Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік және сезімінің ерекшеліктері

Автор:   •  Октябрь 17, 2022  •  Лекция  •  1,812 Слов (8 Страниц)  •  481 Просмотры

Страница 1 из 8

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды гуманитарлық колледжі

Сабақ жоспары

Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік және сезімінің ерекшеліктері.

Модуль /пән атауы:  Мектепке дейінгі балалар психологиясы         

Дайындаған педагог: Орынбасарова Ж.У.

«17» қараша 2020 жыл

1.Жалпы мәліметтер

2020-2021 оқу жылы І курс

 топ МД-20-11

Сабақ типі жаңа сабақ

2. Мақсаты, міндеттер

1

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

3. Сабақты жабдықтау: презентация, дәріс.

  1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: 1)Люблинская А.А. Детская психология. М., 1971.

2) Мухина В.С. «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы». Алматы «Мектеп» 1986.

3.2 Техникалық құралдар, материалдар: Ақпараттық құралдары

4. Сабақтың барысы

Дәріс тезистері.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың ерік сапарларының дамуына, ойынмен қоса, жемісті іс-әрекет түрлері едәуір әсер етеді. Сурет салу, конструкциялау, аппликация іс-әрекеттерінде нәтиже алуға бағытталған мақсаттар пайда болады. Ерік сапаларын дамыту үшін баланың еңбек тапсырмаларын орындауының үлкен маңызы бар. Бұл жағдайларда баланың мінез-қүлқын моральдық мазмұнды мотивтер ұйымдастырады. Балалар сәбилік шақта іс-әрекеттерін үлкендердің тікелей нұсқауы бойынша жасайды. Өз тілектерін олар өздері өте сирек тежейді. Сәбилер өздеріне ұнайтын және айрықша күш қажет етпейтін істермен шұғылданады. Шындығында жағымды қылықтар жасай отырып балалар олардың объективті пайдасы болатынына есеп бермейді, басқа адамдарға қатысы жөнінен өз борышын жете түсінбейді. Борыш сезімі баланың. жасаған қылығына үлкендердің беретін бағасына қарай пайда болады. Осы бағалау негізінде балалардың жақсы мең жаманды ажырата білуі дами бастайды. Алдымен олар басқа балалардың қылықтарын бағалауды үйренеді. Кейінірек балалар құрбыларының ғана қылықтарын емес, сонымен қоса өз қылықтарын да бағалай алатын болады. Осылайша өзін-өзі бағалау дамиды. Өзін-өзі бағалау қабілеті балаға өз айналысындағылармен қарым-қатынас жасауда бағдар береді. Өз қиқарлықтарың олар әдетте тілектерін орындайды деп үміттенетін адамға бағыттайды. Өзін-өзі бағалау баланың саналы іс-әрекетін дамытудың, неғұрлым күрделі жемісі. Балалар ересектермен тек өздерінің сыртқы іс-әрекеттеріне байланысты ғана емес, сонымен қоса ішкі күйі мен тебіреністеріне байланысты да қарым-қатынас жасауға тырысады. Өзін-өзі бағалау мен өзіндік сананы дамыту — мектепке де-йінгі шақтың негізгі жаңа қүрылымдарының бірі. Өзіндік санадан баланың қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі өз орнын түсінуі, практикалық іс-әрекет саласындағы өз мүмкіндіктерін бағалауы және өзінің ішкі өміріне зейінінің оянуы көрініп отырады. Өзіндік сана индивидті өзіндік ерекшелігі бар жеке адамға айналдырады.

Эмоция мен сезімдер субъектінің өзіне және өзін қоршаған дүниеге субъективті қатынасын көрсету үшін қызмет етеді.

Эмоция - бұл адамның өзекті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған практикалық іс-әрекеттің барысын және нәтижесін тікелей уайым формасында бейнелейтін субъективті психикалық жағдайдың ерекше түрі.

Сезім — адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен қүбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.

