Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

CorelDraw бағдарламасында Каустика суретін жасау

Автор:   •  Январь 25, 2018  •  Курсовая работа  •  3,545 Слов (15 Страниц)  •  1,304 Просмотры

Страница 1 из 15

ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

КОЛЛЕДЖІ АҚ

«Дизайн және Технология» бөлімі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: CorelDraw бағдарламасында Каустика суретін жасау.

Мамандығы: 0402000 – Дизайн

                                                                                 Орындаған: Датха М. С

                                                              Тобы: Дизайн – 301

                                                                               Жетекші: Кенжақынова А. К.

АСТАНА 2017

Жоспар

I.Кіріспе....................................................................................................................2

II.Негізгі бөлім

a) Логотип- фирмалық стиль негізгі элементтерінің бірі....................................4

ә) CorelDRAW Graphics Suite X5 бағдарламасымен жұмыс...............................9

б) Жүректің анатомиялық құрылысы мен қызметі............................................13

в) Каустика мысалында "анар".............................................................................15

III.Қорытынды.......................................................................................................19

IV Қолданылған әдебиеттер.................................................................................20

V Қосымшалар

Кіріспе 

Тұтынушылар үшін күресте, брендинг қалыптастыруда басты құралдардың бірі болып табылатын фирмалық стиль бүгінде фирманың барлық коммуникациялық саясатының негізі болып табылады. Оны қолдану безендіруді, түстердің мазмұндас келуін,  жарнамадағы образбен, іскери қағаздармен, техникалық және іскери құжаттармен, өнімнің қаптамасымен және т.б. бірыңғайлықты ұйғарады.

Логотип — компанияның мәртебесін көрсететін ең басты элемент. Ол бірінші кезекте өнімді нарыққа шығаруға қызмет етеді. Тұтынушылардың логотипті немесе тауарлық белгінің қабылдауы тауарға деген сапасына кепілдігі болып табылады. Логотипі болмайтын тауарлар "noname" деп аталады.

Логотиптің басты 4 түрі бар: мәтіндік, символдық, әріп-сандық, араласқан. Сонымен қоса анимациялық түрі  жарнамаларда, дүкендер баннерлерінде кездеседі.

Курстық жұмыс мақсаты-CorelDRAW бағдарламасы арқылы логотип құру.

Курстық жұмыс міндеттері:

- графикалық редактор көмегімен компанияға арналған логотип жасап шығару.

- логотип құруға арналған бірнеше бағдарламалар жүйесімен жұмыс істеу.

- CorelDRAW X5 бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысу және логотип құру

Негізгі бөлім

Логотип- фирмалық стиль негізгі элементтерінің бірі

Фирмалық стиль — жарнаманың заманауи және өзекті түрінің бірі. Көптеген зерттеуші оны маркетингтік коммуникацияның ерекше түрі деп қарастырады. Фирмалық стильде түстердің жиынтығы, графикалық және басқа да тұрақты элементтері тауардың (қызметтің) көріністік және мағыналық бірлігін құрайды, фирма жайлы ақпаратты береді.

 Фирмалық стиль ұйым өмірінде мынадай маңызды қызметтер атқарады:

 1. Имидждік қызмет. Беделі мен абыройын арттырудағы компанияны дамыту мен қолдау.  Фирманың мұндай түсінігі бүкіл аудиториямен қатар оның тауарларына да әсер етеді. Көптеген адам тауар сапасын танымал тауар белгісіне қарай бағалайды әрі анонимдік тауарларға қарағанда бұлар үшін көп ақша төлеуге де дайын.

 2. Теңдестіру қызмет. Фирмалық белгі тауарлар мен жарнаманы теңдестіріп, олармен фирма арасындағы байланысты анықтайды.

 3. Сараланған қызмет. Жалпы қаржыдан фирманың тауарлар мен жарнамаларына бөлінген көзі. Ол тауарлар ағыны мен жарнамаға бағытталған нақты «ақпарат тасымалы» болып табылады.

 Фирмалық стильдердің жүйесіне мынадай негізгі элементтер жатады:

 • тауарлық белгі;

• логотип;

• фирмалық блок;

• фирмалық лозунг (слоган);

• фирмалық түс гаммасы;

• фирмалық қаріп жиынтығы;

• басқа да фирмалық константалар.

...

Скачать:   txt (42.4 Kb)   pdf (871.1 Kb)   docx (707.6 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club