінің танып білген, істеген іс-әрекеті адам қатынасының әсерін айтады. Сезім деп - әсер етуші сигналдардың адамға ұнауы не ұнамауы. Сезім барлық психикалық процестермен байланысты. Мысалы, түйсік арқылы заттар мен құбылыстың сапасын, қасиетін танып білеміз. Ал сезім ол - болса ішкі көңіл күй, сол заттарға өзінің қатынасын білдіреді. Сезімді тудыратын түйсік болғанымен, сезім түрлі әсерлерге байланысты өзгеріп отырады. Көңіл күйіне байланысты адам бір затты әр түрлі қабылдайды. Сол сияқты сезім эмоция, ес процесімен де тығыз байланысты. Егер есімізде жақсы сақталса өткенді еске алудың өзі қандай да болсын бір сезімді тудырады. Қоғамдық-әлеуметтік ортаның дамуы адамның сезімін дамытып күрделендіріп отырады. Осыған байланысты адамның сезімдерінде әлеуметтік сипаттама болады. Белгілі бір уақиғаны әр кезеңде өмір сүрген адамдар өзінше бір көзқараспен қабылдап бағалайды. Сезім мен эмоцияның бір-бірінен өзіндік айырмашылығы бар. Сезім, мысалы, барынша Отанды сүю - патриоттық сезім. Бұлар біршама күрделі, адам көзқарасының тұрақтылығы жеке бастың сапасы. Ал эмоция біршама жеңіл түрде болатын, дер кезінде көрінетін толқулар, толғаныстар. Сезім, эмоциялар адамның сырт пішінінен жақсы көрінеді. Сезімнің сырттай көрінуіне байланысты екінші басқа біреуге тез көшеді. Жануарларда эмоция бар: бірақ қарапайым түрде. Олардың эмоциясы дыбыс, қимыл- қозғалыс арқылы беріледі. Ұзаққа созылмайтын немесе қысқа әсерлерді психикалық немесе эмоциялық жағдайлар деп атайды. 16 1. Эмоциялық жағдайлар: көңіл-күй, аффект, стресс, құмарлық. 2. Көңіл-күй деп - біршама бәсең бірақ ұзаққа созылатын және көтеріңкі не басыңқы эмоциялық жағдайлар. Мысалы, ҰОС кезіндегі кеңес халқының көңіл-күйі. Көңіл-күйлер өзі кейде бір аптаға, бір күнге, айға, тіпті кейде адамның бүкіл өмір бойына созылады. 3. Аффект - өте тез, қуатты әрі қарқынды өтеді. Мысалы, аффекті ашыза салдарынан өзінің әрекетін біле алмай қалу жағдайларында кездеседі. Мысалы: Ұлы суретші Депиннің, Иван Грозный және оның ұлы Иван деген суретінде аффектілік жағдайды анық көруге болады. Бұл мидың күшті қозуына байланысты. Соның нәтижесінде тежелу процесі бәсеңдеп, ми қыртысымен төменгі бөлігінің аралық қажетті іс-әрекет тепе-теңдігі бұзылады. Аффект деген сөздің мазмұны жан толғанысының қозуы деген мағынаны білдіреді. Кей жағдайларда қатты қуанудың нәтижесінде өмірде, ғылым саласында көптеген жаңалықтардың ашылуына өзіндік ықпалы болады. Мысалы, Тимирязев фотосинтез құбылыстарын ойлап тапқанда өзінің лабораториясында приборлар мен препараттардың арасында қуаныштан билеп кеткен. Стресс (ағылшын сөзі) - адамның жүйкесінің қатты (салмақ түсу) эмоционалды күйзелістің салдарынан және ішкі терең толғаныстан туындайды. Яғни бір нәрсеге алаңдап, қорқу кезінде және өте ауыр дене және ақыл-ой үстінде немесе тез әрі жауапты келісімге келу кезінде байқалады. Стресс - бұл күтпеген, шытырман жағдайда туатын эмоциялық күй. Қауіп-қатер жағдайындағы әрекеттер, шапшаң шешімге келу қажеттілігі, үрейлі сәттегі реакция күрт болып табылады. Стрестік жағдайда мақсатты әрекет - зейінді аудару мен көңіл-күйді бөлуді жүзеге асыру өте қиынға соғуы мүмкін, тіпті әрекеттің жалпы тежеліске ұшырауы немесе мүлдем бұзылуы мүмкін. Бірақ бұл кезде дағды мен әдет өзгеріссіз қалады да сапалы әрекет орнына жүреді. Стресс кезінде қабылдау, ес қажеттіліктері, кенеттен көрінген қарсыластардың санын анықтауда күтпеген жерден туған әсерге