Ерте  сәбилік  шақтағы  секілді  мектепке  дейінгі  шақта  да  сезім  балалар  өмірінің  барлық  жағында  үстем  болады,  оған  рең  және  мәнерлілік  береді. Кішкене бала өзінің толғаныстарын меңгеруді әлі білмейді, ол үнемі дерлік өзін тартып әкеткен сезімдердің шырмауында қалып отырады. Үлкен  адаммен  салыстырғанда  бала  сезімінің  сыртқы  бейнесі  неғұрлым қызу, тікелей әрі еріксіз сипатта. Баланың сезімі жылдам әрі айқын тұтанады да сонша тез сөнеді, қызу шаттық артынша–ақ жылаумен алмасады. Бала  толғаныстарының  ең  күшті  және  басты  көзі  –  баланың  басқа адамдармен үлкендермен, балалармен өзара қарым-қатынастары. Төңірегіндегі адамдар  балаға  еркелете  қараса,  оның  праволарын  танып,  оған  назар  аударса, бала  эмоциялық  рақаттылықты,  сенімділікті,  қамқорлықты  сезінеді,  әдетте мұндай  жағдайларда  балада  сергек,  шат  көңіл,  көңіл  күй  басым  болады. Эмоциялық рақаттылық баланың жеке басының әдетегінше дамуына, жағымды қасиеттерінің,  басқа  адамдарға  тілектестік  қарым-атынастарының  төселуіне себепші болады.  Маңайдағы  адамдардың  балаға  қатысты  мінез-құлқы  балада  түрліше сезімдер – қуаныш, реніш т.б. тудырады. Бала бір жағынан еркелетуге, мақтауға, екінші  жағынан  өзіне  жасалған  ренішке,  көрсетілген  әділетсіздікке  қатты толғанады.  Мектепке  дейінгі  балаларды  жақын  адамдарына  алдымен  ата-аналарына,  аға-інілеріне,  апа-қарындастарына  деген  махаббат,  мейірімділік сезімі болады, оларға көбіне қамқорлық аяушылық білдіреді.  Мектепке дейінгі балаларды басқа балаларды ұнату мен есіркеу оңай пайда болады және айқын байқалады Өзге адамдарға деген сүйіспеншілік пен мейірімділік баланың көз қарасы бойынша  олар  ренжітушілерге  қарсы  тұратын  қаһармен  және  ызамен байланысты. Бала түсінбестен жақсы көрген адамның орнына өзін қояды, осы адамның  басынан  кешірген  қайғыға  немесе  әдетсіздікке  өз  басына  түскен ауыртпалықтай  толғанады.  Сонымен бірге басқа балаға (тіпті жақсы көрінетін аға-інісі, апа-қарындасы болса да), мектеп жасына дейінгі баланың шамалауынша, баса назар аударылса, бұл оның қызғаныш сезімін тудырады.  
Басқа  адамдарға  қатысты  пайда  болатын  сезімді  бала  көркем шығармалардың,  оның  ішінде  ертегілердің,  әңгімелердің  кейпкерлеріне  де аударады:  қызыл  телпектің  душар  боған  бақытсыздығына  жаны  ашығанда шынында  болған  оқиғаға  қайғырып  тебіренгендей  болады.  Бір  оқиғаның  өзін  бірнеше  рет  тыңдауы  мүмкін,  алайда  одан  туатын  сезімі  солғындамайды, керісіенше  күшейе  түседі:  баланың  ертегі  үйреніп  кететіні соншалық,  ол  тіпті ондағы  кейіпкерлерді  өзінің  жақын  адамдары  мен  туыстарындай  қабылдайды. Әңгімелер  мен  ертегілерді  тыңдағанды  мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  ең айқын байқалатын сезім – бақытсыздыққа тап болғандардың бәрін есіркейді. Жағымды  кейіпкерлерге  бала  ерекше  аяушылық  білдіреді,  бірақ  ол  кейде тым  ауыр  жағдайға  ұшыраған  жауызды  да  аяйды.  Бала  көбіне  жағымсыз кейіпкерлердің  қылықтарына  қатты  ашуланады,  өзінің  сүйікті  кейіпкерлерін одан қорғауға тырысады.Ертегіні  тыңдаған  кездегі  балада  пайда  болатын  сезімдер  оны  жалаң тыңдаушыдан оқиғаның белсенді қатысушысына айналдырады. Болғалы тұрған 
