XIX ғасырдағы полковник Н.М. Изразцов деректеріндегі Жетісу қазақтарының отбасылық әдет-ғұрыптары
Автор: abzal-1990 • Февраль 12, 2018 • Статья • 1,981 Слов (8 Страниц) • 1,205 Просмотры
XIX ғасырдағы полковник Н.М. Изразцов деректеріндегі Жетісу қазақтарының отбасылық әдет-ғұрыптары
Абстракт
Бұл мақалада XIX ғасырдағы Жетісу қазақтарының сирек қорларда кездесетін отбасылық әдет-ғұрыптары жайлы жазылған. Мақаланың негізгі дерек көзі болып Ресей шенеунігі Н.М. Изразцовтың «Этнографическое обозрение» журналының 1897 жылғы №3 және №4 сандарында «Обычное право («адат») киргизов Семиреченской области» деген атпен шыққан дерегін айтуға болады. Одан басқа, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатының «Дала генерал-губернаторлығының канцелариясы» атты 64 қорының №490, №1754, №1923, №4236 іс қағаздары зерттелінді. Бұл деректер мен қорларда XIX ғасырдағы Жетісу қазақтарының отбасылық әдет-ғұрыптары жайлы айтылған. Жалпы қазақ мәдениеті мен тұрмыс тіршілігі жайлы зерттеулерді Ресейден шыққан ғалымдар емес әскери азаматтары мен шенеуніктері жазған болатын. Әсіресе, аталмыш өңірдің қазақтары жайлы бізге көптеген этнографиялық деректерді XIX ғасырдағы Жетісу облысының полковнигі Н.М. Изразцов қалдырған.
Кілт сөздер: адат, көшпелі өркениет, әдет-ғұрып, жесір, бәйбіше, тоқал, қалың мал, жасау
Кіріспе
Николай Михайлович Изразцов 1850 жылы 26 қаңтарда Тверь губерниясынының әскери отбасысында дүиеге келген [1]. 1870 жылы 3-ші Александровск әскери училищесін бітіріп, прапорщик қызметінде Түркістан артиллериялық бригадасына ауысады. 1872 жылдан 1883 жылға дейін Н.М. Изразцов Жетісу облысының Құлжа ауданы мен Тоқмақ және Қапал уездерінде әр түрлі әскери-шенеунік қызметін атқарады. 1883 жылы Верный уезінің басшысы болып тағайындалады. Н.М. Изразцовтың сәтті мансабы 1888 жылы кенет үзіліп қалады. Себебі, оның Жетісу облысының әскери губернаторы Ивановпен қарым-қатынасы нашарлай түседі. Николай Михайловичтің үстіне арыз, шағымдар түсіп, мемлекеттік қазынадағы қаражатты өз атына аударып алды деген айыптар түседі. Жалпы, Н.М. Изразцовтың ісі 1890 жылы дәлелсіз аяқталып, ол полковник шенімен Ярославль қаласына кетіп қалады.
Николай Изразцовтың жазабаларының пайда болуына әсер еткен Түркістан әкімшілігінің Жетісу облысын мекендеген көшпелі халықтар жайлы, әсіресе қазақтар мен қыздар туралы ақпараттарды жинастыруға бағытталған тапсырма болып табылады. Алайда, Түркістан генерал-губернаторы К.П. Кауфманның 1882 жылы кенеттен қайтыс болуына байланысты Николай Михайловичтің жинаған деректері көпшілік қауып арасында жарыққа шықпай қалады.
Н.М. Изразцов 1879-1881 жж. Жетісу қазақтары жайлы жазылған этнографиялық еңбектері екі нұсқада ұсынылып, біріншісі, көшпелілердің қарапайым құқықтарын зерттейтін Комиссия төрағасы Бродовскийге ұсынылады. Жазбаның екінші нұсқасы, қысқаша түрінде, 1886 жылы «Орыс географиялық қоғамының» Батыс-Сібір бөлімінде жариялау үшін жіберіледі. Алайда, оның деректері тек 10 жылдан кейін 1897 жылы ғана «Этнографическое обозрение» журналының №3, №4 сандарында жарық көреді. Қазіргі таңда Н.М. Изразцовтың жазбалары Қазақстан Республикасының Орталық мемелекеттік мұрағатының «Дала генерал-губернаторлығының канцелариясына» арналған қорда сақтаулы тұр. Одан басқа 2005 жылы 10 томдық «Дренвний мир права казахов»[2] және 2011 жылы «История Казахстана в документах и материалах»[3] деген кітаптарда қайта өңделіп басылып шыққан.
Негізгі бөлім
Дала өркениетінің тарихында ғасырларға ұласқан оқиғалар мен өзгерістер болып отырған. Осындай жағдайда көне дәуірдің мұрасы ретінде қазақтар өзінің негізгі құндылықтарын сақтап қалды. Қазақ халқының тарихи құндылығының бірі – әдеттік-құқықтық (адат) жүйе. Адат жүйесінің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген қазақ құқығы өзінің реттеушілік мәнін ХІХ ғасырға дейін сақтап келді. Қазақтың әдеттік-құқықтық жүйесінің өміршеңдігінің екі себебі болды. Алғашқысы – көшпелі өркениеттің шаруашылық-тұрмыстық негізі, екіншісі дүниетанымдық құндылығын жоғалтпаған қоғамның сұранысы болды. Қазақтың әдеттік-құқықтық ескерткіші – көшпелі өркениеттің мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихымен және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен ерекшеленді [4]. Қазақ халқы Ресей бодандағын қабылдағаннан кейін біздің жерімізге мәдениетімізбен танысуға көптеп орыс және шетелдік зерттеушілер келді. Алайда, олар біздің тұрмысымызды жәй ғана зерттеп қоймай, патша үкіметінің түпкі ойы біздің дәстүрімізді жою арқылы ұлттық сана-сезімімізден айыру болды.
...