Педагог- психологтың медиақұзіреттілігі
Автор: Казына Корганбек • Октябрь 30, 2019 • Эссе • 472 Слов (2 Страниц) • 541 Просмотры
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Әлеуметтік ғылымдар факультеті
ЭССЕ
Тақырыбы: Педагог- психологтың медиақұзіреттілігі
Орындаған: Қорғанбек Т.Қ
Тобы: ППм-11
Қабылдаған: п.ғ.д.,профессоры Сейітқазы П.Б
Нұр-Сұлтан, 2019 жыл
Медиақұзіреттілік дегеніміз – медиаресурстарды қолдану, талдау, бағалау және медиаға қатысты өз бетінше, шығармашылықпен және әлеуметтік жауапкершілік пен кешенді әрекет жасай алу қабілеті.
Қазіргі қоғамда медиақұзіретті болуды сауаттылықтың жоғарғы көрінісі ретінде айта аламыз.
Педагог-психологтарға медиақұзіретті болу қаншалықты маңызды? Ол тікелей адамдармен жұмыс жасайтындықтан оған не үшін қажет? Педагог-психологтарға медиақұзіретті болу өте қажет. Себебі медиақұзіреттілік – түрлі технологияларды игеру,сол технологияларды өз жұмысында пайдалана алуы. Медиақұзіретті болу арқылы ол түрлі тест, анкета, зерттеу әдістерін осы технологиялармен жаңартып пайдалана алады.Сонымен қатар, онлайн курстарды,кеңестер де бере алады.Әрбір жаңа технологиялардың шығуы мен сәйкес, оның адам баласына психикалық түрде әсер етуін зерттеу арқылы,онымен қалай дұрыс жұмыс жасайтындығын ескертеді.Түрлі әлеуметтік желілерді игеру арқылы, жасөспірімдерге сол желілердің пайдасын,зиянын түсіндіре алады. Педагог-психолог үшін медиақұзіретті болу ол өзі үшінде,қоғам үшінде пайдалы. Қоғамдағы түрлі кикілжіңдер осы әлеуметтік желілер және т.б түрлі жағдайдан туындағандықтан,оны шешу үшін әр педагог –психолог сол технологияларды сауатты қолдана алуы керек.
...