сай келмейтін реакциялар, тағы басқалар болуы мүмкін. Белгілі бір жағдайдың адамда стрестік күй тудыра алатынын немесе тудырмайтынын алдын ала анықтау мүмкін емес. Стрестік жағдайдағы мінез-құлық көбіне адамның жеке басының ерекшелігіне - оның жағдайды тез бағалай білуіне, күтпеген жағдайда қолма-қол бағдар табу дағдысына, ерік жинақтығына, бағыттылығына, әрекет мақсаттылығы мен ұстамдылығының өрбуіне, осы тәрізді жағдайларда бастан кешірген мінез-құлық тәжірибесіне байланысты болып келеді. Эмоционалды стресс – бұл қақтығысты өмір жағдайларында, адамның әлеуметтік және биологиялық қажеттіліктерінің қанағаттануын ұзақ уақыт шектейтін, айқын көрінетін психоэмоциялық бастан кешулері (Судаков К.В., 1986). Стрестің биологиялық мәні ағзаның қорғаныс күшін жұмылдыра алуында. Т. Кокс бойынша, стресс – бұл тұлғаға қойылған талаптар мен осы талаптарды орындау қабілеттілігін салыстыру барысында туындайтын саналаудың феномені. Бұл механизмдегі тепе-теңдіктің болмауы стресті және жауап реакциясын тудырады. Эстремалды және бұзушы факторлар кезінде әрекетке ең сезімтал стрестік реакцияға араласатын эмоциялық аппарат болып табылады. Сондықтан көп жағдайда эмоциялық стресс жайлы сөз қозғалады. Г. Селье еңбегі. Стресс терминін алғаш рет 1936 жылы Канада ғалымы Ганс Селье енгізген. Ол стресті белгілі бір төтенше жағдайларда пайда болатын реакция деп қарастырған. Қазіргі өмірде неше түрлі жағымсыз жағдайлар көптеп кездесіп тұрады. Ауа–райының күрт өзгеруі, жұмыстағы проблемалар, көліктегі ұрыс–керіс, кездесуге кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер.... Осының бәрі әр адамға әр түрлі әсер етеді. Тіпті оның зардабынан жүйке жүйесі бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығуға себеп болады. Кей адамдар жағымсыз жағдайларға көп көңіл бөлмейді, қандай проблема болмасын шыбын шаққан құрлы көрмейді. Екінші біреулер салы суға кетіп, ауруына ауру жамап жатады. Демек, бұл тек көңіл–күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық проблема. Ағзадағы барлық құбылыс мидың қозуынан басталатыны белгілі. Кез келген жағымсыз құбылыс алдымен мидың елегінен өтеді.Келесі кезекте оған эндокриндік жүйе қосылып, бүйрек үсті бездері 17 гормондар бөле бастайды. Осымен бір мезетте вегетативті жүйке жүйесі жұмысын бастайды, артериалды қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, стресті жағдайға бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды. Г. Селье стрестің 3 кезеңін бөліп көрсетті: 1- мазасыздық кезеңі; 2-қарсылық көрсету, бейімделу немесе тұрақтану кезеңі; 3-жүйке жүйесінің ширығу кезеңі. Сансыз эксперименттердің, бақылаулардың нәтижесінде Г. Селье мынадай қорытындыға келеді: ағзаның кез келген тітіркендіргішті қабылдауының күрделі процесі өзіне реакцияның екі типін қамтиды: 1) спецификалық; 2) спецификалық емес. Спецификалық реакция нақты бір аурудың белгілерін сипаттайды, оның негізінде осы аурудың диагностикасы жатады. Спецификалық белгілер түрлі ауруларда тез ажыратылады. Стрестік жағдай, мысалы, егер оқушының сабаққа дайындықсыз келгені мұғалімнің бақылауды орындау барысында байқалады. Кейде стрестік жағдай оқушылардың өзінде де байқалады. Стресс физиологиялық өзгерістер мен мінез-құлықтың өзгеруіне себепші болады. Өте күшті стресс жағдайында адамның мінез-құлқы өзгереді дедік. Адам өзінің қимыл әрекетін игере алмайды, сөзінің байланысыз шығуы, өз-өзінен абыржуы, қабынуы зейінін бір объектіден, екінші