Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқыту үрдісіндегі пəнаралық байланыс

Автор:   •  Декабрь 22, 2018  •  Курсовая работа  •  12,423 Слов (50 Страниц)  •  1,095 Просмотры

Страница 1 из 50

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан -2050» стартегиясының маңызды басым бөліктерінің бірі болып саналады. «Қазақстан-2030» бағдарламасында Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік кеңістігіне кіріктіру көзделген болатын. Бұл мәселені іске асырудың нәтижесінде адам ресурсын озық дамытуды және Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіруді қамтамасыз ететін білім беру жүйесі құрылды. Бұрынғы оқыту технологиялары оқушылардың оқуға деген ұмтылыстары мен біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған еді. Онда оқытылатын пән оқыту мақсаты тәрізді болды да, оқушы соған жетудің құралы сипатын алды. Бүгінгі күні елімізге дені сау, рухы биік, озық ойлы бәсекеге қабылетті тұлға қажет. Олар алдарына өресі биік мақсаттар қойып, соған жете алатындай болу керек. Оқытатын пәніне қарамастан мұғалім осындай тұлғаларды тәрбиелеуі тиіс. Балаларды жастайынан нағыз адам болуға, алдына айқын мақсат қойып, соған жету жолында кездесетін қиындықтарды жеңе алатын, жеке басының құндылықтарын білетін тұлға ретінде дайындау ләзім. Осы тұрғыдан қарасақ мектептегі физика пәнін жоғары деңгейде оқытудың бір жолы – пәнаралық байланыс әдісі болмақ. Пәнаралық байланыс оқушыға кешенді білім алуға көмектеседі. Оқушы алған білімін қолдана білуге,қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсінуге, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап танып,қорытынды жасай білуге үйренеді. Кешенді білім беру формуласы: «Білім ꞊ үйрену + іздеу + оқу». Мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалімдер біршама қиындықтарға кездеседі. Бұл әдісті қолдану мұғалімнің жан-жақты білімді болуын талап етеді. Атап айтқанда: оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, заңдылықтарды өзара байланыста қарастыру, оқушылардың танымдық, тәжірибеде қолдана білуге үйрету және тағы басқа мәселелерді дидактикалық тұрғыдан шешу қажет. Пәнаралық байланыстың бір пайдалы жағы – бүкіл оқыту ісін, бір мектептің барлық жұмысын бір арнаға бағыттауға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға, әр түрлі пәндерді ортақ мүддені шешуге жұмылдырады. Физика пәнін оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін мынандай ұсыныстар жасауға болады:

  • әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізуді көздеу;
  • мүмкіндігінше өтілетін тақырыптарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру;
  • оқушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруін сабақтастыра қалыптастыру;
  • әртүрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақ ерекшеліктерін айқындай білу;
  • физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың басқа пәндерде қолданылуын көрсету (немесе керісінше);
  • кешенді таным жорықтар ұйымдастыру;
  • кешенді сипаттағы сыныптан тыс жұмыстар өткізу (физика-химиялық, физика-математикалық, агрофизикалық т.б. үйірмелер құру);

Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп физика курсының «Оптика» тарауының басқа пәндермен байланысын анықтау.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларын оқыту.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Физика пәнін тереңдете оқыту.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Педагогика ғылымының қарастыратын мәселелерінің бастысы – пәнаралық байланыс тақырыбын ашу;
  • Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі бағыттары анықтау;
  • Пәнаралық байланыс арқылы педагогикада жеке тұлғаны қалыптастыру шарттарын анықтау;
  • Физика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты қолданып, сабақты ұйымдастыру барысында жүзеге асыру.

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша ғалымдардың, әлеуметтанушылардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы Заңы»; Елбасшының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; Ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.

...

Скачать:   txt (138.8 Kb)   pdf (1.4 Mb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 49 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club