Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Автор: Razita02 • Май 6, 2023 • Курсовая работа • 3,638 Слов (15 Страниц) • 286 Просмотры
КІРІСПЕ..........................................................................................................................3
I БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ...............................................................................................................5
1.1 Бастауыш сыныптағы математиканың мазмұны мен құрылысы........................5
1.2 Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың әдістері мен құралдары......12
II МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС......................................................................................17
2.1 Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары...........................................................................17
2.2 Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды іске асыру әдістемесі......................................................................................................................19
2.3 Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде белсенділігін қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері........................................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................................36
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ғылым мен техниканың ұдайы өсуі қоғам өміріне мәнді өзгерістер әкеліп жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жоғары талаптар қояды. Мұндай талаптар Қазақстан Республикасы жоғары білімінің мемлекеттік стандартында бекітіліп, міндеттер түрінде нақтыланды. Атап айтқанда: «...жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту».
Аталған міндеттерді жүзеге асыру мектептің бастауыш сатысынан басталады. Бүгінгі таңдағы қолданысқа ие болып жүрген «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы, «Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартындаң үзіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған. Онда: «Бастауыш саты оқушысының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мақсаты оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарланады... әр пән ғылыми білім элементтерін, ұғымдар жүйесін міндетті түрде қамтиды және танымдық, дамытушы рөлімен қоса пропедевтикалық та қызмет атқарады» делінген. Осы бағытта пәнаралық байланыс бастауыш сатыда жекелеген пәндер ең алдымен оқушыда мәдинеттің базистік қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет еткендіктен білім мазмұнының инегративті, біртұтастығын қамтамасыз етудің маңызы зор.
Әрбір пәнді басқа пәнмен байланыстыра отырып өткізудің үлкен мәні бар. Негізінен, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оқшауланып, бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті дара байланыстылықты танып білу. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай, шектелмей пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет.
Бастауыш мектепте берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасау ең алдымен, әрбір оқушының жан-жақты дамуына, ойлау қабілетінің үздіксіз жетіліп, жаңа деңгейлерге кӛтерілуіне қызмет етуі тиіс. Сондықтан да жаңа талаптарға сәйкес, оқу пәндерінің мазмұнын, оқу- танымдық мүмкіндіктерін толығырақ пайдаланудың дидактикалық амалы – жақын пәндерді бір-біріне интеграциялай отырып оқыту негізінде білім сапасын арттыру үдерісін ізгілендіру болып табылады.
Оқу пәндерінің
...