объектіге тез ауыстыра алмауынан көрінеді. Стресс жағдайында адамның қабылдауында, ес, ойлау процесінде қателіктер орын алады. Американ психологы Е. Джекобсон эмоционалды жағдайды зерттей отырып, теріс эмоциялар кезінде бұлшық еттердің қысымы болатынын айтты. Соның негізінде Е. Джекобсон “прогрессивті бұлшық ет релаксациясы” әдісін ұсынды. Топтағы тұлғааралық қатынасты сәйкесінше ұйымдастыру. Стресс жағдайында қолданылатын психологиялық әсер ету технологиялары: топтық психотерапия; пікірталастық терапия; психодрама; арттерапия; музыкатерапия; топтық мінез-құлықтық терапия; отбасылық терапия. Стрестік қысым тудыратын мәселелі жағдайлардағы мотивациялық белсенділікті шамалау. Стрестік жағдайдағы адамның психикасына тікелей педагогикалық әсер ету. Жекелеген функциялар мен сапалардың дамуына бағытталған педагогикалық жұмыс жүргізу. Құмарлық - бұл ұзақ, тұрақты әрі терең сезім. Көп жағдайда бұл жеке бастың әрекеті ретінде көрініс табады. Құмарлық адамның қызығушылығынан, бір іс-әрекеті ерекше талпынысынан дамиды. Құмарлықтың жағымды әрі жағымсыз түрі бар. Әр адамда кездесетін құбылыс. Жоғары сезім түрлері. Моралдық сезімдер - жеке адамның өзінің мінез-құлқына деген сүйіспеншілік қасиетті сезім, достық сезім - асқақ моральды деп аталады. Моральдық сезімдер адамгершілік ережелеріне бағынады. Моральды сезімге ұнату мен ұнатпау, құрметтеу мен жек көру, сыйлау мен рақымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік жатады. Моральдық сезім ерекшелігі: 1. Әлеумет сипаты мен мәнінде. Олардың көріністерінің күрделілігі мен сан қырлылығы. 2. Интеллектуалды сезімдер деп ақыл-ой әрекеті процесінде пайда болатын тебіреністерді айтады. Бұған әуестену, білім құмарлық, таңырқау, күдіктену жатады. 3. Эстетикалық сезімдер адамның әсемдікті қабылдауы және қолдан жасау барысында туады. Яғни, адам сұлулықты қабылдай, тамашалай отырып эстетикалық әсемдік сезімді бастап кешіреді. 9дәріс. Дипрессияны алдын-алу мақсатында жекедаралық кеңес беру бағыттары Депрессия (лат. depressio — көңілсіздак, жабыраңқылық) – жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым. Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көңіл-күй жағдайы. 18 Көбінесе күйзеліс, жабығу ең алдымен мегаполис тұрғындарына тән. Өйткені көптеген психологтар депрессияның қалалы жерлерде үлес салмағы басым екенін жазады. Сосын оны үлкен қаладағы өмір ырғағының жоғарылығымен түсіндіреді. Мегаполис тұрғындары үлкен қаланың жақсылығы мен жамандығына қатар төзіп, басқаша айтқанда екеуінің дәмін тең татып күнелтуге мәжбүр. Техника мен технология алысты жақын етіп, қол еңбегін жеңілдеткенімен, мобильді телефонмен күніне бірнеше рет сөйлесу, радио, теледидардан керекті-керексіз ақпараттар алу, негізінен батыстық менталитетті бейнелейтін агрессиялық фильмдер көру, нарықтың басты құндылығы ақша болғандықтан, ақша табу үшін жанталаса өмір сүру, сөйтіп әке-шеше, туған-туыс, қатар құрбыдан алыстау арқылы өз-өзіне тұйықталу адамның жүйкесін шаршатып, депрессияға ұшыратады. Биік-биік ғимараттар да жүйкесі әлсіз адамның мысын басуы мүмкін. Оның бер жағында «жұмыстан шығып кетпес пе екенмін?», «бастығым ұнатпай жүр», «пәтерақының уақыты жақындады», т.