М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары
Автор: Aigerim_Bei • Апрель 8, 2019 • Курсовая работа • 8,855 Слов (36 Страниц) • 2,095 Просмотры
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Баланың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселесі өзектілігін жоймай, педагогика ғылымының зерттеу нысаны болудан тайған емес. Оның өнегелі үлгілерін өскелең ұрпақ тәрбиесінде пайдалану қажеттілігі мен теориялық-педагогикалық негіздері - Аристотель, Сократ, Платоннан басталып, шетел педагогтары Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, В.Франкл, С.Л.Выготский, С.Л.Рубинштейн. Сол сияқты қазақ педагогикасын айтқанда, Мағжан Жұмабаевты атап өтпеуге болмайды.
Мағжан Жұмабаевтан басқа да көрнекі қазақ ғалымдары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов халықтық педагогиканың тәжірибесін зерттей білуге ерекше мән берді. Сонымен қатар, этнопедагогика, халықтық педагогика мәселелеріне қатысты ой түйіндерді Г.Н. Волков, К.Ж. Кожахметова, Е.Л. Христова, З.Ә. Әбілова, Қ.Б. Жа-рықбаев, Ә. Табылдиев сияқты ғалым зерттеушілердің осы мәселені жан-жақты зерттеген еңбектерінен кездестіреміз. Дегенмен, Мағжан Жұмабаевты – қазақ педагогикасының негізін қалаушы деп танимыз.
Мағжан - өз халқының патриоты. Сондықтан да оны өз халқының болашағы үнемі толғандырған. Ол осы тұрғыдан алғанда тәрбиенің басты міндеттерінің бірі бала бойындағы ұлттық сезімдерді ерте қалыптастыру, оларды халықтың рухани мәдениетімен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрмен кеңінен қаруландыру қажет деп санайды. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері саналып, бұрын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» – деп жазады. Кешегі уақытта біз шын мәнінде тек бір халықты – кеңес халқын құрамыз деген уақытта орыстан басқа халықтардың тәрбие жүйесін тіпті есепке де алған жоқпыз, мектептерде қазақтың халықтың тәрбиесі деген атауды мүлде кездестірмедік. Мұның өзі біздің тәрбиедегі қолға ұстар негізгі қазығымыздан айрылуға әкеліп соқты, қазақ деген аты болмаса заты мүлдем бөлек, шұбарланған ұрпақ өсіп шықты, мазмұны социалистік болғанмен түрі ұлттық болған жоқ. Соның нәтижесінде көптеген халықтармен ұлттар жойылып, тарихи сахнадан шығып қалды, сөйтіп, адам баласының тарихы мен мәдениетіне өлшеусіз зиян келтірді, тәрбие тек империяның мүддесін көздейді, ұлы державалық шовинистік мүддені нығайту үшін қызмет істелді. Кеңес өкіметі жылдарында осындай жолмен 75 ұлыстар мен халықтар жоғалып кетті, 1934 жылы ел бойынша мектептердегі оқу 104 тілде жүргізілсе, 1988 жылы балалар КСРО-да не бәрі 39 тілде ғана білім алды. Мектеп іс жүзінде ұлтсыз мектеп болды.
Демек, тәрбиеде ұлттық ерекшеліктер мүлде сақталмады, ұлттық тәрбие деп айтуға батылымыз бармады.
Зерттеу мақсаты: М. Жұмабаевтың қазақ педагогикасына қосқан үлесінің ғылыми - теориялық негіздерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
– М. Жұмабаевтың қазақ педагогикасына қосқан үлесін ғылыми - теориялық тұрғыда негіздеу.
– М. Жұмабаевтың «Педагогика » еңбегінің маңызын айқындау.
– М. Жұмабаев туралы ғалымдардың ой- пікірлерін топтастырып, зерттеу.
Зерттеу әдістері: Бақылауды ұйымдастыру, әңгімелесу, түсіндіру, іс-әрекетті ұйымдастыру, әдебиеттерді зерттеу, педагогикалық тәжірибе, салыстыру, саралау мен қорытындылау.
Курстық жұмыс құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 1 – тарауда Мағжан Жұмабаевтың тәрбие процессіне қатысты көзқарастар мазмұнын қарастырдым.
2 – тарауда М. Жұмабаевтың педагогика ғылымына қосқан үлесі туралы қарастырылды.
Зерттеу нысаны: М. Жұмабаевтың қазақ педагогикасының дамуына қосқан үлесі.
Зерттеу пәні: М. Жұмабаевтың қазақ педагогикасына қосқан үлесі арқылы тәрбие беру мазмұны.
1. М. Жұмабаевтың педагогикалық ойлары
1.1 М.Жұмабаевтың тәрбие процесіне қатысты көзқарастар мазмұны
...