Негізгі құралдар қозғалысының талдамалық және синтетикалық есебі
Автор: ainash • Апрель 16, 2018 • Курсовая работа • 10,616 Слов (43 Страниц) • 1,161 Просмотры
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ БАСТАПҚЫ, ТАЛДАМАЛЫҚ ЖӘНЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
І. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Негізгі құралдар есебінің нормативтік-құқықтық реттелуі..............................5
1.2.Негізгі құралдардың ұғымы, жіктелуі, танылуы мен бағалануы...................................................................................................................10
1.3.Негізгі құралдардың қозғалысының бастапқы есебі.......................................19
ІІ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТАЛДАМАЛЫҚ ЖӘНЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1.Негізгі құралдар қозғалысының талдамалық және синтетикалық есебі.............................................................................................................................23
2.2.Негізгі құралдар амортизациясының есебі.....................................................30
2.3.Негізгі құралдардың бастапқы, талдамалық және синтетикалық есебін жетілдіру жолдары ...................................................................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................42
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................44
КІРІСПЕ
Тақырып өзектілігі. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастырып жүргізу арқылы нарықтық қатынастар жағдайындағы ұйымдардың негізгі құралдарының ұтымды пайдаланылуы мен тиімділігін арттыратын есептеу әдістерін зерделеу бүгінгі күнде үлкен маңызға ие.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасы Жолдауында қаржылық дағдарыстан толық айыға қоймаған әлемде еліміздің келешектегі түрлі сын-қатерлерге төтеп беруі мақсатында жаңа экономикалық саясаты жарияланды. Оның контрциклды сипаты экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Осы тұрғыда бірқатар салалаларға басымдық беріледі. Нақты айтқанда, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдар, шағын және орта бизнес салалары [1].
Жалпы кез келген шағын және орта бизнес салаларындағы ұйымдардың қызметін жүргізуде, жетілдіруде негізгі құралдардың алатын орны ерекше.
Сондықтан өндіріс процесіне қатысатын ғимарат, машина, құралдар мен аппараттар, т.б. сияқты негізгі құралдар әрбір кәсіпорын шаруашылығының негізі болып табылады. Осыған байланысты тақырып өзектілігі негізгі құралдардың үнемді әрі тиімді қолданылуы мен олардың есебінің ұйымның шаруашылық әрекетінің соңғы нәтижесіне тікелей ықпал етуінде деп айтуға болады. Сонымен қатар, бухгалтерлік мәліметтерге негізделген есептің басты мәселесі - негізгі құралдар құрамын анықтау, ескіру деңгейін, техникалық жабдықтардың интенсивті жаңаруын, кәсіпорындардың жаңа, замануи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі де өзектілігі болып саналады.
Қазіргі таңдағы негізгі құралдардың есебіне қатысты басты мәселелер, олардың теориялық - әдістемелік және тәжірибелік мағынасының толық ашылмауы - зерттеу тақырыбының өзектілігін одан ары дәйектей түседі.
Негізгі құралдардың орны экономикалық қатынастарда да ерекше болып табылады. Себебі, ұлттық байлықтың, кез келген ұйымның табыс көзі замануи жаңартылған негізгі құралдарды ұтымды түрде толық пайдалана білу. Бұл тұрғыда адам еңбегі, әр түрлі өндіріс деңгейіндегі жетілген менеджмент пен маркетинг салаларын біріктіре отырып жұмыс жасау максималды нәтиже алуға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде аталған мәселелерге байланысты курстық жұмыстың мақсаты мен оған жетудегі міндеттер айқындалады.
Курстық жұмыстың мақсаты – негізгі құралдардың бастапқы, талдамалық және синтетикалық есептерін жүргізу тәртібін егжей-тегжейлі қарастыру және олардың жетілдіру жолдарын анықтау.
Қойылған мақсатына байланысты курстық жұмыста келесі зерттеу міндеттері қарастырылады:
- негізгі құралдар есебінің нормативтік-құқықтық реттелуін қарастыру;
- негізгі құралдардың ұғымы, жіктелуі және бағалануы;
- негізгі құралдардың қозғалысының бастапқы, талдамалық, синтетикалық және олардың амортизациясының есебі;
- негізгі құралдар есебінің ұйымдастырылуын жетілдіру жолдары.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - негізгі құралдардың бастапқы, талдамалық және синтетикалық есебі, ал зерттеу пәні – негізгі құралдардың қозғалысының бастапқы, талдамалық және синтетикалық есебін ұйымдастырудың теориялық негізін және оны тиімді жүргізудің жолдарын шетелдік тәжірибелермен салыстыра отырып қарастыру болып табылады.
...