Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекеттік рәміздер

Автор:   •  Март 15, 2021  •  Реферат  •  4,223 Слов (17 Страниц)  •  841 Просмотры

Страница 1 из 17

[pic 1]

«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш

ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні және

болашағы арасындағы сабақастықтың жарқын бейнесі».

Н.Ә. Назарбаев

1992 жылдың 4 маусымында егеменді Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздері қабылданды, бір күннен кейін 1992 жылдың 6 маусымында Абай атындағы Алматы опера және балет театрында мемелекеттік рәміздердің ресми таныстырылымының салтанаты өтті.

Қоғамдық бірегей феномен ретінде мемлекеттік рәміздердің терең тарихи тамырлары бар және ол қазақстандық қоғамның дамуымен тығыз байланысты екені белгілі. Мемлекеттік рәміздердің қалыптасуына жүздеген, мыңдаған жылдар жұмсалған.

Ежелгі заманнан бері ту біріктіру, өзіңнің қарсыласыңды үрейленлендіру, нақты мемлекеттік қалыптасудың сәйкестендіруінің қызметін атқарды.

Ең көне ту шамамен б.з.д 3000 жылдарға жатады және 1972 жылы Иранның аумағында табылды. Ол металдан жасалған, көлемі 23*23 сантимерді құрайды, бүркіттің, екі арыстанның, әйел құдайдың, үш нәзік жан мен бұқаның суреті бар.

Қазақстанды біздің дәуірлерімізге дейінгі ғасырларда VIII-III ғасырларда қоныстанған сақ-сармат тайпаларының өзіндік туы бар.

Көшпенділер – ғұндардың (прототүріктер) ақ жалаулары болған. Қазіргі түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақтардың ата бабалары саналатын түріктерде (VI-VIII ғғ.) көк, жасыл, сары және басқа түсті өздерінің тулары болған.Ту оларға рух беретін болған елін жерін қорғауда. Қимақ пен қыпшақ мемлекеттік бірлестіктерінің (IX-XII ғғ.) нышандарында сабақтастық сақталған.

 Шыңғысханның жалауы үшбұрышты ақ мата түрінде жасалған, онда ұлы қолбасшы руының тотемі аңшылық сұңқар бейнеленген.

Қазақстан 600 жыл бойы Шыңғысханның билігінде (1224-1824 жж.) болғанын ескерсек, онда Алтын Орданың, Ақ Орданың және қазақ хандары мен сұлтандарының жалауы ақ түсті екені кездейсоқ емес. Мәселен, әлі күнге дейін Абылайдың ах жалауы халықтың жадында сақталған (XVIII ғасыр).

«Ту» деген сөздің шығу тегі ежелден басталады, б.з.д VI ғасырдан бастап әдебиет пен мәдениет ескерткіштерінде, халық эпостарында аталады. Ежелгі түрік сөздіктерінде «байрақ» сөзі «жауынгерлік жалауды» білдіреді.

Тудың басты анықтайтын элементі – бұл оның түсі болып табылады. Түсі – атрибуттың негізі. Әлемдегі мемлекеттердің көптеген туларында эмблема мен белгілер түріндегі қосымша бейнелер салынбайды. Бірақ нышандарда қолданылатын әрбір түстің өзіндік мәні бар, оның негізінде осы немесе олардың өзге халыққа, мемлекетке тиесілігін анықтайтын маңызды түсініктер бар.

 Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін басқарудың жаңа мемлекеттікәкімшілік жүйесі орнатылып, бұл өз кезегінде нышанның дамуына елеулі әсер етеді. Империяның бір бөлігі ретінде Қазақстанның аумағында Ресей мемлекетінің мемлекеттік нышаны пайдаланылды.

Келесі кезең ҚСРО құрылуымен тығыз байланысты. Казақ Автономдық Кеңес республикасы РКФСР мемлекеттік нышандарын қолданған болатын. 1936 және 1978 жылдардағы Конституциялар Қазақ КСР туы, елтаңбасы мен әнұраны туралы ережелерді бекітті.

Ту үш көлденең жолақты ен түрінде жасалған: жоғарғысы және төменгісі қызыл түсті, ал ортасындағы көкшіл келген. Жоғарғы тұсында орақ пен балға, олардың үстінде бес бұрышты жұлдыз бейнеленген.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Қазақстан тұңғыш рет әлемдік қауымдастық мойындаған тәуелсіз мемлекеттің заңды түрде рәсімделген мәртебесін иеленді. Бұл тарихи оқиға, қазақ халқының бірнеше ұрпағының армандары мен үміттерінің орындалу нәтижесі.

Тәуелсіз даму таризының аз уақыты ішінде біздің еліміз қоғамның әр түрлі өмір салаларында ірі реформаларды жүзеге асыратын заманауи, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналды. Осы уақыт ішінде экономиканың нарықтық қарым-қатынасқа өтуі, елдің ядролықсыз мәртебесі, астананы ауыстыру, Стратегия-2030 қабылдануы, Ұлттық қордың қалыптасуы жөнінде қабылданған шешімдер және басқасы өзінің тарихи дәлдігін және тиімділігін дәлелдеді.

Бүгінде Қазақстан Орталық Азиядағы қауіпсіздікті нығайтудың маңызды құрастырушысы ретінде көрсетіп отыр. Елдің ЕҚЫҰ табысты түрде төрағалық етуі, Астаналық саммит, ИКҰ, ШЫҰ төрағалық етуі және Қазақстанның қабылдаған көптеген өзге бастамалары халықаралық аренадағы ел мәртебесінің сөсіз көрсеткіші болып табылады.

...

Скачать:   txt (58.8 Kb)   pdf (171.4 Kb)   docx (75.9 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club