Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс жасау принципі

Автор:   •  Февраль 25, 2018  •  Реферат  •  3,497 Слов (14 Страниц)  •  1,855 Просмотры

Страница 1 из 14

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН  ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс жасау принципі. ЭКГ тіркеудің негізгі тәсілдері. ЭКГ тіркеу және талдау принципі.

                                                               

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Жүрек ырғағы. Жүрек ырғағының өзгеруі.

2.Жүрек қызметінің көрсеткіштері.

3. Жүректің өткізгіштік жүйесі.

4.Миокард жасушасының электрлік белсенділігі.

5. Электрокардиография.

6.Электрокардиограмма.

7.ЭКГ тіркеу және талдау принципі.

8.Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс жасау принципі.

Жүрек ырғағы. Жүрек ырғағының өзгеруі.

Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті. Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу).

Жүрек циклінің осы фазаларының ұзақтылығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүрек ырғағы- бір минуттағы жүректің жиырылу саны.

Жүрек ырғағы негізінен кезбе және симпатикалық жүйкелердің (нерв) функциялық күйіне байланысты. Симпатикалық жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі артады. Осы құбылыс тахикардия деп аталады. Кезбе  жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі төмендейді - брадикардия. Жүректің қалыпты жиырылу жиілігі минутына  60—80 рет, аса сирек ырғақта брадикардия кезінде - 40—50 рет, ал аса жиі ырғақта тахикардияда - минутына  90—100-ден асады және  150- ге жетеді, одан да жоғары болады. Жүрек ырғағына  ми қыртысының  күйі де әсер етеді: тежелу артқанда, жүрек ырғағы баяулайды, қозу үрдісі күшейгенде, артады. Жүрек ырғағы гуморальды әсердің ықпалынан да өзгеруі мүмкін, әсіресе жүрекке келетін қанның температурасының өзгеруі кезінде. Тәжірибелерден оң жақ жүрекше аймағын жылумен тітіркендіргенде, жүрек ырғағының жиілегені, осы бөлікті керісінше суытқанда- жүрек ырғағының төмендеуі анықталған. Жүректің басқа бөліктерін жылумен не суықпен жергілікті тітіркендіру жүректің жиырылу жиілігіне әсер етпейді Сау адамның жүрегінің жиылыру жиілігі жас мөлшеріне байланысты болады. Осы мәліметтер 1- кестеде көрсетілген.

Жүрек қызметінің көрсеткіштері.

          Жүрек жұмысының көрсеткіштеріне жүректің систолалық және минуттық көлемі  жатады. Жүректің систолалық немесе соққы көлемі дегеніміз - әр (бір рет) жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректен ығыстырылып шығатын қанның мөлшері. Систолалық көлемнің шамасы жүректің өлшеміне, миокард күйіне және ағзаға байланысты. Салыстырмалы тыныштықта ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық көлемі шамамен  70—80 мл- ді құрайды. Екі қарынша жиырылғанда артериялық жүйеге 120—160 мл қанның көлемі ығыстырылып шығарылады. Жүректің минуттық көлемі дегеніміз – жүректің өкпе өзегі мен аортаға 1 минутта ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3- 5 л құрайды.Жүректің систолалық және минуттық көлемі қанайналым аппаратының қызметін сипаттайды.

Жүректің өткізгіштік жүйесі.

      Жүректің жиырылуы оның бұлшықетінде периодты түрде пайда болатын қозу үрдістерінің салдарынан болады. Жүректегі қозу онда жүріп жатқан  үрдістердің әсерінен периодты түрде пайда болады. Осы құбылыс автоматия деп аталады. Миокардтың белгілі бір бөліктері автоматияға қабілетті болады. Осы айрықша бұлшықет жүректе өткізгіштік жүйені құрайды. Өткізгіштік жүйе синусты- жүрекше  түйінінен (жүректің ырғағын жүргізуші) және жүрекше- қарынша (атриовентрикулярлы) түйінінен тұрады. Синусты- жүрекше  түйінін кейде синус түйіні деп атайды. Жүрек ырғағын жүргізуші қуыс веналардың қосылған жерінде, оң жақ жүрекшеде орналасқан. Ал жүрекше- қарынша (атриовентрикулярлы) түйіні оң жақ жүрекшенің төменгі үштен бір бөлігі мен қарыншааралық пердеде орналасқан. Осы түйіннен жүрекше- қарынша шоғыры (Гис шоғыры, будасы) басталады. Жүрек ұшының аймағында жүрекше- қарынша шоғырының аяқтары (ұштары) жоғары қарай иіліп, қарыншалардың жиырылғыш миокардіне батырылған өткізгіш миоциттер тізбегіне (Пуркинье талшықтары) енеді (сурет 1).[pic 1]

...

Скачать:   txt (46.6 Kb)   pdf (718.6 Kb)   docx (693 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club