Әлеуметтік бағдарламаларды жасаудағы мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
Автор: Baha_1978 • Март 29, 2018 • Курсовая работа • 19,337 Слов (78 Страниц) • 1,970 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 6 |
1 Мемлекеттік органдарда әлеуметтік бағдарламаларды жасаудағы теоретикалық аспектілер | 9 |
1.1 Әлеуметтік бағдарламалардың қағидалары, басымдықтары және олардың жіктелуі | 9 |
1.2 Әлеуметтік бағдарламаларды жасаудағы мемлекеттік органдардың қызметі | 13 |
1.3 Әлеуметтік бағдарламаларды жасаудағы шет ел тәжірибесі | 20 |
2 Қазақстан Республикасында әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуын талдау | 24 |
2.1 Қазақстандағы әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуының қазіргі жағдайы | 24 |
2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдарымен қабылданып, болашақта іске асырылатын бағдарламаларының сипаттамасы | 43 |
2.3 Қарағанды облысындағы жер қатынастарын талдау | 46 |
3 Әлеуметтік бағдарламаларды жасаудағы мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін арттыру жолдары | 54 |
Қорытынды | 69 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 72 |
Кіріспе
Қазіргі кезеңде әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру үшін адам ресурстарының дамуына жауапкершілікпен қарайтын күшті мемлекет болуы керек және мемлекеттік билік органдарын бақылай алатын, ұлттық байлықтың қоғам мүшелері арасында әділетті бөлінуін қадағалайтын азаматтық қоғамның дамыған институттары қалыптасқан болуы шарт. Қазақстан сияқты тәуелсіздікке жаңа қол жеткізген мемлекеттер үшін әлеуметтік саясаттың жаңа үлгісін қалыптастыру барысындағы аса күрделі проблема – мемлекет пен жеке адамның әлеуметтік саладағы жауапкершілігін үйлесімді етіп бөлу және сол арқылы бірін-бірі толықтырып тұратындай етіп құру болады. Нарықтық экономиканы енді қалыптастырып жатқан елдердің әлеуметтік саясат үлгісі негізінен мемлекеттің патерналистік қызметін біртіндеп төмендетуге бағытталып, керісінше жеке адамдар мен азаматтардың, шаруашылық субъектілерінің әлеуметтік шешімдер қабылдаудағы жауапкершілігін арттыруға көңіл бөлетіні байқалады. Ал, Қазақстан жағдайында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тек экономика ғана емес, әлеуметтік сала да нарық заңдылықтары бойынша реттеледі деген түсінік орнаған. Алайда, өмір шындығы нарық тетіктерін әлеуметтік саясатта жаппай қолдануға болмайтынын көрсетіп берді.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының стратегиялық міндеттеріне мына мәселелерді енгізіп, олардың орындалуы қатаң жүзеге асырылуы тиіс. Олар:
- әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу мен басқарудың мақсатты бағдарламалық әдістерін одан әрі жетілдіру қажет;
- қоғамдағы мүліктік тұрғыдағы жіктелісті тереңдетпеу үшін және оны тежеу үшін салық жүйесін жетілдіру қажет;
- саяси билік органдары мемлекеттік әлеуметтік саясаттың үздіксіз жүргізілуін және сабақтастығын қамтамасыз ететін саяси тетіктерді қалыптастыруы керек;
- денсаулық сақтау саласында ақылы және ақысыз медициналық қызметтердің ара жігін ашу жөнінде шаралар қолданылып, халыққа тегін медициналық көмек берудің кепілді көлемі толығымен жүзеге асырылуы тиіс және ол билік органдары тарапынан қатаң бақылауға алынуы қажет. Сол арқылы мемлекеттік тапсырыс шегінде халыққа медициналық көмек көрсетудің барлық түріне қол жеткізу қамтамасыз етілуі керек;
- елімізде ана мен баланы қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөліне бастағаны белгілі. Дегенмен ана мен баланы мемлекеттің ерекше әлеуметтік қамқорлығына алып, оны демографиялық өсудің кепілі ретінде қарап ұлттық қауіпсіздік мәселесінің деңгейінде оған саяси мән берілуі қажет;
...