Көркем әдебиет стилі
Автор: Kapasheva • Октябрь 18, 2018 • Реферат • 1,065 Слов (5 Страниц) • 4,531 Просмотры
Көркем әдебиет стилі басқа стильденден өзіндік айрықша ерекшелігімен бөлініп тұратың стильдің бірі. Қазақ тілінің қазіргі дәрежеге жетуіне көркем әдебиет стилінің алатын орны зор.
«Көркем әдебиет тілі шығармаларда бейнеленуге тиіс сан оқиғаларды, адамдардв, олардың қақтығыстары мен мінез иірімдерін көрсетуді мақст еткендіктен, қазақ тілінің байлығын мүмкіндігінше айқын да еркін пайдалануы қажет. Міне, сондықтан да көркем әдебиет тілі (стилі) функционалдық стильдердің басқа түрлерінен өзінің құрамы жағынан ерекшеленеді.Сөйтіп, құрамының барынша бай болуы көркем әдебиет тілінің басты ерекшелігі болып табылады» [1.141],- демекші көркем әдебиет тілі – жүйелі болғанмен, нақтылықты талап етпейді. Бұл тек автордың өз субъективті ойына және қиялдаған қиялына ғана тиесілі. Себебі, көркем шығармаға қойылған бірдей талап немесе шек жоқ. Адамның қиялымен астасып жататын, тілге бай көркем туынды.
М. Серғалиев көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшелігін көрсетеді. Ол коммуникативтік - хабар, дерек беру арқылы өзара қарым-қатынас жасаушылық. «Көркем әдебиет тілі бір ғана қырымен ерекшеленіп қалмайды. Оған тән бұдан басқа ерекшеліктерді де атауға болады. Ондай ерекшеліктердің бірі – коммуникативтік, былайша айтқанда, хабар, дерек берушілік немесе өзара қарым-қатынас жасаушылық және эстетикалық, яғни әсемдік әсер берушілік қызметтерінің бірлігі» [1.141] .Осы айтылған ерекшеліктен стильдің өзінше бір белгісін байқаймыз.
Сонымен қатар көркем әдебиет стилінде эстетикалық қызмет бар. Себебі, автор кейіпкелердің арасынадағы қарым-қатынасты әсерлі бейнелеуде, оларды қуаныш және күйініш сәтін баяндағанда сөздердің эстетикалық мәніне аса мән береді.
Академик М. Серғалиев бұл стильдің- көп стильділігін ерекше белгісі деп атап өтеді. « ...көркем әдебиет тілінде басқа функционадық стильдердің элементтері кездесіп отырады деген сөз. Көркем туындының, әсіресе, прозаның көп кейіпкерлерден, оқиғалардан тұратынын ескерсек, тілдік құралдардың көр түрлерінің пайдаланатыны ескеріледі. Айталық, шығарма кейіпкерлерінің сөйлесіп, тіл қатысуы көп жағдайда ауызекі сөйлеу стилін еске салады. Сондай-ақ оқиғаға қатысушы адамдардың әртүрлі қызмет бабында болуына қарай әр алуан іс қағаздары мен ресми құжаттардың стиліне ұқсас сөздер мен сөйлемдердің ұшырасуы да мүмкін...» [1.142]Яғни көркем әдебиет стилінің бір ғана ерекшлікпен тоқталып қалмайтынын, басқа барлық стильдердің ерекшелігін өзіне арқау ететін ерекше стильдің түрі.
Көркем әдебиет стилінде көркемдеу-бейнелеу құралдарының жиі қолданылуы, тілінің бай екендігінің басты дәлелі. Бір сөздін қасиетін қанша қырынан мәнерлеп, әсерлеп көрсеткен туынды - көркем туынды болады. « Тіліміздегі троптардың, фигуралардың еркін де жан-жақты қолданылуы, әсіресе, көркем әдебиетте жүзеге асады. Кейіпкерлердің рухани дәрежесіне, қоғамда алатын орнына, тартыстың сипатына байланысты сөздің алуан жарқылын орнымен пайдалану сәттері жазушы шеберлігін айқын танытады»[1.143]. Осылай сөздің қасиетіне түбірінен қарайтын және асыл сөздің қасиетін білетін стиль – көркем әдебиет стилі.
Сонымен қатар, автордың шығармашылық даралығы да кездеседі. Бұл әр туындыда көрініс табады. Себебі, автор бір оқиғаны өрбітіп отырып, өзінің қолданысындағы тілдік бірліктерді қолдануы әбден мүмкін. Олардың сөз саптауында ешкімде таптырмайтын, басқа авторлардан ерекшелеп тұратын басты қасиет болуы тиіс.
«Бұл арада әңгіме тек тілге қатысыты екенін баса айту қажет, өйткені жазушыға қойылатын бұл талап тақырып таңдау, оқиғаны бастап, дамытып, өрбіту сияқты тілден біршама алыстау көрінетін жайларға да байланысыты. Сонымен, жазушылардың қай-қайсысына қойылатын ең басты міндеттердің бірі – сөз саптау тұрғысынан өзгеге ұқсамайтын ерекшелігінің болуы. Әрине, жазушы қандай ұлы тұлға болғанымен, бір автордың тілі халық тілін жасай алмақ емес. Солай бола тұра, халық тілін байытуға классиктер ғана емес, жазушылықты мұрат еткен адамның қайсысы болса да үлес қосуға міндетті» [1.145] Бұл пікірден шығатын тұжырымдама – әр ақын, жазушы өз халық тілін байытуға міндетті. Себебі, бір автор халық тілін жасай алмаса, бір топ автор сол тілдің баюына бірден-бір септігін тигізеді.
...