Менің жоғары білімім
Автор: Aru020711 • Октябрь 14, 2023 • Эссе • 253 Слов (2 Страниц) • 207 Просмотры
Менің жоғары білімім
«Бұл заман - білекке емес, білімге сенетін заман»
Н.Ә.Назарбаев
Адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі – мамандық таңдау. Үлкендеріміз өмірде екі шешім қабылдағанда қателеспеу керек деп жатады емес пе? Соның бірі өмірлік жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау. Мамандық таңдау адамның болашақ өміріне тікелей әсер ететіндіктен, мамандық таңдағанда ақылмен, өз жаныңа жақын мамандықты таңдауға тырсу қажет. Жалпы, әр адамның мына өмірде өз орнын табуы, өзіне ұнайтын, өзіне жақын мамандығын таңдау оңайға соқпайды. Сол сияқты менің де жоғары білім таңдағанда ойым сан саққа кетті. Алғашында ақ халатты абзал жан болып, ауырып, ем іздегендерге көмектескім келетін. Бірақ менің өмір жолым мүлде басқа арна «Мұғалімдік» жолына қарай бұрылды. Педагог – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Осы орайда менің өмірден түйгенім, қандай мамандық таңдасаң да, ең бастысы өзің сүйіп істесең және қоршаған ортаңа, қоғамға пайдаңды тигізе алатындығыңда екен!
Неге мен мұғалімдік жолына бет бұрдым? Мамандық таңдауға әр түрлі факторлар әсер етуі мүмкін, біреу өзі сүйіп, армандаған мамандығын таңдаса, екінші біреу ата-анасының ақылымен, үшінші біреу жоғары жалақысына қызығып таңдап жатады. Ал менің бұл мамандықты таңдауыма қазіргі өскелең ұрпаққа бәсекеге қабілетті білім беру мәселесі алып келді. Тұңғыш президентіміз айтқандай «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман табына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім». Менің мақсатым алып жатқан
...