Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасындағы нәтижеге бағдарланған басқарудың элементі ретіндегі мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру жолд

Автор:   •  Январь 24, 2018  •  Реферат  •  1,035 Слов (5 Страниц)  •  1,145 Просмотры

Страница 1 из 5

        Кіріспе

        Қазакстан Республикасындағы нәтижеге бағдарланған басқарудың әлементі ретіндегі мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру жолдарын зерттеуге арналған. Дәлірек айтсақ, 2007 жылы кабылданған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес бюджет жүйесі мен мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енгізілген өзгерістер еліміздегі бюджеттеу процесін өзгертіп, мемлекеттік шығыстарды оңтайландырып, қабылданатын бағдарламалардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Оның негізі болып нәтижеге бағдарланған бюджеттеу табылады. Сонымен катар 2007 жылы аталмыш жана жүйенің кабылдануынан кейін 2010 жылы мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялык жоспарлардың тиімділігін арттырып, оларды бақылау мен бағалау процестерін оңтайландыру максатында мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялык жоспарларды бағалау ережесі кабылданды. Соның нәтижесінде бағдарламалар санының қысқартылу процесі жүзеге асырылып, тек маңызды және басымдылары ғана калдырылуда. Олардың орнына мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары енгізілген болатын. Осы айтылғандардың барлығы еліміздегі жалпы мемлекеттік баскару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасындағы

нәтижеге бағдарланған басқарудың элементі ретіндегі

мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру жолдары

        Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында нәтижелі мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан қайта құрулар әкімшілік және бюджеттік реформаларды қамтиды. Осылайша, бюджеттік реформалар шеңберінде 2000 жылдардың басына қарай еліміздегі бюджет жүйесінің эволюциялық дамуы бірегей

бюджеттік жіктемені, түрлі деңгей бюджеттерінің құрылу, атқарылу және бақылаудың заңнамалық механизмдерін, бюджеттік бағдарламалардың паспортталуын камтамасыз етіп, мемлекеттік сектор активтерінің оңтайландырылуына ықпал етсе, 2004 жылы қабылданған Бюджет кодексі тәуелсіздік жылдары жүргізілген қайта құруларды қорытындылап, бюджет жүйесіндегі заңнаманың әрекет етуші нормаларын жүйелендірді. Алайда, жоспарлаудың әдістемелік негіздері ағымдағы іс-әрекетті жүзеге асыру мен даму бағдарламаларын жүзеге асыру барысында мемлекеттік бюджеттің ұлғаюшы қажеттіліктеріне жауап бере алмады. Сол себептен, 2007 жылы ҚР Үкіметімен бекітілген нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу бойынша Тұжырымдама мемлекеттік жоспарлаудың жаңа моделін қалыптастырудың алғышарты ретінде қабылданды. Тұжырымдама шеңберіндегі негізгі міндеттер қызметтерді ұсыну, мемлекеттің стратегиялық мақсаттарынан бастап бюджеттік бағдарламалардың тікелей индикаторларына дейінгі жоспарлаудың өзара байланысты вертикалін қалыптастыру, жұмсалатын бюджет қаражаттарының мөлдірлігі мен бақылануын қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың дербестігі

мен жауапкершілігін арттырудан тұрады. Бұл,өз кезегінде, «шығындарды баскарудан»

«нәтижелерді басқаруға» көшуді білдірді. Осы айтылғандардың өзектілігін қоғамға

қызмет ететін мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру көздерінің бірі ретінде мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттілігіне айрықша назар аударатын елбасымыздың 2012 жылгы «Қазақстан-2050» стратегиясында, 2014 жылғы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында дәлелдейді. Біздің ойымызша,         Қазақстан Республика сында нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттеуге косу бойынша белсенді жұмысты табысты іске асыру үшін нәтижеге бағдарланған бюджеттеудің (НББ) және мемлекеттік бағдарламаларды сипаттаудың түрлі модельдерінің әрекет етуін дәлелдейтін жинакталған әлемдік тәжірибені ескеру қажет. Осылайша, БҰҰ мүше елдерде жүргізілген зерттеу мәліметтері бойынша бюджеттік процесте мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижелері туралы ақпаратты пайдалану дәрежесі бойынша айрықшаланатын НББ-ң үш моделі айкындалған болатын:

...

Скачать:   txt (16.3 Kb)   pdf (228.4 Kb)   docx (634.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club