Оқыту құралдары
Автор: aida.saparbek • Март 11, 2023 • Творческая работа • 263 Слов (2 Страниц) • 148 Просмотры
Білім беру бағдарламасында қолданылатын оқу жабдықтары оқыту құралдары, техникалық құралдар, құрылғылар және жиһаздар деген төрт топқа бөлінеді. Оқу процесін жүзеге асыруда бұл топтардың жабдықтары бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Қазіргі таңда педагогикада «көрнекі оқу құралдары» терминінің орнына «оқыту құралдары» деген термин қолданылады. Бұған себеп,«көрнекі оқу құралдары» деген ұғым оқу процесіндегі құралдардың барлығын қамтымайды, яғни ол тек оқытудың көрнекілік деген қасиетін ғана сипаттайды. Ал оқыту құралдарының көрнекіліктен басқа эргономикалық және дидактикалық секілді маңызды бағыттары бар екен белгілі.
Оқыту құралдары оқу процесінің, жалпы кез келген оқу орнының материалдық-оқу базасының басты компоненті болып табылады.Мұғалім сыныпта оқыту құралдарын қолдану арқылы оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, олардың қажетті білімді, шеберлікті, дағдыны қалыптастыруына мүмкіндік береді. Мұғалімнің әрбір оқыту құралының дидактикалық мүмкіндіктерін біліп, оны толық пайдалануына байланысты оқу процесінің маңызы да арта түседі.
Оқыту құралдарын оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда қолдану бағытына сәйкес келесідей үш топқа бөлуге болады:
1. Сабақ түсіндіру барысында ақпарат беру;
2. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру;
3. Сабақ барысын тексеру және басқару;
Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент оқулықтар деп есептеледі. Яғни, оқулық дегеніміз оқу бағдарламасына сай оқытылатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде ұсынатын кітап болып табылады.
...