Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көркем әдебиет стилі прагмастилистикалық қызметі

Автор:   •  Ноябрь 12, 2022  •  Реферат  •  1,459 Слов (6 Страниц)  •  342 Просмотры

Страница 1 из 6

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

[pic 1]

Факультет: Филология

Кафедра: Қазақ әдебиеті және теориясы

[pic 2]

[pic 3]

Тақырыбы: Көркем әдебиет стилі прагмастилистикалық қызметі

                             

                                                           Орындаған:Спаева С.А.

                                                           Тексерген: Әлкебаева Д.А.

                             

                                           

Алматы, 2022 жыл

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Көркем әдебиет стилі прагмастилистикалық қызметі
  2. Көркем әдебиет стиліндегі сөз образдарына талдау
  3. Стилистикалық ұғымдар мен категориялары
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Стилистика – тіл білімінің бір саласы, стиль туралы ғылым. «Стиль» сөзі көп мағынада қолданылады (латынның stylos сөзінен шыққан, қазақша «жазу құралы, жазу мәнері» дегенді білдіреді). Ал тілге қатысты стиль белгілі бір лексикалық, грамматикалық жіне фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін қарастырады. Стилистика тіліміздегі сөздердің, сөз тіркестерінің қолданылу заңдылықтарын зерттейді. «Стиль» сөзі әдебиетке де байланысты қолданылады, сондықтан соңғы кездерге дейін тілдің стилистикалық ерекшеліктерін тек көркем шығарма арқылы зерттеу орын алып келді. Бұл өздік жұмыста функционалдық стиль ішіндегі көркем әдебиет стиліне талдау жасалады.

Мақсаты – көркем әдебиет стилінің прагмастилистикалық қызметін анықтау және оның көркем шығармадағы қызметін көрсету.

Негізгі бөлімнің бірінші бөлімінде прагмастилистикалық қызметін нақтылап көрсетіледі, «Көркем әдебиет стиліндегі сөз образдарына талдау» деп аталатын екінші бөлімінде белгілі бір жанр түріне талдау жасалып, мысалдар арқылы дәлелденеді. Үшінші бөлімінде көркем әдебиет стилінің категориялары мен өзіндік ерекшеліктері көрсетіледі. Д.Әлкебаеваның «Қазақ тілінің прагмастилистикасы» және М.Серғалиевтің «Стилистика негіздері» атты еңбектерін негізге алынды. Д.Исабековтың «Қарғын» романынан сөз образдарын талдау мақсатында қолданылды. Сонымен қатар, М.Қанабекованың, Р.Сыздықованың еңбектері қарастырылды.

Негізгі бөлім

  1. Көркем әдебиет стилі прагмастилистикалық қызметі.

Көркем әдебиет тілі әрбір ұлттың көркемдігін танытып, кестелі де бейнелі сөздерін әдебиеті арқылы басқа ұлтқа таныстырады және де оның алатын орны әрбір ұлт үшін де ерекше. Көркем әдебиет тілі халық тілінің дамуына ықпалы зор. Ең алдымен, көркем әдебиет тілі шығармаларда бейнелеуге тиіс сан оқиғаларды, адамдарды, олардың қақтығыстары мен мінез иірімдерін көрсетуді мақсат еткендіктен, қазақ тілінің байлығын мүмкіндігінше айқын да еркін көрсетуді мақсат етеді.

Көркем әдебиет стилі – стилистикада әдеби шығарманың көркемдік формасын құрайтын ерекше  стиль түрі. Көркем әдебиет түрлерінің жанрлық жақтан топтастырылуы, олардың тілдік көркемдік ерекшеліктерімен сараланып жіктелуі, қазіргі таңда стилистикалық категориялар - мәтін стилистикасы автор бейнесі қабылдаушы категориясы деген ұстанымдарды қажет етеді. Көркем әдебиет стиліндегі шығармаларды тарихи шығармалар, эпопея, романдар, фантастикалық шығармалар, сатиралық туындылар, эсселер т.б. деген бөлініске бөлудің өзі осы бір стильдің көркемдік жағын тануда күрделі талдауды қажет ететіндігін танытады.

Көркем әдебиет стилін ерекшелегін көрсететін ол жазушылар. Олар өздеріне тән дара қасиеттерімен, оқырманды әсем сөздерімен баулып, шығарманы жете түсінуге көмек береді. Әр жазушының өзіне тән стильдік ерекшеліктері бар. Мен Дулат Исабековтың стиліне және туындысы «Қарғынға» тоқталып, зерттеу жасаймын. Тілі майда, сөзі ірі жазушылардың алдыңғы шебінен орын алатын Дулат Исабеков шығармашылығы қазақ әдебиетінде  ешқашан қайталанбаған тың туындылар. Жанрлық табиғаты лирикалық, психологиялық, философиялық шығармалар деп қарайтын Дулат Исабековтың туындыларында жазушы мәнерінде, стильдік ізденістерінде элегиялық сарын басым екендігі көрінеді. Себебі, жазушы әрбір шығармасында қалың оқырманды терең ойға батырып, өмірлік тәрбиелік мәнді аңғартады. «Қарғын» романында адам бойындағы шынайы махаббат, адал сезім, биік парасатты жан-жақты көрсетеді.

...

Скачать:   txt (18.7 Kb)   pdf (152.4 Kb)   docx (61.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club