Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отбасылық тәрбиеге педагогикалық басшылык жасау

Автор:   •  Декабрь 2, 2021  •  Курсовая работа  •  5,885 Слов (24 Страниц)  •  363 Просмотры

Страница 1 из 24

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3

I

ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕГЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАСШЫЛЫҚ ЖАСАУ

4

1.1

Отбасылық тәрбиенің адамгершілік негіздері

4

1.2

Отбасылық тәрбиеге педагогикалық басшылық жасау

8

1.3

Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері

15

ҚОРЫТЫНДЫ

18

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

19

        

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Біздің елімізде бала тәрбиелеу ісі-ата-аналардың негізгі міндеті.Сондықтан олар ең алдымен тұтас, тату отбасын құруды, оған тікелей басшылық жасауды негізгі міндетіміз деп санауы тиіс. Мұндай тұтас отбасының басты функциясы-әке мен ананың, бала мен ата-ананың арасындағы мейірімді қатынас, өзара сүйіспеншілік, бір-бірін сыйлаушылық. Егер жұбайлар арасында алауыздық, үстемдік жасау және өрескел мінез, ұнамсыз қылық сезілсе, мұндай жағымсыз істер бала тәрбиесіне кері әсер етеді.  Ал әке мен ананың, басқа отбасы мүшелерінің көздеген мақсаты бір болса, балалардың отбасындағы және мектептегі түрлі іс-әрекеттері жақсы нәтиже береді. Осындай бірліктің негізінде ата-аналар баланы еңбексүйгіштікке, ізгілікке, әдептілікке, адалдыққа, дербестікке, ұқыптылыққа тәрбиелейді. Баланы жан-жақты тәрбиелеу үшін, оның ішкі сыры, мінезін, қабілетін, сыртқы ортамен қарым қатынасын әрбір  ата-ананың жете білгені жөн. Осының негізінде ата-аналар тәрбие процесін басқарудың жолдарын, әдістері мен тәсілдерін іздестіреді, тиімді етіп пайдалануды көздейді. А.С.Макаренко жастар тәрбиесінің қиындығын айта келіп, былай деп жазды: «Балалар тәрбиесі-біздің өміріміздегі ең маңызды бөлім. Біздің балаларымыз – біздің еліміздің келешек азаматтары не әлем азаматтары. Бұлар келешек әкелер мен аналар, олар да өз балаларын тәрбиелейді. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әкелер мен аналар болып өсуі қажет... біздің  балаларымыз – бұл біздің ар-ұжданымыз, біздің қартайған шағымыз», – деп айтқан. Отбасы қоғамдық тарихи құбылыс екені белгілі. Ол жасөспірімдерді тәрбиелеуде қызмет етіп келеді, қоғам өмірінде үлкен рөл атқарады. Сондықтан отбасының әлеуметтік мәнін және оның тарихи даму заңдылықтарын жете түсіну ғылыми-зерттеулердің объектісі болады. .

        Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасай отырып, болашақта тәрбиелі, саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу.

        Курстық жұмыстың міндеттері:

        -отбасылық тәрбиенің адамгергершілік негіздерін зерттеу;

         -отбасылық тәрбиеге педагогикалық басшылық жасау;

        -оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтау;

        Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Ғылыми-педагогикалық,тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау,кітапханаға барып зерттеу жұмыстарын жүргізу

         Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, бір бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

I  ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕГЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАСШЫЛЫҚ ЖАСАУ

1.1 Отбасылық тәрбиенің адамгершілік негіздері

         Елімізде білім берудің бүгінгі жайы қоғамдық өмірдің барлық салаларына түбегейлі өзгертуде маңызды мәнге және оның дамуы жалпы мемлекеттік саясаттың басты буыны ретінде қарастырып отыр. Өйткені экономикалық қоғамдық жаңарудың қазіргі аяқ алысында білім беру жүйесінің алдында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруге негізгі тірек болатын білімді азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр.Бұл үшін білім беру саласы халықаралық деңгейдегі сатыға көтерілуі тиіс. Міне, осы талап тұрғысынан қарасақ бала тәрбиесі отбасынан басталады. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі[1]. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұр емес пе?

...

Скачать:   txt (80.6 Kb)   pdf (189.1 Kb)   docx (35.9 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club