б күдік-күйзелістер де мегаполис адамының еңсесін көтертпей, нарықтың күресініне лақтыруға бейіл… Нарықтық экономикадағы халықтың кешкі тоғыз-онға дейін жұмыс істеп, дқрыс дем алмауы да әсер етеді. Кейде жексенбі күндері де шаруа бітірулері тиіс. Уақыттары есептеулі. Шаршап жүреді. Ашуланшақ. Өйткені нарықтың өз заңы, өз моралі бар. Нарық қылтың-сылтың еркелікті көтермейді… Заманауи зерттеулер бойынша қазір әлемде жүрек ауруынан кейінгі екінші орында депрессия дерті тұр. Яғни, адамзаттың жүйкесінің әлсіреуі жер бетіндегі барлық қоғамды қауіптендіруде. Әлемдік статистикаға сүйенсек, өз-өзіне қол жұмсайтындардың 25 пайызы психикалық аурулар болып келеді екен. Осыдан келіп «біздің үлесіміз қаншалықты» дейтін заңды сауал туындайды. Жалпы психикалық аурулар өз ішінде шартты түрде екіге бөлінеді: невроз және психоз. Невроз (депрессия, стресс, дистимия, т.б) кез-келген адамда кездесуі мүмкін. Жақын адамнан айрылу, нашар бастық, ерлі-зайыптылардың ажырасуы, ауыр жұмыс, ақшаның жетіспеушілігі үрей тудырып, ауруға ұшыратады. Ал, психоз тұқым қуалау немесе аварияға ұшырап, бастан жарақат алу барысында, не инфекция әсер еткен соң туындайды. Маман дәрігер невроз жағдайында адам ұйқысынан айрылып, күші кетіп, жыламсырайтынын, қорқыныш, үрейдің құшағында тұншығып, өмір сүруге құлшынысы азаятынын, дегенмен, осының бәрінде өзін бақылауда ұстап, сана-сезімінен толықтай ажырамайтынын, сөйте тұра кейде өзіне қол жұмсауы мүмкін екенін, психоз жағдайында кісі өзінің ауру екенін де сезбейтіндей дәрежеде есін жоғалтатынын алға тартады. Есесіне психоз аурулары тәуелсіздік орнаған тұста да кеңес заманындағы бір пайыздық үлеспен тұр екен. Жылдан жылға өсіп бара жатқан ауру – невроз. Оның ішінде депрессия. Астана қаласындағы жүйке аурулар диспансерінде бүгінде он екі мың ауру ресми есепте тұрады. Онда кәрілердің де, жастардың да арасында жүйкесі тозғандар өте көп. Бірақ олардың көпшілігі есепте тұрмайтын дерттілер. Оның үстіне наркологиялық диспансерлер мен полицияларда есепте тұратындардың да көпшілігі белгілі дәрежеде жүйкесі тозыңқы жандар екенін ескерсек, елордадағы дерттілер санының көптігіне шүбә қалмайды.XX ғ. Депрессиядан екі тәсілмен: біріншісі - психотерапия, екінші - медикаментоз арқылы емдейді. Психотерапиялық жолмен емдеу көбіне нәтижелі болады. Алайда бұл жолмен емдеу айлап, не жылдап жүргізуді талап етеді. Кейде ешқандай нәтиже бермеуі де мүмкін. Терапия арқылы реабилитация жасауда Депрессиямен ауырған адамның Хайдеггер ойынша Депрессия үш әрекеттен құралады: а) редукция, бар нәрседен болмысқа қайта оралу б) конструкция, немесе болмыс түсінігін қалыптастыру в) деструкция, немесе дәстүрлі түсініктерді жаңаша түсінікке сәйкестендіру. 10 дәріс. Жасөспірімдер мен балалардың жүріс-тұрысына (ерте наркамания мен ішімдікке салынуы) т.б. мәселелер бойынша ата-аналар мен педагогтарға топтық кеңес беру 19 Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алу Ø Балалардың отбасылық және ішкі мәселелерін ашық талқылаңыздар. Ø Отбасылық жанжалдарға балаларды араластырмаңыздар. Ø Баланы тыңдай, оның сұрақтарына жауап бере, оның мәселелерін талқылай білу қажет. Ø Оның өмірінде немқұрайлы емес, шынайы қатысу қажет. Ø Оған сеніңіз, кездейсоқ еркелігін кешіріңіз. Ø Балаларыңызға шынайы мақсаттарды қоюға және оларға қол жеткізуге ұмтылуға көмектесіңіз. Ø Кедергілерді жеңуге міндетті түрде жәрдемдесіңіз. Ø Баланың үйдегі, мектептегі және даладағы құқықтары мен міндеттерін нақты анықтай біліңіз. Бұл жерде дөрекілік емес, табандылық қажет. Ø Оны кемшіліктері үшін айыптамаңыз, кінәламаңыз, оны қорқыныш, жалғандық, жауласу әлеміне жолатпаңыз. (Әрекетті сынға алуға