Жасуша құрамындағы органикалық заттар және олардың атқаратын қызметі
Автор: Жанерке Зинелова • Апрель 14, 2018 • Реферат • 1,948 Слов (8 Страниц) • 8,927 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ. Дүтбаева атындағы Атырау Гуманитарлық колледжі
«Филология» бөлімі
Тақырыбы: Жасуша құрамындағы органикалық заттар және олардың атқаратын қызметі
Тексерген:Ахмет Алтыншаш Берікқызы
Орындаған:1(9)В тобының студенті
Зинелова Жанерке
2016-2017 оқу жылы
Жоспары:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
І.Жасушадағы органикалық заттар.
ІІ.Олардың атқаратын қызметі, құрылысы, қасиеттері, жасушадағы орны.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Жасуша – тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі, тірі организмдердің құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі,жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды цитология дейді. «Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук енгізген. Жасушаның диаметрі 0,1-0,25мкм-ден 155мм-ге дейін жетеді.
Жасуша құрамының 20-30%-ы органикалық заттар. Оларға биологиялық полимерлер – нәруыздар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, майлар мен бірқатар маңызды молекулалар – витаминдер, гормондар, пигменттер, органикалық қышқылдар, аминқышқылдары, нуклеотидтер, спирттер, т.б жатады. Әр түрлі организмдердің жасушаларында түрлі мөлшерде органикалық заттар болады. Өсімдіктердің жасушаларында көмірсулар көп болады да, жануарлар клеткаларында, керісінше, нәруыз көп мөлшерде (40-50%), ал көмірсулар аздау (2,0-3,5%) болады.
Кез келген жасушадағы органикалық заттардың атқаратын қызметі бір-біріне ұқсас келеді.
Нәруыздар. Кез келген жасушада нәруыз мөлшері жағынан да, маңызы жағынан да бірінші орында тұрады.
Нәруыз – жоғары молекулалы полимерлік қосылыс. Оның мономері – аминқышқылдары, жасушада 170-тен астам түрлі аминқышқылдары кездеседі,бірақ нәруыздардың құрамына 20 аминқышқылы кіреді. Әр түрлі организм жасушасындағы нәруыз молекулалары біркелкі емес, тіпті түрлі мүшелердегі нәруыздар да ерекше болып ажыратылады. Нәруыздардың бұл әртүрлілігі – бар болғаны 20 түрлі аминқышқылдарының жүздеген, кейде мыңдаған комбинациясының нәтижесі. Өсімдіктер өздеріне қажетті аминқышқылдарын жай заттардан синтездесе, жануарлар кейбір аминқышқылдарын дайын күйінде қабылдайды.
Аминқышқылдарының негізгі қасиеті – олардың екідайлығы немесе қышқылдық және сілтілік қасиет көрсетуі. Олардың екідайлы болуы барлық аминқышқылдарында карбоксил тобы ( -СООН) және амин тобы ( -NH2) болуына байланысты. Аминқышқылдарына карбоксил тобы қышқылдық қасиет берсе, амин тобы негіздік қасиет береді.
Аминқышқылының жалпы формуласы:
NH2[pic 1]
R С Н [pic 2][pic 3][pic 4]
CООН
Көптеген аминқышқылдарының қалдықтары бір-бірімен байланысқан тізбекті полипептид дейді. Тек аминқышқылдарынан тұратын нәруызды жай нәруыз деп те атайды. Ал күрделі нәруыздың құрамына аминқышқылдарынан басқа липидтер, көмірсутектер, темір, күкірт және магний иондары, т.б. кіреді. Мысалы, гемоглобин нәруызының құрамында темір иондары, жасуша мембранасында гликопротеин нәруызы болады.
Сонымен нәруыздар құрамында 50-ден бастап жүздеген аминқышқылының қалдықтары болады. әрбір нәруыздың құрамындағы аминқышқылы қалдықтарының өзіндік бірізді реттілігі болады. Осындай бірізділіктің әрқайсысы ДНҚ-ның ген деп аталатын бөлігімен анықталады. Организмдер арасындағы өзгешеліктер, ең алдымен, нәруыздар құрамындағы аминқышқылдарының санымен және әртүрлілігімен анықталады.
Нәруыздардың күрделілігіне қарай 4 реттік құрылымы болады: бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік және төртінші реттік құрылымдар.
...