Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гетероциклді қосылыстардың химиясында ақпараттық технологияларды қолдану

Автор:   •  Апрель 12, 2023  •  Статья  •  1,793 Слов (8 Страниц)  •  242 Просмотры

Страница 1 из 8

«Жас ғалымдардың зерттеулері: теория және практика» атты қашықтықтан өткізілетін студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың ІІ республикалық ғылымипрактикалық конференциясына өтініш

Автордың аты-жөні толығымен

Қизатова Жанар Қизатқызы

курс, сыныбы

2

Оқу орнының толық атауы (қысқартусыз)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Мақала тақырыбы

Гетероциклді қосылыстардың химиясында ақпараттық технологияларды қолдану

Ұялы телефон

87082114096

Ғылыми жетекшінің аты-жөні толығымен

Асылбековна Динара Биримжанова

E-mail - конференция материалдарын жіберу үшін

zhanar_199696@mail.ru

Ж.Қ.Қизатова, Д.А. Биримжанова

Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан

(E-mail: zhanar_199696@mail.ru, dinarko@inbox.ru)

Гетероциклді қосылыстардың химиясында ақпараттық технологияларды қолдану

Аннотация. Мақала білім берудегі ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіншіліктеріне  арналған. Қазіргі уақытта барлық қызмет саласында ақпараттық технологиялар үлкен қолданысқа ие. Білім беру саласында да ақпараттық технологиялармен, оның ішінде цифрлық құралдармен жұмыс жасау кең көрініс тапқан құбылыс болып табылады. Жаңа білім беру бағдарламалары еңбек өнімділігіннің өсуін, білім алушылардың цифрлық сауаттылығынының жетілдіруін қамтамасыз ететін цифрлық дәуірге қарқынды түрде өтуде.

Бұл мақалада кредиттік оқыту жағдайында органикалық химияның бір бөлімі Гетероциклді қосылыстардың химиясын оқытуда қолданылған ақпараттық бағдарламаларға жасалған салыстырулар ұсынылған. Оқыту барысында ақпараттық технологиялардың қолдануға қолжетімді барлық мүмкіндіктері пайдаланылды. Олардың артышылықтары мен кемшіліктеріне, білім алуда беретін мүмкіндіктеріне сараптама жасалынды.

Түйін сөздер: ақпараттық технология, цифрлық құралдар, «Гетероциклді қосылыстардың химиясы»,  практикалық сабақтар, бағалау, Plickers, Quizizz, Classtime, Nearpod.

 

Кіріспе. Жаһандану дәуірі және ақпараттану ғасырында білім беру қызметінде цифрлық құралдар мен оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін ұтымды қолдана отырып енгізудің маңызы зор болып табылады. Қолжетімді ақпараттық технологиялардың пайда болуы оқыту процесінің білім алушылар үшін қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін, цифрлық сауаттылықтарын қалыптастыруда және арттыруда өз септігін тигізуде.

Жалпы қазіргі уақытта барлық қоғам мүшелерінің, оның ішінде жастардың басым көпшілігінің ақпараттық ресурстарды пайдалануы, бұл  олардың ақпараттық технологиялардың беретін мүмкіндіктерін пайдалануларына деген үлкен қызығушылықтарының  пайда болуына себеп екендігін көрсетеді. Осындай сынды жағдайлар білім беруді цифрландыруға қосымша серпін беруде. Сонымен қатар цифрлық бағдарламаларды сабақ барысында пайдалану оқу процесінің тиімділігі мен мотивациясын арттырады, білім алушылардың оқу іс-әрекетін және оқытудың әртүрлі дидактикалық принциптерін жүзеге асырады.

Білім берудегі ақпараттық технологиялар бірқатар маңызды міндеттерді шешеді, соның ішінде:

1. Компьютерлік графика мен компьютерлік модельдеуді қолдану негізінде болатын құбылыстар мен процестерді оқу және зерттеу мүмкіншіліктері;

2. Әртүрлі физикалық, химиялық процестерді тереңірек оқу, зерттеу, бақылау мүмкіншіліктері;

3. Білім беруге арналған бағдарламалар арқылы білім алушылардан әр түрлі деңгейде тапсырмалар алу және оны бағалау мүмкіншіліктері.

Ақпараттық технологиялар тұжырымдамасына білім берудегі компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар кіреді [1]. Химияны оқыту барысында осындай технологиялар өзінің үлкен көмегін көрсетеді. Түрлі химиялық қосылыстардың құрылымдық формулаларын, химиялық реакцияларды сипаттауда, химиялық құбылыстарды бақылауда ақпараттық технологиялардың беретін мүмкіншіліктері зор. «Гетероциклді қосылытардың химиясын» оқытуда практикалық тапсырмалардың басым көпшілігі цифрлық құралдардың көмегімен алынды. Білім алушылардың сабақ барысында ынталарының, тапсырмаларды орындауға деген зейіндерінің артқандығы байқалды. Сондай ақ «Мобильді оқыту» технологиясы, яғни ұялы телефондарды байланыстыра отыра оқытудың да тиімділіктері байқалды.

...

Скачать:   txt (27.6 Kb)   pdf (231.4 Kb)   docx (234.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club