болады, бірақ адамды емес!) Ø Жастардың кез-келген құнды оң бастамаларын сөзбен және іспен қолдаңыз. Ø Ешқандай жағдайда күш қолданатын жазалауды қолданбаңыз. Ø Өсіп келе жатқан балаларыңызды жақсы көріңіз, қамқоршыл болыңыз және өте маңыздысы, олармен әдепті болыңыз. Ø Бір-біріңізді балаға билік етумен бопсаламаңыз. Ø Қиын сәтте жанында болатын қамқоршы, жақсы көретін адамға көп нәрсе тәуелді. ОТБАСЫНДА БАЛАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ØЖаманшылыққа күманданбаңыз; ØМазақ қылмаңыз; ØАңдымаңыз; ØТергемеңіз; ØТәжікелемеңіз; ØЖауапкершілікке мәжбүрлемеңіз; ØҚарым-қатынастың сырластық тәжірибесін бақыламаңыз; ØҮйде тыныштық, сенім, қауіпсіздік ахуалын жасаңыз; ØҮйде ашықтық принципі бойынша қарым-ақтынас әдетін тудырыңыз; ØӨзіндік тәжірибе құқығын беріңіз; 11 дәріс. Жасөспірімдер мен балалардың құқық бұзушылық тәртібі мәселелері. Құқық бұзу тәртібінің алдын-алу міндеттері. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өте созылмалы және күрделі процесс. Заңсыздық және бассыздықпен күрес мәселесі айрықша маңызға феодализм және авторитарлық пен тоталитарлық тәртіптегі буржуазиялық полицейлік мемлекеттер кезеңінде ие болды. Адам пайда болуымен бірге, оның табиғат, әлем және адамның өзі жайлы сұрақтары туындай бастайды. Осы сұрақтармен сәйкес мемлекет жайлы сұрақ қойылды. Бұрынғы заманда мемлекет жайлы түсінік құдайлық мінезге ие болған. Зороастризмге сәйкес, мемлекет аспан әлеміндегі Ормузда патшалығының жерлік таңбасы. Монарх – Ормузданың қызметшісі, ол қол астындағыларын жамандықтан қорғауы тиіс және мемлекеттегі зұлымдыққа қарсы тұра, жақсылықты өрістету керек. Көне Қытай философиясында Конфуций философиясы басты рөлді болды. Конфуций бойынша, дәстүрді құрметтеуде басты орынды Ереже алады, олар тек ерте заманда ғана болған. Оның ойынша, мемлекет – үлкен отбасы. Император өкіметі, «аспан ұлының», әкесінің өкіметіне бағынады. Ал басқарушылар мен қол астындағылар арасында отбасылық қарым-қатынас. Әрбір қоғам мүшесі туғаннан бастап қайтыс болғанына дейін күнделікті өмірде әдепті болуы керек. Императорға өкімет үстіден беріледі, сондықтан негізгі қол астындағылардың сайлауы адал әрі басқарушыға және “үлкендерге” адал болуы тиіс. Конфуций үшін “ли” ритуалы мемлекет құрылуының басы және негізі болып табылады. Ритуалды жоғалтқанда тәртіпсіздік пайда болады. Конфуций өзінің “Басшы” деген 20 шығармасында “Күнді мейірімділікпен сәйкестендіруге болады, ол жұлдыз өз орнында тұрады, ал басқалары оны айналып жүреді. Егер халықты заң жүзінде басқарса және тәртіпті жазалау арқылы ұстаса, халық айыптан бас тартуға тырысып, ұятты сезбейді. Ал егер халықты мейірімділікпен басқарып, тәртіпті рәсім арқылы қолдап тұрса, онда халық ұят дегенді біледі және олар түзеледі” – дейді Конфуций. Оның ойынша, заң алдындағы барлық қол астындағылардың тепе-тендік принципі жеке адамға күш көрсету болып табылып, мемлекет басқаруының негізін бұзады. Ресей ғалымдары Н.С.Самощенко, В.В.Тищенко өз зерттеулерінде «құқықтық тәрбиені» тұлғаның құқықтық санасын жоспарлы, жүйелі қалыптастыру үдерісі деп түсіндіре отырып, индивидтің құқықтық санасына әсер ететін факторлар ретінде әлеуметтік-экономикалық құрылыс пен әлеуметтік ортаны және оның ұйымдастырушылық-саяси ерекшеліктерін бөліп көрсетеді. Отандық ғалым Т.