Көркем әдеби стилі
Автор: asylaai • Апрель 7, 2023 • Лекция • 1,024 Слов (5 Страниц) • 249 Просмотры
Дәріс №15
1. Лекция тақырыбы: Көркем әдеби стилі
2. Лекция ның жоспары: 1. Көркем әдебиет тілінің өзіндік ерекшелігі
2. Көркем әдебиет тілінің жүйесіндегі
функционалдық стильдер орны
3. Көркем әдебиет стилистикасы мен тіл стилистикасы
3. Лекция мақсаты: Студенттерге көркем әдебиет тілі жайында мәлімет беру.
4. Қысқаша теориялық мәлімет:
Функционалдық стильдің ерекше бір түрі-көркем әдебиет стилі. Стильдің бұл түрінде де сөздер екшеліп, сараланып қолданылады.Көркем шығармада өмір фактілері шынайы суреттелетіндіктен, ондағы сөздер, көркемдік бейнелегіш құралдар белгілі бір стильдік мақсатта жұмсалады. Шығарманың кейіпкері өмірдің әр түрлі құбылыстарында әр қырынан суреттеліп, әрекет жасайды. Ол әрекетке аң да, құс та, адам да , табиғат та қатысады. Осы әрекеттің бәрін бейнелеп, көркем шығарманы жасайтын-жазушы. Жазушы шеберлігі-жазушы стилі. Жазушы стилі-жазушының сөз қолдану тәсілдері.
Көркем әдебиет стилінің белгілері:
-жазушы әр сөзді саралап, стильдік мақсатта қолданады;
-көркемдік –бейнелегіш құралдар аса мол қолданылады;
-тілдің лексикалық қабаттарының барлық түрі қолданылады.
Көркем әдебиет стилінде функционалдық стильдің барлық түрлерінің де элементтері кездеседі.
Көркем әдебиет стилі ойды және сезімді образ арқылы суреттейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада эстетикалық қызмет атқарады.
Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды.
Көркем әдебиет тілі-әдеби тілдің үлгісі.
Әдеби тіл-халық тілінің ең жоғарғы формасы, сондықтан ол ғылымның барлық саласын қамтиды. Әдеби негізінде сөз арқылы суреттелетін, өрнектелетін сөздердің, сөз тіркестерінің, тіпті сөйлемнің әдемі қолданылуы осы көркем әдебиет стилінде қарастырылады. Сөзді әр ақын-жазушы өзінше өрнектейді, іріктейді, осыған байланысты әр жазушыға тән стильдік ерекшелік болады. М.Әуезов: "Қырғи тілді Асқар, сыршыл, үнді Әбілдә, майда қоңыр Ғали, басым сөзді Тайыр, күйлі-мұңды Қасым, ізденгіш те тапқыр Хамит, өзінше бөлек сазды Сырбай, салқын ойлы Сайын"-деп әр ақын-жазушыға тән ерекшелігін екшеп айтқан еді.
Тілдің эстетикалық қызметі көркем әдебиет стилінде ерекше көрінеді. Себебі тіл құралдары стильдің бұл түрінде бояулы болып келеді. Көркем әдебиет стиліне сөздердің көп шығарманың тілін зерттеу тәсіліне баса көңіл бөлініп жүр, бірақ көркем сөз стилистикасы әліде зерттеуді қажет ететін сала.
Көркем шығарма тілін зерттеуде кездесетін қиындық-оның проза, драма, поэзия сияқты жанрларды қамтып, көп жанрлы болып келуінде. Тілімдегі басқа стилідерге қарағанда, көркем сөз стилінің аясы кең. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады. Образды сөздер жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекшелігі, қолданылу тәсілі болады. Бұл ерекшеліктердің бәрі бірімен-бірі қатынасып, басқа стильдерде қайталанбайтын ерекшелік тудырады.
Көркем әдебиет стилі сөз арқылы өрнектеледі. Сөз-үлкен өнер. Халық асыл сөзді ардақтап, бағалай білген, кестесі келіскен әдемі сөздерді қасиеттеп, өнер тұтқан. Өткір сөзді "үшкір найзам" деп, қисынды сөзді "қиын түсер қылышым" деп, сөз сайысына түскен. Соған байланысты "Малға жарлы қылсан да, сөзге жарлы қылма" деп тілек еткен. Сөз зергерлері сөзді бағалау, сөзден мғына іздеу адамды мәдени қөректендіреді дей келіп, тілге тірелмейтін еш нәрсенің жоқ екендігін білген, өйткені инедей өткір икемді тіл-ойдың тікелей шындығы, тіл-ойдың көркі, ал сөз-тілдің көркі. Сондықтан да "тіл тілін түсер наркескен, сөз-өткір жебе тау тескен немесе тереңнен шыққан сөз темір есікті ашады, жылы-жылы сөлесе, жылан іннен шығады" деген. Бұл әр сөздің жаны, бояуы, мың түрлі әуені бар екендігін көрсетеді. Сондықтан қаламды оңды, солды, қалай болса, солай сілтеуге, сөзді қалай болса солай бұрата салуға болмайды.
...