оқиғалардан  жаны  түршіккен  бала  қорыққанынан  кітапты  жабуды  және  әрі қарай  оқымауды  немесе  кітаптың  қорқынышты  жерін,  өз  түсінігі  бойынша жарамды  әңгімемен  алмастыруды  талап  етеді.  Мұнда  көбіне  бала  өзін қаһармандардың  орнына  қойды.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  ертегілерге берілген  суреттерді  қарай  отырып  көбіне  оқиғалардың  барысына  тікелей араласуға  тырысады.  Жағымсыз  іс-әрекеттер  істейтін  адамдар  немесе  сүйікті кейіпкерге  қатер  төндіруші  жағдайлар  бейнеленген  суреттерді  бояп  немесе тырнап  өшіріп  қойды.  Бір  төрт  жасар  қыз  Прометей  бейнеленген  суреттен бұғауға салған шынжырды өшіріп оны «азат етті».  Өзге  адамдармен  қарым-қатынас,  олардың  қылықтары  –  мектепке  дейінгі бала  сезімждерінің,  әрине  бірден-бір  емес,  бірақ  басты  көзі.  Баланың, мейірімділік,  есіркеу,  таңдану,  ашулану  т.б.  жан  толғаныстары  жануарларға, өсімдіктерге,  ойыншықтарға  және  табиғат  құбылыстарына,байланысты  да пайда  болу  мүмкін.  Адамзат  іс-әрекеттерімен  және  толғаныстарымен  таныса 
отырып,мектепке  дейінгі  бала  заттарды  тануға  бейім  келеді.  Ол  үзілген  гүлді, сынған ағашты аяйды, серуендеуге кедергі істеген жағбырға қатты ашуланады өзіне тиеп кеткен тасқа ызаланады.  Бала сезімдерінің ішінде қатты қорқыныш толғанысы ерекше орын алады. Қорқыныштың тууы көбінесе үлкендердің теріс тәрбиесі мен қисынсыз мінез–қылықтарының  салдарына  байланысты.  Өз  түсініктері  тұрғысынан  алғанда балаға  қатер  төндіреді  деп  есептелетін  болмашы  себептен  үлкендердің  торға бастауы  тым  әдеттегі  жағдайлардан  саналады.  Үлкендердің  мұндай  мінез-құлқы  баланы  қатты  қобалжу  міне  қорқыныш  күйіне  әкеледі.  Мысалы,  дұрыс сөз  көзқарас  нәтижесінде  іс-түссіз  өте  шығуы  мүмкін  өмірдің  бір  көрінісін үлкендер қорқынышты оқиғаға айналдырса мұның салдары ауыр блуға мүмкін балаға  қорқыныш  үлкендердің  қорыққанынан  көруден  де  ұялады.  Міне, осылайша  бала  күннің  күркіреуінен,  тышқаннан,  қараңғылықтан  қорқа 
бастайды.  Кейбір  адамдар  балалардың  айтқанды  тыңдауы  үшін  оларды қорқытуды  жөн  деп  санайды.  («Бері  кел,  келмесең,  өзіңді  анау  апай  жетектеп әкетеді», «Тыңдамайтын болсаң, анау отырған ағай портфеліне салып әкетеді»).  Қорқыныш толғанысы кейде үлкендердің ықпалынсыз пайда болады. Бала өзгеше нәрсеге кезіккенде оның таңдану мен әуестенуден басқа қатты қобалжу күйі де пайда болады. Қорқынышты туғызатын себептердің біріне таныс адам жүзінің кереметтей өзгеріп кетуі жатады: бетіне перде жабу, басына тымақ кию т.б.  Өзгеше,  белгісіз  жағдайлар  баланы  жиі  өте  қатты  қобалжытады.  Бұл жөнінен  алғанда  қараңғылықтан  қорқу  әдеттегі  жағдай.  Қараңғылықтан қорқуды  көбінесе  оның  таныс  дүниелерді  көрсетпей  қоюымен  түсіндіруге болады,  бұл  кезд  шамалы  ғана  шуыл  өзгеше  болып  есептеледі.  Егер  бала қараңғыда  бір  рет  қорықса  кейін  қараңғылықтың  өзі  баланы  қорқытатын болады.  Қорқынышты  басынан  жиі  кешіру  баланың  жалпы  бой  қуаты  мен психикалық  күйіне  ықпалын  тигізеді,  сондықтан  үлкендердің  баланы  еркіндік пен батырлық сезімінде тәрбиелеп, оны қолдап отыруы қажет. Қорқыныштың бұл түрінен басқалар үшін қорқу түбіндей өзгеше болады. Мұнда  баланың  өзіне  келетін  ешбір  қауіп  жоқ  бірақ  өзіне  сүйікті  адамдар қорқынышын  басынан  өткізеді.  Қорқыныштың  мұндай  түрі  есіркеудің  ерекше 
формасы  болып  саналады.  Балада  есіреудің  пайда  болуы  ренішке  ортақтасу қабілетінің дами бастағанын көрсетеді. Сезімдерді  дамытудың  негізгі  бағыттары.  Үш  төрт  жастағы  баланың сезімдері айқын болғанынмен әлі тым өткінші және тұрақсыз болады. Мысалы, 
анда-санда  лап  ете  қалатын  баланың  анасына  деген  махаббаты,  оны  анасын құшақтап  бетінен  сүюге  жетелейді,  бірақ  бұл  әлі  анасын  қуандырып  оған сезімін  беретін  қылықтардың  тұрақты  көзі  бола  алмайды.  Баланың  басқа  тіпті өте  сүйкімді  көретін  адамдарға  қатысты,  ұзақ  уақыт  есіркеу  мен  қамқорлық білдіруге әлі де қабілеті жетпейді. Ересек адамның рөлін орындау, ауру адамды күту мүмкіндігі ауру анасына деген мейірімділіктің орнын алды.  

...

Скачать:   txt (19.8 Kb)   pdf (140.9 Kb)   docx (13.7 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club