Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы
Автор: Arai-369 • Март 18, 2018 • Реферат • 2,953 Слов (12 Страниц) • 24,578 Просмотры
Тақырып: Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы
Мақсаты: Студенттерге «педагогикалық үрдіс», «біртұтастық» және «педагогикалық үрдістің біртұтастығы» анықтамалырымен; ТПҮ-ке берілген авторлардық анықтамаларымен; ТПҮ мақсаты міндеті және компонентерімен; ТПҮ құрылымымен таныстыру.
Жоспар: «Мұғалімнің іс-әрекет обьектісі» және «педагогикалық үрдіс» ұғымдары (П.Ф. Каптеров, Н.Д. Хмель, В.А. Сластенин және т.б.). Педагогикалық үрдіс әлеуметтік жүйе ретінде «педагогикалық оқушылар» - мұғалім іс-әрекетінің обьектісі. Педагогикалық үрдістің белгілері мен сапа-қасиеттері. Мұғалім мен оқушылардың әрекеттестігі іс-әрекет субьектісі ретінде (субьект-субьектілі қатынас) – педагогикалық үрдістің маңызды сипаттамасы.
Педагогикалық үрдістің біртұтастығы. ТПҮ компоненттерінің құрылымы мен сипаттамасы. Тұтас педагогикалық үрдістің қызметтері (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық). Педагогикалық үрдістің оқу және оқудан тыс саласының бірлігі жеке тұлғаны қалыптастырудың шарты. Педагогикалық үрдіс дамушы жүйе. Қарама-қайшылық педагогикалық үрдістің қозғаушы күші. Педагогикалық үрдістің қозғалыс тетіктері (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер). Педагогикалық үрдістің тәрбиелік механизмдері педагогтар мен оқушылар арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынас жүйесі. Тұтас педагогикалық үрдіс теориясы туралы білім – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізі.
Дәріс
Біртұтастық – оқу мен тәрбие, олардың мақсаты, міндеті, мазмұны, әдісі, құралы, түрі, ұстаз бен шәкірт, шәкірт пен ата-ана, сынып жетекшісі мен сынып ұстаздары, қоршаған орта, тәрбиенің мазмұны, т.б. біртұтастықта алынып, жеке-жеке қаралады. Бұл философияның заңына сәйкес жүреді.
Педагогикалық процесс – ұстаз бен шәкірттің өзара әрекеттеріне бағытталған, мақсат көзделген процесс.
Процесс дегеніміз жүргізілуі немесе барысы деген ұғымдарды білдіреді.
Оқыту процесі – оқытудың барысы, тәрбие процесі- тәрбиенің барысы. Ал педагогикалық процесс – оқу мен тәрбиенің барысы. Педагогикалық процесте ұстаз жетекші рөл атқарады, шәкірт белсенділік танытып саналы түрде ат салысады. Осы жағдайда ғана педагогикалық процесс дұрыс орындалады.
Педагогикалық процестің өзара байланысқан жеті құрамдас бөлігі педагогикалық процестің құрылымы деп білеміз. Сонымен педагогикалық процестің бөліктері:
Бірінші – арнайы дайындығы, білімі бар ұстаз, педагогикалық процесті жүргізетін маман. Ол субъект-объект тұрғыдан қаралады. Субъект дегеніміз – педагогикалық процесті жүргізуші ретінде, объект дегеніміз – ол маман да шәкірттерден тәрбие алады. Шәкірттерге тәрбие, білім бере отырып, ұстаз өзін-өзі тәрбиелейді, шәкірттерге бейімделеді.
Екінші бөлік – шәкірт. Шәкірт объект және субъект ретінде қаралады. Шәкіртті ұстаз тәрбиелеп білім береді, ал ұстазға шәкірт ықпал етеді.
Үшінші бөлік – педагогикалық процестің мазмұны. Ол адамның әлеуметтік қарым-қатынасынан туындайды. Педагогикалық процестің мазмұнына идеология, өндіріс, еңбек, ғылым, мәдениет т.б. жатады. Ол пәндер арқылы енеді. Бұл компоненттегі педагогикалық процестің құрамды бөлігі ретінде білімнің, іскерліктің, дағдының негізі, әсіресе оның өндіріс пен өнімді еңбек жайы жатады.
Төртінші бөлік – педагогикалық процесті ұйымдастыру және басқару компоненті немесе педагогикалық процестің үшінші компоненті – мазмұны – қалай іске асады. Оған педагогикалық процестің мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, әдісі, құралы жатады. Төртінші бөлік бірнеше саладан тұрады:
- Баланың іс-әрекеті әлеуметтік өмірмен байланысты. Сондықтан ұйымдастыру және басқару кешеннің түрлері өмірге бейімделу жағдайынан туындайды. Олар: сабақ, саяхат, семинар, әңгіме, пікір-сайыс, конференция, т.б.
- Ұйымдастыру және басқару кешеннің әдістері ұстаз бен шәкірттің ара қатынасынан, олардың психологиялық, әлеуметтік қатынастарымен айқындалады. Мұнда қолданылатын әдістер:шәкірттердің өзін-өзі басқаруы, жарыс, сендіру, жаттығу, талап қою, мадақтау, жазалау, т.б.
Бесінші бөлік – педагогикалық диагностика. Ұстаз бен шәкірттің тәрбие, оқу, үйрену процесін жүргізу барысында істің нәтижесін білу үшін алынатын ақпарат керек: шәкірт нені білді, үйренді, қабылдады. Педагогикалық диагностиканың жолдары мен әдістері: білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру, баланың еңбектегі, қоғамдық қызметтегі жемісі, кездейсоқ жағдайдағы шәкірттің іс-әрекеті, тәртібі т.б.
Алтыншы бөлік – педагогикалық процестің нәтижесін бағалау. Шәкірттің іс-әрекеттің нәтижесінің қорытындысын, бағасын сол баланы қоршаған орта, қауым береді. Баланың тәртібі, білімі, сыпайлығы күнделікті өмірде бағаланып отырады.
...