Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттік рәміздер- елдігімнің белгісі

Автор:   •  Январь 4, 2018  •  Статья  •  426 Слов (2 Страниц)  •  1,134 Просмотры

Страница 1 из 2

Мемлекеттік рәміздер- елдігімнің белгісі

       Біз бақытты балалармыз, себебі тәуелсіз, жарқын елде тұрамыз. Тәуелсіз ел болғанымызға  биыл 25 жыл толды.  Тәуелсіз, егеменді   еліміздің белгісі- бұл біздің мемлекеттік  рәміздер, ұлттық мақтаныш.  Біздің еліміздің  туы- көк түсті. Бұл түс ашық аспанымыздың  көзі,  және де  киелі, қасиетті  түс. Бірлікке, татулыққа, ынтымақтастыққа  бағыттап, бейбітшілік пен  достық  белгісі.  Көк  түс қазағымның ұлттық  түсі болып саналады.  Тудың  ең орта тұсында  күннің көзі  жарқырайды.  Қандай керемет!  Алтын түсті күн- байлық,  берекені білдіреді.  Күннің көзі елімізге өз шуақтарын  шаша отырып,  жылулық, мейірімділік,  бақыт  нұрын  сыйлайды.  Көк аспан аясында,  күннің  шуақтарына бөленген  қыран  бүркітте  бостандық,  еркіндік, биік  белестерді  бейнелейді.  Ал сабының тұсында алтын түспен қазақ халқымның  ұлттық ою- өрнегі  орын  алған.  Туымыз  желбірей берсін, ашық аспан аясында, биіктің  шыңдарында,  халқымызға күш- қуат беріп,  жарқырай  бер,  мәңгілік  елдің  мақтанышына  айнал!  Қазақстанның рәміздерінің  біріне айналған,  ерекше құрметке  ие болған – бұл елтаңба.  Елтаңба – әр қазақстандық  азамат  жүрегінде  мақтаныш сезімін тудырады.  Елтаңба  жүрегі- бұл шаңырақ.  Шаңырақ – біздің  отбасы қорғанымыз, бірліктің белгісін  көрсетеді. Біз бір шаңырақ астында  тұрамыз. Жоғарыда  бесбұрышты жұлдыз, аспанымыздағы жарқырап тұрған  жұлдыз. Сонымен қатар әр адамның өмірінде жол көрсететін, бағыт-бағдар беретін жұлдыз. Төменде  «ҚАЗАҚСТАН» деген  жазу бар,  жан- жағында  аңыздағы қанатты пырақтар  бейнесі орналасқан.  Пырақтар-  еркіндікті, тәуелсіздікті  суреттейді.  Шаңырақты  айнала күн  сәулесіндей  тарап  уықтар  шашылған. Ал, бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Әр бір бейненің тәрбиелік мәні зор. Елтаңба да ту сияқты екі түсті: көк  және сары.   Елтаңбадағы элементтер барлығы дұрыс, үйлесімді орналасқан. Бұл туындыны жоғары бағалаймын.  Ендігі рәміздердің бірі- бұл әнұран.  Жүрек тұсына  оң қолымызды қойып, әр апта сайын  еліміздің  әнұраны  мектептерде  шырқалады.  Әнұранды орындау барысында  патриоттық  сезім,  туған жерімізге деген шексіз махаббатың,  отансүйгіштігің, құрмет пен  қуаныш, мақтаныш сезімдер  жүрегіңді тебірентеді. Бұл тамаша сезім! Өлеңнің әр бір  шумағының  мағынасы терең, ойы тұнық.   Бұл ән ұранға деген шексіз құрмет. Менің жүрегім  де еліммен бірге жасап, әнұранымен бірге соғып,  ешқашан  жоғалмасын. Рәміздеріміз жасай берсін!

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (83.8 Kb)   docx (11.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club