Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Автор: sherhantarlan • Апрель 14, 2018 • Статья • 1,559 Слов (7 Страниц) • 912 Просмотры
Қылмыс істеуге дайындалудың және оқталудың өзектілігі
Сабырбек Шерхан Мұратбекұлы. – заң факультеті 2 курс студенті.
Рахметуллина М.А.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Ең басында қылмыс дегенге анықтыманы беріп алғанымыз тұрыс. Жалпы қылмыстың анықтамасы әр елдерде әр түрлі болып келеді. Олардың анықтамалары әр түрлі болғанымен негізгі ойы бір боп табылады. ҚР ҚК-сі бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылады. Қылмыс дегеніміз бұл белгілі бір құқық бұзушылықтың түрі боп табылады. Осы дан келіп мынаны ұғынуға болады, яғни жеке адамға немесе адамдарға, қоғамға, мемлекетке зиян келтірмеген және тиісті дәрежеде зиян қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды. Жалпы қазіргі дамыған техника заманында қылмыстардың жаңа кен түрлері пайда болуда. Қазақстан Республикасының Конституциясының 18-бабына сәйкес Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар, қылмыскер қылмыс жасарда адамның жеке өміріне қол сұғуы оның Конституциялық құқығын анық бұзады [1]. Белгілі бір қылмысты жасау үшін адам өзін соған мәжбүрлі итермелеген зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Бұл дегеніміз адам белгілі бір қылмыс жасау үшін өзінің сол қылмысты жасауға ой ниетің қалыптастырады. Яғни бұл дегеніміз адамның ішкі сезімі, ой ниеті болып табылады. Бірақта олар адамның қимылы немесе әрекеті арқылы сырттай көрініс таппауы мүмкін. Сондықтан да адамның сыртқа шықпаған ішкі мақсаты немесе ниеті қылмыс болып табылмайды. Бұдан келіп мұнадай қорытынды жасауға болады яғни, адамның ішкі ниеті немесе мақсаты әрекет немесе әрекетсіздік арқылы сыртқа шықпаса онда ол тиісінше қылмыс болып табылмайды. Бұдан шығар қорытынды кез келген қылмыс жазалануы тиіс. Қылмыстардың басым көпшілігі алдын-ала дайындалу арқылы жасалады. Алдын-ала дайындалу арқылы жасалған қылмыс дайындықсыз арқылы жасалған қылмысқа қарағанда анағұрлым қауіпті болып келеді. Өйткені алдын-ала дайындық арқылы қылмыскер қаруды, жоспарды құрастырып алады. Бірақта дайындықсыс жасалатын қылмыстарда көп кездеседі. Осы екеуінің басты айырмашылығы біреуі алдын-ала дайындық арқылы жасалса екіншісі дайындықсыс жасалады. Қылмыскердің қылмысқа алдын-ала дайындалуының өзі оның ойының қасақа екенің білдіреді. Ол қоғамға өзінің сол әрекеті арқылы қауіп төндіреді. Жалпы қылмысты жасалмас бұрын алдын алу үшін қылмыскерді қылмысқа дайындық кезінде құрықтау тиімді боп келері сөзсіз.
Қылмыстық қасақана ойдын болуы қылмыс болып табылмайды, өйткені мұндай ойдан, қасақаналық ниеттен қылмыстық заң тиісінше қорғайтын объектіге ешқандай зиян келмейді және зиян келтіру қаупі болуы мүлдем мүмкін емес. Сондықтан осыған байланысты мынадай нәрсені түсінуге болады, яғни қылмыстық ойдың болуы қылмыс болып табылмайды.
Қылмыстық заң қылмысқа дайындалуды және оқталуды қылмыстық әрекеттің бастапқы сатысы деп қарайды. Жалпы алғанда қылмыс істеудің бірінші сатысы ол қылмысқа даярлағандық болып табылады. Қылмысқа даярлағандық әр түрлі әрекеттер жасау арқылы орындалуы мүмкін, мысалы қылмыскер адам өлтіру үшін алдын-ала мылтықты сатып алады немесе жоспар жасап қылмыс жасайтын жерді, қылмысқа қатысушыларды іздестіреді және тағы басқа әрекеттер жасалуы мүмкін. «Қылмыстың құралдары мен қаруын іздестіру әрекеттері кез келген түрде болуы мүмкін. Мысалы сатып алу, біреуден уақытша пайдалануға алу, талан-тараж арқылы алу т.б түрлерде бола алады» [2;38].
ҚР ҚК-нің 24-бабының 1-тармағына сәйкес. Тікелей пиғылмен жасалған, қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа сыбайлас қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл ретте қылмыс адамның еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмеген болса, қылмысқа дайындалу деп танылады.
Жалпы алғанда қылмысқа дайындалу қоғамға нақты зардап әкеле алмағандығымен кейбір қылмыстарға дайындалғаны ішін заңда жауапкершілік көзделген. Қазіргі қолданылып жүрген ҚР ҚК-сі бойынша ауыр немесе аса ауыр қылмысқа дайындалғаны үшiн, сондай-ақ террористік қылмысқа дайындалғаны үшін қылмыстық жауаптылық туындайды. Бұның себебі ауыр немесе аса ауыр қылмыстарға дайындалғаның өзі қоғамға және мемлекеттке үлкен қауіп төндіреді. Сол себепті бұл қылмыстарды болдыртпау мақсатында заңмен жазаланатындығы көрсетіледі.
...