Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің таңдаған мамандығым – математика мұғалімі

Автор:   •  Ноябрь 7, 2023  •  Эссе  •  485 Слов (2 Страниц)  •  1,396 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

Менің таңдаған мамандығым – математика мұғалімі

Мамандық таңдау - күрделі де жауапты қадамдардың бірі.  Ерте ме, кеш пе әрқайсымыздың алдымызда «Қандай мамандықты таңдау керек?» деген сұрақ туындайды. Мамандық  бір қарағанда жай нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы өміріміздің айнасы. Кез келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары болады. Таңдау жасау барысында мамандық беделі, мансап қажеттіліктері, еңбек жағдайларын ескеру қажет. Сонымен бірге, әрбір адам өз жүрегі қалайтын, қызығушылығын арттыратын,өз қабілеті сай келетін мамандықты таңдау керек. Өз қалауыңмен дұрыс таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу – өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдік те көзі.

Қазіргі заманда түрлі мамандықтар бар. Сол мамандықтар қатарынан менің таңдаған мамандығым -  математика мұғалімі. Мамандық таңдау маған қиынға түскен жоқ. Себебі, мектеп орта кезеңінен-ақ маған өз қалауым белгілі болды. Кішкентай кезімнен өзгеге өз білгенімді үйретуді, көпшілікте жұмыс атқарғанды жақсы көретінмін. «Ұяда не көрсең,  ұшқанда соны ілесің» демекші, ата-анамның мұғалім болуы да маған әсер еткен шығар. «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  деп  қалай  дәл  тауып  айтқан. Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді. Ұстаздық өзінің осындай беделділігімен де қызықтырды. Жақсы мәртебесімен қатар, үлкен еңбек пен жауапкершілікті қажет етеді. Ұстаз - білгенін  үйретуші  ғана  емес, баланың жүрегіне жол тауып, оның болашақта адами болмысының қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға. Мұғалім – өнегелі ана  тәрізді  барлық  адамның бойынан  жақсылық  іздейтін  ізгі ниет  иесі. Ұстаз болу – адамгершілік қасиеттерін баланың бойына дарыту. Ұстаз жүгі - ауыр жүк. Мен  ұстаздықтың  ауыр  жүгін  арқалауды  өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Енді неге математика? Не үшін басқа бағыт емес?  Математиканың ғылымдар саласында алатын орны орасан ерекше. Математика – ғылымдардың іргетасы. Біреуге қиын, біреуге жай сандар болып көрінгенімен, адам ойлау қабілетіне зор пайдасы бар, қызыққа толы ғылым деп айта аламын. «Егер ақылды болғың келсе, көп оқы!» тіркесіне «және математикамен айналыс!» деген жолдарды қосқым келеді. Маған математика пәні мектеп уақытынан бері ұнайды. Көбісі «математика қиын,  өмірде керегі жоқ» деп жатады. Бірақ та, математика оның есептерін өмірде қолдану үшін емес, мидың жұмысы үшін керек. Логика, тез ойлау, жағдайлардың шешімін таба білу секілді әрекеттер математика арқасында жақсы орындалады. Математика саласы өзінің қиындығымен, тереңдігімен мені қызықтырады.Маған оның тек күрделі емес, қызықты, көңілді жақтары да ұнайды. Осылайша мен математика мұғалімін таңдадым.

...

Скачать:   txt (6 Kb)   pdf (61.3 Kb)   docx (8.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club