Ғабитов құқықты мәдени-әлеуметтік реттеу жолдарын: 1) «мораль мен құқық - барлық адамдардың бірдей қолдана алатын ережелер қатынасы»; 2) «әдеп пен құқық - азамат пен мемлекет мүдделерінің үйлесімді ету құралы»; 3) «құқық – адамның іс- әрекетін реттеуші құрал»; 4) «құқық - мәдени-әлеуметтік алғышарттар» деген түрлерге бөліп көрсеткен. Егер зерттеуімізге тірек етіп алынған ұғым «құқықтық тәрбиені» Ресейлік зерттеуші А.Бойков «құқықтық тәрбие - құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың және тұлғаның өзінің мақсатты ұйымдастырылған жұмысы», - деп айқындайды. Құқық адамдардың мінез-құлқын реттейтін, мемлекет тарапынан үнемі қолдау тауып отыратын жүйе. Сонымен бірге құқық жүйесі – құқық салаларының өзара байланысын, арақатынасын және құрылымын анықтайтын институционалдық түсінік ретінде құқықтық жүйенің құрамына енеді. Құқықтық жүйеге құқық жүйесінен басқа да қоғамның құқықтық өмірінің бөлшектері, құқықтық білім, құқықтық тәжірибе және тәрбиенің барлық элементтері де кіреді. Құқықтық білім – құқықтық тәрбие мен құқықты оқытудың біртұтастығы, оның мәні құқықтық нұсқауларды, қатынастарды, құқық реттейтін саладағы қызметтерді қалыптастырады. Бұл жүйе оқушының қоғамда болып жатқан барлық өзгерістерге өзіндік көзқарасын дамытуға, оған деген өзіндік бағдарын қалыптастыруға және заң мен заңдылықтарды меңгеруге, іс-шараларда өзінің азаматтық парызын түсінуге көмектеседі. Құқықтық жүйеде педагогтардың ықпалы тәрбиелік кеңістікте жеткіншектердің санасына, сезіміне, сеніміне, еркіне, құқықтық мінез-құлқының қалыптасуына бағытталған олардың педагогикалық іс-әрекеттерінің кешені мұғалімдер, ата-аналар, мектептен тыс мекемелер, т.б. жағдайда өзара жауапкершілікті субьект – субьектілік қарым-қатынасымен айқындалады. Ертеңгі заң қорғаушылардың адамгершілік құндылық қасиеттерінің қалыптасуы да, алдымен, тәрбиеге байланысты. Құқықтық білім беруді адамгершілік тәрбиесімен ұштастырып, байланыстырып отыру тиіс. Яғни ұлттық , құқықтық, адамгершілік сананы қалыптастыру қажет, ол- қоғамдық сананың ерекше түрі. Бүгінде әлемдік деңгейде адамдардың құқығын қорғайтын « адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» бар. Бұл бүкіл әлем азаматтарының құқын қорғайтын бірден-бір құжат болып табылады. Құқық- қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиянды қатнастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Ол азаматтардың бостандығын, қоғам алдындағы міндеттерін жариялап, оларды жүзеге асыруға заң жүзінде кепілдік береді. Құқықтық тәрбиені педагог ғалымдар құқықтық сана қалыптастырудан бастау керек деп есептейді(Б.Лихачев). Оның құрамды заңды, сол мемлекеттің мәдениетін ондағы демократиялық бастамаларға құрмет және жауапкершілік пен белсенділік. Заң дегеніміз-әр мемлекеттің өзі ұстанған саясатын қоғамдық өмірге орнықтырудың басты құралы.Ол құқықтық нормаларды нақты өмірдегі қарым-қатынасқа ендіру арқылы адамдардың құқықтық санасын қалыптастыру, азаматтардың саналылығын қоғамдық пікір арқылы және заң күшімен дамыту. Құқық қоғамдық өмірде бірқатар аса маңызды қызмет атқарады. Ал 21 оның бастамасы мемлекеттің қабылданған - конституция.Ал қалған құқықтық нормалар мен актілер сол негізде түзеледі, мысалы, еңбек туралы, азаматтық туралы, меншік, басқару, отбасы, қылмыстық, т.б.заңдар қабылдананады. Олар арқылы қоғамдық қатынастар мен мәліметтер реттеліп отырады. Құқықтық тәрбие- дегеніміз бұл қоғамдық ұйымдардың, жеке азаматтардың заңнамалық тәжірибесі негізінде, жүйелі түрде адамдардың мінез-құлқына, біліміне, көзқарасына, құндылығына позитивті көзқарас, құрмет көрсетіле отырып, қоғамдағы тәртіпті қадағалайтын мемелекеттің мақсатты бағытталған іс-әрекеті. 