Педагогикалық зерттеудің мәнi мен мазмуны
Автор: kkkkkkkkhhhh • Октябрь 21, 2018 • Доклад • 4,189 Слов (17 Страниц) • 1,908 Просмотры
3 тақырып. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
3.1.Педагогикадағы ғылыми зерттеудің белгілері мен түрлері. Әдіснамалық арнайы талдау нәтижелерінде негізделіп педагогика саласындағы үдерістер мен нәтижелерді ғылым саласына жатқызатын белгілері бөлініп қарастырылады. Ондай белгілер төртеу.Олардыңбіріншісі – біз қоятын мақсаттар сипаты. Мақсат практикалық немесе танымдық болуы мүмкін.
Ғылымның екінші белгісі – зерттеудің арнайы объектісін бөліп қарастыру. Педагогика ғылымының объектісі – білім беру, яғни педагогикалық әрекеттің өзі нақты анықталған. Жеке педагогикалық зерттеу объектісі сол салаға жатады. Әр сәтте сол әрекеттің қайсыбір бөлігі зерттеледі. Үшінші белгі – танымның арнайы құралдарын қолдану.Мұғалім педагогикалық жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін, компьютерлерді, кестелерді, кинофильмдерді және тағы басқаларды қолданады. Зерттеуші ғылымның эксперимент, модельдеу, болжам жасау және т. б. әдістерін қолданады.
Тағы бір, соңғы белгі – терминологияның бір мәнділігі. Бұл ғылыми қағидаға қойылатын міндетті талап. Оның дамуы барысында түсініктер үнемі байып отырады, бағыттарға бөлінеді. Бұл заңды үдеріс. Бір ғылыми еңбектің – дипломдық жұмыс, диссертация, монография, мақала сияқты еңбектерінде – автор басты ұғымдарды дұрыс анықтауға және зерттеудің аяқталғанына дейін соны басшылыққа алуға тиіс.
Сонымен, қайсыбір шығарманың немесе жазылымның ғылымға жататындығы, мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы нысанының бөлініп зерделенуі, ғылымның арнайы құралдарының пайдаланылуы, терминологиялық бір мәнділік сияқты белгілері бойынша анықталады.
Педагогикалық зерттеудің түрлері. Педагогика саласын-дағы зерттеулер деп педагогикалық үдерістің заңдылықтары, оның құ-рылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері және тәсілдері ту-ралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикадағы зертеулер оқу-тәрбие үде-рісінің құбылыстары мен деректерін түсіндіреді және болжайды. Ғы-лыми-педагогикалық зерттеу эмпирикалық тексеруге болатын нақты қойылған деректерге негізделеді, белгілі болған теорияларға сүйенеді, мақсатты бағытталған, жүйеленген, барлық элементтердің, әдістердің өзара байланысымен ерекшеленеді. Онда эмпирикалық, логикалық және теориялық танымдық міндеттер сараланып шешіледі.
Зерттеулерді жіктеуді талдау мәселесі педагогикалық әдебиет-терде біршама қарастырылған. Типология бойынша зерттеудің жік-телуі 60-шы жылдары пайда болды. Сонымен, И.Т. Огородников жұ-мыстың үш түрін бөліп көрсетті: педагогика жетістігінің теориялық және практикалық қорытындысын шығаратын қорытынды зерттеу; көп қырлы тәжірибелік іс-әрекеттің заңдылықтарын ашатын, жеке жақта-рын тереңдетіп зерделеуге бағытталған жұмыстар; оқу–тәрбие мекеме-сінің жеке типтеріндегі өскелең ұрпақтың тәрбиесі және оқыту тәжі-рибесіне тікелей жетекшілік ететін мақсатта құрылған нормативті және құрылымды-әдістемелік қайта өңдеулер (оқу бағдарламалары, оларға түсініктеме хат, әдістемелік құрал, оқулықтар).
Берілген жіктемені М.А. Данилов шартты әрі салыстырмалы деп есептеді және жоспардағы қойылған мәселе деп қарастырды. Кейі-нірек ғылымтануда зерттеудің іргелі, қолданбалы жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер педагоги-калық үдерістің заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды. Олар ғылыми білімді кеңейтуге бағытталған, ғылыми ізденіске жол сілтейді, қолдан-балы зерттеу және жасалымға арналған база құрады. Қолданбалы зерттеулероқыту, тәрбиелеу әдістері, білім мазмұны, оқытушыларды дайындау мәселелерімен байланысты теориялық және тәжірибелік же-ке міндеттерді шешеді. Көптеген жағдайларда қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулерді жалғастырады. Олар ғылым және тәжірибені, іргелі зерттеулер мен жасалымдарды, теоретиктер мен практиктерді байла-ныстыратын аралық буын рөлін атқарады.
...