М.Жұмабаевтың « Мен жастарға сенемін» өлеңіндегі ақын сенімі қазір ақталды ма?
Автор: Zhadyra00 • Октябрь 9, 2018 • Эссе • 512 Слов (3 Страниц) • 10,665 Просмотры
Мағжан Жұмабаев -халқымыздың от жалынды, зор таланттарының бірі, ол аума-төкпе қиын заманда өмір сүрген, ауыр тағдырды басынан кешкен ,ақыры Сталиндік репрессия кезінде мерт болған есіл боздақ,ұлы ақын. «Алаш»партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық демократияшыл бағытты ұстанды. Мағжан ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді көтерді, қараңғы халықтың көзін ашуға, өнер-білімге шақырды. Өз поэзиясының алғашқы қадамдарынан бастап ақтық демі біткенге дейін ақын халқының ауыр тағдырына қабырғасы қайысып, ұлт-азаттық тақырыбын үзбей толғайды. М.Жұмабаев халқымен бірге күйзелді, осыдан келіп жастарға деген сенім жарық та жарқын идея туындады. Сол шығармаларының бірі- « Мен жастарға сенемін» өлеңі.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!»-деген өлең жолдарынан жастарға деген үлкен үміт,зор сенімі байқалады.
Біріншіден ақынның жастарды аң патшасы арыстанға, жойқын күшті жолбарысқа теңеуі жастар бойынан ерекше күш-қуат, жігерді көріп, сенуі. Мысалы : Қазақстан жастары 1995 жылдан бастап « Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алып, іс-тәжірибе жинақтауда. Осы оқыған-тоқығандарын, білгендерін Қазақстанды көркейту үшін қолданып,ел өміріне араласып ерен еңбекке ұмтылуда. Шетел капиталынан экономикалық дамудың сапалы білімін үйренген бұл жастар, қазіргі елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауларындағы ұсақ,орта кәсіпшілікті дамыту, өнеркәсіптік революция жасауынан әрине тыс қалмайтыны аян.
Екіншіден қыран құс қазақ үшін тегін құс емес, бұл құсты қырағылығы мен биікке қанаты талмай самғай алғандықтан қастерлейді. Біздің еліміздің көк байрағында да қыран құстың
...