12 дәріс. Жастар мен жасөспірімдердің педагогикалық ортаға бейімделуін қамтамассыз ету Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, қарым-қатынас мәдениеті негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы–бүгінгі жастарымыздың өнегелі тұлғасын қалыптастыру. Біздің ойымызша, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы жоғары қалыптасқан азамат тәрбиелеуде қарым-қатынас мәдениетінің маңызы зор. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниенің қалыптасуына, іскерлік дағдыларын жетілдіруге негіз салады. Келешекте жалпы білім алумен қатар арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы мектепте қаланбақ. Мектептің негізгі міндеті жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, ынтасын арттырумен қатар жалпы азаматтық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, әр түрлі әлеуметтік және моральдық–психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында бойында ұлттық тәрбиеге бай жаңа жас ұрпақты қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейкестілігі күннен күнге артуда. Соңғы жылдары Қазақстанда саяси–идеологиялық, экономикалық, әлеуметтік–мәдени жағдайлардың өзгеруі, Республикамыздың тәуелсіздік алып, егеменді ел болуы психология мен педагогика ғылымдарының алдында жаңа талаптар мен міндеттер қойды. Бұл талап–міндеттер қазақтың педагогикасы мен психологиясы проблемаларымен тікелей байланысты. Демек, ата–мұраның өнегелі дәстүрлерін, идеяларын, тәрбие саласындағы әдіс–тәсілдерін, амал-жолдарын жан–жақты зерттеген, терең мазмұнды еңбектер қажет. Қарым-қатынас - әлеуметтік статусқа ие болатын барлық жас кезендерде болатын іс әрекет түрі. Қарым қатынас арқылы ақпарат аламыз және ойымызды жеткізе аламыз, білеміз. Барлық адамдар күнделікті өмірде бірнеше сұрақ қою арқылы оның жауабын да ести аламыз. Міндеттері ереже сияқты кім қарым- қатынас жасай алады, адамдармен тіл табыса алады, оларды сенімді әңгімеге шақыру, психологиялық тұрғыда толықтырып отыру. Сол сияқты қарым- қатынас адамдар арасындағы психологиялық байланыстар дамуын өзара түсінікті ойларын өзіндік бағалауларын ақпарат алмастыруда орнату. Мінез -құлық мәдениеті – адамшылық қарым-қатынастың негізгі талаптары мен ережелерін сақтау, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас құра білу. Адамның жүріс-тұрыс, іс- әрекетінің жиынтық көрінісі мінез-құлық ерекшелігін айқындайды. Мінез-құлықты ерекшеліктер моральдық категорияға жатады. Ол – адамның қоғамдағы мінез-құлқын реттеу қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғам түгелдей мақұлдаған заңды талаптардың орындалу барысымен анықталады. Құқықтың моральдан айырмашылығы: біріншіден, қоғам мойындаған адамгершілік талаптарын әр адамның орындауын барлық қоғам мүшелерінің қадағалауына байланысты, екіншіден, мораль талаптарын орындау тек рухани әсер ету формаларымен (қоғамдық баға беру, көрсетілген мінез–құлық ережелерінің орындалуын мақұлдау немесе айыптау) өлшенеді. Эвололюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілген, қоршаған ортаға белсенді ықпал етіп, тіршілік сырын танып білу иесіне айналған тұлға мәселесі, оның даму 22 ерекшеліктері қазіргі ғылымда көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. Тұлға ұғымы әр түрлі ғылыми салаларында зерттелініп жатқанымен, дамып келе жатқан әлеуметтік орта мұны жеткіліксіз деп бағалайды. Қазіргі таңда әлеуметтік және психологиялық ғылым аймақтарының негізгі зерттеу мәселелерінің бірі – тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері. Профессор Е.