Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мемлекеттік стандарты
Автор: aiym3008 • Февраль 26, 2018 • Лекция • 2,473 Слов (10 Страниц) • 1,973 Просмотры
Технологиялық карта
Тақырыбы: Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мемлекеттік стандарты
Өткізілген күні: 20.02.2018
2018
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА №
I БЛОК «Мақсаттылық»
Пәні: Педагогика | Мамандығы: 0111000 негізгі орта білім | Тобы:202 | Күні:27.02.2018 |
Сабақтың тақырыбы | Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мемлекеттік стандарты | ||
Құндылық | Ақиқат | ||
Қасиеттер | Білімділік, жауапкершілік, шындық | ||
Сабақтың типі: | Білім, іскерлік, дағдыны дамыту сабағы | ||
Сабақтың түрі: | Ақпараттық дәріс сабағы | ||
Сабақтың мақсаты | Білімділік: | Студенттерге білім берудің мазмұнын олардың өзара байланысы туралы мағлұмат беру. | |
Тәрбиелік: | Студенттерді адамгершілікке, инабаттылыққа, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу ортасын құру, білімділік, жауапкершілік қасиеттері арқылы ақиқатты тануға тәрбиелеу | ||
Дамытушылық: | Студенттердің алған теориялық білімін өз бетінше өзіндік тұжырымдай білуге дағдыландыру. | ||
Кәсібилік: | Оқу бағдарламасында қарастырылған ұғымдар мен түсініктерді, ғылыми фактілерді меңгеру жұмыстарын ұйымдастыра отырып, өз бойларындағы жекеленген қасиеттерін және іс-әрекеттерін мәдени түрде көрсете білу мүмкіншілігіне үйрету; шығармашылық ізденістерін және интеллектуалды-педагогикалық құзіреттілік дағдыларын дамыту. | ||
Күтілетін нәтижелер | Базалық: |
| |
Кәсіптік: |
| ||
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану | ||
II БЛОК «сабақтың жабдықталуы» | |||
Көрнекі құралдар | Оқытудың білімділік, тәрбиелілік, дамытушылық функциялары /таблица/слайд | ||
Таратпа материалдар | Таратпа материалдар, педагогикалық жағдаяттар, тапсырмалар жинағы т.б | ||
Техникалық құралдар | Интерактивті тақта | ||
Ақпараттық қор Негізгі: (әдебиеттер) |
| ||
Қосымша: (әдебиеттер) |
| ||
Терминдер мен ұғымдар | Білім беру мазмұны, ғылыми-жаратылыс, гуманитарлық, еңбек, дене, политехникалық, стандарт | ||
Сабақтың технологиясы мен әдістері: | АКТ, құзіреттілік, коммуникативтік тәсілдер, интерактивті әдістер; түсіндірме-баяндау, ой қозғау, талдау, топтық жұмыс, жағдаяттар кезінде ойлану. |
III БЛОК «Сабақ мазмұны»
Сабақтың кезеңдері | Оқыту тәсілдері | Орындалатын жұмыс мазмұны |
Ұйымдастыру кезеңі | Ішкі оңтайлы күйге ену 10 минут |
|
Үй тапсырмасын сұрау | 15 минут | Оқыту принциптерін сабаққа басшылыққа алу Көрнекілік |
Білімді өзектендіру | Ребус 5минут | Ребус шешу. Ребус жауабы бүгінгі сабақ тақырыбы. |
Жаңа білімді қалыптастыру | Сабақ жоспарын жазу | 1. Білім беру мазмұны туралы ұғым. 2. Білім беру құрылымының бөліктері. 3. Білім беру түрлері. 4. Білім берудің жаңа мазмұны 5.Стандарт туралы ұғым, оның негізгі функциялары |
Бірінші бекіту кезеңі | Бекіту сұрақтары Сиқырлы ұяшықтар 30 минут | Жаңа тақырып бойынша топтық сұрақтар |
Екінші бекіту кезеңі | «Ақпараттық жарнама» 15 минут | Топқа бөлу 1 топ Гуманитарлық пәндер 2 топ Тілдік пәндер 3 топ Жаратылыстану пәндері 4 топ Еңбек және дене дайындығы Тапсырма. Осы циклдағы пәндерді оқу арқылы балада қандай білім қалыптасады? Постер |
Қорытындылау | Оқытушының әңгімесі | Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған.Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.»-деп атап көрсеткен болатын. Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. |
Бағалау | 3 минут | Орындаған тапсырмаларына байланысты, белсенділіктерін ескере отырып бағалау. |
Үйге тапсырма | 2 минут | Мектептегі білім беру мазмұнының сатыларын тізбектеу. Жалпы политехникалық және кәсіптік білім /талдау жасау/ гимназия, лицейдің білім мазмұнына салыстырмалы талдау жасау
|
Сабақтың рефлексиясы | 5 минут | «Сиқырлы гүлдер» Менің сендерге сиқырлы гүлдерім бар. Біз қазір сендермен әр гүлдің ортасына көңіл-күй жапсырайықшы. Қараңдаршы! Біздің гүлдіреміз қалай жадырап, күлімдем шыға келді. |
...