С.Кузьминнің тұжырымдамасына сүйенсек, адамның қарым-қатынасқа түсуі, тұлғаның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы, оның негізгі қатынастарының көтеріліс беруіндегі, дамуындағы, негізгі бастау көзі болып келеді. Бұл қатынастар іс-әрекеттің мәдени, мінез-құлықтық, танымдық, эмоционалды және ерік – жігерлік қорытындыларды қамтиды. Осындай қатынастар адамның жалпы қоғамға, топтарға және өзіне деген мінез-құлқының стратегиялық, тактикалық және жағдайлық бағдарламасының негізін құрайды. Ғалымдардың пайымдауларына сүйенсек, адамдардың әлеуметтік-психологиялық мінездемелеріне байланысты тұлғаның ең негізгі құрылымдық компоненттері ретінде мыналар есептелінеді: сана, мінез, қабілет, интеллект, темперамент, тәжірибе, өзін-өзі бақылау. Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретін Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған. Жасөспірім кезеңі 13-17 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады. Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым – қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым – қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапазонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай – ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейір-бандылықтан зұлымдыққа, адамгер-шіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі рухани жұмыс. Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт - бағдарының құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс - әрекетін балалық және ересек жаста анықтай-тын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең негізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс. Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді. Әсіресе, жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады. Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін. Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар 23 мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін - өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді. Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» -оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірімдердің өзін - өзі тануы, өзіндік сана – сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды. Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құбылыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз - өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән. Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады . «Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Осы жастағы өзгешелік психолог А.Г. Ковалев биологиялық әсері туралы сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу жасөспірімнің эмоциялық қалпына беттесуін біз тұтас деп айтсақ, онда оның психикалық кескінін биологиялық фактормен анықтаймыз. В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен айтқанда ерте жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық және азаматтық ересектік жетілу кезеңі. Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18 жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады.

...

Скачать:   txt (143.5 Kb)   pdf (147 Kb)   docx (44.6 Kb)  
Продолжить читать еще 38 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club